Қызылорда облысы бойынша жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелерін бекіту туралы

Жаңа

Қызылорда облыстық мәслихатының 2019 жылғы 16 қазандағы № 359 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 17 қазанда № 6937 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының Су Кодексі" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Кодексінің 38-бабының 5) тармақшасына, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы кодексінің 569-бабына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 5-тармағына сәйкес Қызылорда облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қызылорда облысы бойынша жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      2. "Қызылорда облысы бойынша жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері туралы" Қызылорда облыстық мәслихатының 2015 жылғы 16 қыркүйектегі № 300 шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5192 нөмірімен тіркелген, облыстық "Сыр бойы" және Кызылординские вести" газеттерінде 2015 жылғы 31 қазандағы №164-165, "Әділет" ақпараттық құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 10 қарашада жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қызылорда облыстық мәслихатының
кезекті 37-сессиясының төрағасы
Т. Әлімқұлов
      Қызылорда облыстық
мәслихатының хатшысы
Қ. Бисенов

  Қызылорда облыстық мәслихатының 2019 жылғы "16" қазандағы № 359 шешiмiне қосымша

Қызылорда облысы бойынша жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері

Сырдария өзені және Арал теңізі бассейнінде арнаулы су пайдаланудың түрі

Өлшем бірлігі

Төлемақы мөлшерлемелері,
теңге

1

Тұрғын үй пайдалану және коммуналдық қызметтер

1000 текше метр

132,8

2

Өнеркәсіп, жылу энергетикасын қосқанда

1000 текше метр

376,0

3

Ауыл шаруашылығы

1000 текше метр

5,4

4

Су көздерінен су алатын тоғандық шаруашылықтар

1000 текше метр

104,2

5

Су энергетика

1000 киловатт сағат

-

6

Су көлігі

тонна шақырым

14,3


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады