Қызылорда облысында жерлеудің және зираттарды күтіп ұстау ісін ұйымдастырудың қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қызылорда облыстық мәслихатының 2019 жылғы 16 қазандағы № 365 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 17 қазанда № 6938 болып тіркелді.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 28тармағына сәйкес Қызылорда облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қоса беріліп отырған Қызылорда облысында жерлеудің және зираттарды күтіп ұстау ісін ұйымдастырудың қағидалары бекітілсін.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қызылорда облыстық мәслихатының
кезекті 37-сессиясының төрағасы
Т. Әлімқұлов
      Қызылорда облыстық
мәслихатының хатшысы
Қ. Бисенов

  Қызылорда облыстық мәслихатының 2019 жылғы "16" қазандағы № 365 шешiмiмен бекітілген

Қызылорда облысында жерлеудің және зираттарды күтіп ұстау ісін ұйымдастырудың қағидалары

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Қызылорда облыстық мәслихатының 15.04.2022 № 96 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қызылорда облысында жерлеудің және зираттарды күтіп ұстау ісін ұйымдастырудың қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 6 қазандағы № 90 бұйрығына өгерістер енгізу туралы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24678 болып тіркелген) өзгерістеріне сәйкес әзірленді.

      Зират қорымдарын күтіп-ұстауға және пайдалануға, қайтыс болған адамдарды немесе олардың сүйектерін жерлеуді және қайта жерлеуді ұйымдастыруға, сондай-ақ жерлеу мақсатындағы объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 19 тамыздағы № ҚР ДСМ-81 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24066 болып тіркелген) бекітілген "Зираттар мен жерлеу мақсатындағы объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларымен айқындалады.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) жерлеу - санитариялық, табиғатты қорғау, қала құрылысы және өзге де қағидалар мен нормаларға қайшы келмейтін, марқұмның тілегіне, діни сеніміне, әдет-ғұрыптарға және салт-дәстүрлерге сәйкес қайтыс болған адамның денесін (сүйегін, мүрдесін) жерге (қабірге, табытқа) жерлеу немесе сүйегі (күлі) бар урнаны қабірге, лақатқа жерлеу арқылы отқа жағу (кремациялау) бойынша әдет-ғұрып әрекеттері;

      2) зират - қайтыс болған адамдарды немесе олардың сүйектерін (мүрделерін) жерлеу орыны;

      3) зират қорымы - қайтыс болған адамдарды немесе олардың сүйектерін (мүрделерін) жерлеу үшін арнайы бөлінген аумақ;

      4) зират қорымының әкімшілігі - зират қорымын ұстау және пайдалану жөніндегі ұйымдастырушылық-өкімдік және әкімшілік-шаруашылық функцияларды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;

      5) азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі (бұдан әрі - тіркеуші орган) - азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын жергілікті атқарушы орган.

2-тарау. Жерлеудің және зираттарды күтіп ұстау ісін ұйымдастырудың тәртібі

      3. Жерлеу үшін орын бөлу тәртібі:

      Қызылорда қаласының, аудандардың әкімдіктері және аудандық маңызы бар қалалардың, кент, ауылдық округ әкімдерінің аппараттары зират қорымы орналасқан және оларға арналған ортақ пайдаланудағы жерден елдi мекеннiң қайтыс болған әрбiр тұрғынын немесе осы елдi мекенде қайтыс болған тұрғылықты жерi белгiсiз адамды жерлеу үшiн кемiнде алты шаршы метр жер учаскесiн тегiн бөледi.

      Зират қорымының аумағы қабірлерге арналған қатарларға бөлінетін және автомобиль көлігіне арналған өтпе жолдармен және қабір учаскелеріне өтетін жолдармен жайластырылатын учаскелерден тұрады.

      4. Қайтыс болғандарды жерлеу тәртібі:

      Жерлеу зират қорымының әкімшілігіне қайтыс болу фактісін тіркейтін органдар берген қайтыс болу туралы куәлік ұсынылғаннан кейін зират қорымының аумағында жүргізіледі.

      Әрбір жерлеу зират қорымы әкімшілігі жүргізетін есепке алу журналында келесідей мәліметтермен тіркеледіі:

      жерлеу жылын, айын, күнін;

      қабірдің нөмірін;

      қайтыс болған адамның тегін, атын, әкесінің атын (бар болған жағдайда);

      туған және қайтыс болған күнін;

      қайтыс болу себебін;

      қайтыс болу туралы куәліктің нөмірін, күнін және кім бергенін;

      марқұмның жақын туыстарының тегін, атын, әкесінің атын (бар болған жағдайда), жеке сәйкестендіру нөмірін (бар болған жағдайда), жеке басын куәландыратын құжаттың берілген күнін және нөмірін, мекенжайын, туыстары болмаған жағдайда, жерлеуді жүргізген адамның мекенжайын не жерлеуді жүргізген ұйымның атауын, бизнес-сәйкестендіру нөмірін, мекенжайын қамтитын кітапта тіркеледі.

      Жақын туыстарының, сондай-ақ жұбайының (зайыбының) жазбаша өтініші бойынша жергілікті атқарушы органға, қаладағы аудан әкімінің аппаратына қайтыс болған адаммен жақын туыстығын растайтын құжаттарды ұсынған кезде қайтыс болған адамды немесе оның сүйегін бұрын қайтыс болған жақын туысының жанында жерлеу көрсетілген жерлеу онында бос жер учаскесі немесе бұрын қайтыс болған жақын туысының зираты болған кезде қамтамасыз етіледі.

      Табылған қайтыс болғандар денелерін (қайтыс болғандар денелерінің жеке бөліктерін), суға кеткендерді, үйлерінен тыс жерлерде кенеттен қайтыс болғандарды, сот-медициналық зерттеуден кейін мәйітханада тұрғандарды жерлеу оны ұйымдастыруды өзіне ала алатын туыстары немесе адамдар мен мекемелер болмаған жағдайда қайтыс болу фактісі тіркелгеннен кейін Қызылорда қаласының, аудандардың әкімдіктері және аудандық маңызы бар қалалардың, кент, ауылдық округ әкімдерінің аппараттарына жүктеледі.

      Жерлеу туыссыз адамдарды жерлеуге арналған жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі .

      зират қорымын немесе оның учаскесін мерзімінен бұрын жою;

      сүйектерді республиканың басқа жерлеріне немесе одан тыс жерлерге қайта жерлеу үшін жекелеген зираттардан тасымалдау кезіндегі жағдайларды қоспағанда, сүйектерді жұмыс істеп тұрған және жабық қабір қорымдарында қайта жерлеуге рұқсат етілмейді.

      Эксгумация Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік заңнамасында көзделген тәртіппен жүргізіледі.

      5. Қабірлерді жобалау және салу:

      қабірлердің учаскелері арасындағы қашықтық ұзын жақтары бойынша кемінде 1 метрді, ал қысқа жақтары бойынша кемінде 0,5 метрді құрайды;

      қабірдің тереңдігі топырақтың сипатына және топырақ асты суларының деңгейіне байланысты белгіленеді және жер бетінен табыттың қақпағына (бар болған жағдайда) дейін кемінде 1,5 метрді құрайды. Барлық жағдайларда қабірге арналған белгі жер асты суларының деңгейінен 0,5 метрге жоғары болады;

      аса қауіпті инфекциялардан қайтыс болғандар үшін қабірдің тереңдігі 2 метр деңгейінде белгіленеді, бұл ретте түбіне кемінде 10 сантиметр қабатпен хлорлы әк салынады;

      әрбір қабірдің жер бетінен 0,5 метрге биік үймесі (бұдан әрі - қабір үсті төмпешігі) болады. Қабір үсті төмпешігі қабірді атмосфера суларынан қорғау үшін оның шеттерін жауып тұруы тиіс.

      6. Жерлеу орындарын абаттандыру және оларды күтіп ұстау:

      Жерлеуге бөлінген учаске шекарасында рұқсат етіледі:

      табиғи тастан немесе бетоннан жасалған қабір үсті ескерткіштері мен құрылыстар, гүлзарлар мен орындықтар орнатуға;

      қабір басында гүл, кейіннен қырқылып отырылатын сәндік бұтадан қоршау отырғызуға рұқсат етіледі.

      Зираттарды одан әрі күтіп ұстауды жақын туыстары тиісті тәртіппен қамтамасыз етеді.

      Ескерткіштер мен құрылыстарды орналастыруға, үстелдерді, орындықтарды және құрылыстарды жерлеу учаскесінен тыс жерлерде орнатуға жол берілмейді.

      Зират қорымдарын (өтпе жолдарды, соқпақтарды, гүлбақтарды, көгалдарды, кәріздік, электрлік және су құбыры желілерін және құрылыстар) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті тәртіппен Қызылорда қаласының, аудандардың әкімдіктері және аудандық маңызы бар қалалардың, кент, ауылдық округ әкімдерінің аппараттары күтіп ұстайды.

      7. Қызылорда қаласының, аудандардың әкімдіктері және аудандық маңызы бар қалалардың, кент, ауылдық округ әкімдерінің аппараттары мен зират қорымының әкімшілігі арасында зират қоырмдарын күтіп-ұстауға және оларға қызмет көрсетуге шарт жасасу мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкес өткізілетін конкурстың қорытындысы бойынша уақтылы жүзеге асырылады.

      8. Зират қорымының әкімшілігі мыналарды:

      1) азаматтарға жерлеу қызметтерін көрсету тәртібі туралы, оның ішінде зират қорымы аумағындағы стендтерде ақпарат орналастыра отырып, толық ақпарат беруді;

      2) қайтыс болған адамдарды немесе олардың сүйектерін жерлеу үшін зираттарды уақтылы дайындауды;

      3) жерлеу үшін әрбір жер учаскесін бөліп берудің белгіленген нормасын және зираттарды дайындау қағидаларын сақтауды;

      4) ғимараттарды, инженерлік жабдықтарды, зират қорымының аумағын, қоршауды, жарықтандыруды жарамды күйде ұстауды;

      5) жалпыға ортақ пайдаланылатын жолдарды және шаруашылық мақсаттағы басқа да учаскелерді жүйелі түрде жинауды, сумен жабдықтау желілеріне қызмет көрсетуді, зираттың бүкіл аумағындағы жасыл екпелерді күтіп-ұстауды, жолдарды ағымдағы жөндеуді және қоқысты уақтылы шығаруды қоса алғанда, зираттарды күтіп-ұстау жөніндегі жұмыстардың ұйымдастырылуын бақылауды;

      6) азаматтарға жерлеу орнын күтіп-бағу үшін мүкәммалды жалға беруді;

      7) жерлеу қызметтерінің өзге де субъектілеріне тең қолжетімділікті ұсынуды қамтамасыз етеді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады