"Жерлеудің және зираттарды күтіп ұстау ісін ұйымдастырудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 31 мамырдағы № 48 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2021 жылғы 6 қазандағы № 90 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 8 қазанда № 24678 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Жерлеудің және зираттарды күтіп ұстау ісін ұйымдастырудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 31 мамырдағы № 48 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18771 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 1-тармағының 1-16) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жерлеудің және зираттарды күтіп ұстау ісін ұйымдастырудың үлгілік қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. Өңірлік даму департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі
А. Иргалиев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ауыл шаруашылығы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ақпарат және қоғамдық даму

      министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Денсаулық сақтау министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Индустрия және инфрақұрылымдық

      даму министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Мәдениет және спорт

      министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ішкі істер министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2021 жылғы 6 қазандағы
№ 90 бұйрығына
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2019 жылғы 31 мамырдағы
№ 48 бұйрығымен
бекітілген

Жерлеудің және зираттарды күтіп ұстау ісін ұйымдастырудың үлгілік қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Жерлеудің және зираттарды күтіп ұстау ісін ұйымдастырудың үлгілік қағидалары (бұдан әрі – Үлгілік қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 1-тармағының 1-16) тармақшасына сәйкес әзірленді және жерлеудің және зираттарды күтіп-ұстау ісін ұйымдастырудың тәртібін айқындайды.

      Зират қорымдарын күтіп-ұстауға және пайдалануға, қайтыс болған адамдарды немесе олардың сүйектерін жерлеуді және қайта жерлеуді ұйымдастыруға, сондай-ақ жерлеу мақсатындағы объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 19 тамыздағы № ҚР ДСМ-81 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24066 болып тіркелген) бекітілген "Зираттар мен жерлеу мақсатындағы объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларымен айқындалады.

      2. Осы Үлгілік қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) жерлеу – санитариялық, табиғатты қорғау, қала құрылысы және өзге де қағидалар мен нормаларға қайшы келмейтін, марқұмның тілегіне, діни сеніміне, әдет-ғұрыптарға және салт-дәстүрлерге сәйкес қайтыс болған адамның денесін (сүйегін) жерге (қабірге, лақатқа) жерлеу немесе сүйегі (күлі) бар урнаны қабірге, лақатқа жерлеу арқылы отқа жағу (кремациялау) бойынша әдет-ғұрып әрекеттері;

      2) зират – қайтыс болған адамды немесе оның сүйегін (мүрдесін) жерлеу орыны;

      3) зират қорымы – қайтыс болған адамдарды немесе олардың сүйектерін (мүрделерін) жерлеу үшін арнайы бөлінген аумақ;

      4) зират қорымының әкімшілігі – зират қорымын ұстау және пайдалану жөніндегі ұйымдастырушылық-өкімдік және әкімшілік-шаруашылық функцияларды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;

      5) азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі (бұдан әрі – тіркеуші орган) – азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын жергілікті атқарушы орган.

2-тарау. Жерлеудің және зираттарды күтіп-ұстау ісін ұйымдастырудың тәртібі

      3. Жерлеудің және зираттарды күтіп-ұстау ісін ұйымдастырудың қағидаларын (бұдан әрі – Аумақтық қағидалар) осы Үлгілік қағидаларға сәйкес облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімдіктері әзірлейді.

      4. Аумақтық қағидаларды әзірлеу кезінде елді мекендер аумағының, олардың құрылысының ерекшеліктері, сондай-ақ зираттарды күтіп-ұстау ісін ұйымдастыру, тарихи-мәдени мұра, діни мақсаттағы объектілер және табиғи ландшафты сақтау қажеттігі ескеріледі.

      5. Аумақтық қағидалардың құрылымы:

      1) жерлеу үшін орын бөлу тәртібін;

      2) қайтыс болған адамдарды немесе олардың сүйектерін жерлеу тәртібі;

      3) зираттарды жобалау және салу тәртібін;

      4) жерлеу орындарын абаттандыруды ұйымдастыру және оларды күтіп-ұстау тәртібін;

      5) зиратқа арналған жер учаскелерін есепке алу және тіркеу тәртібін;

      6) зират қорымдарын күтіп-ұстауға және оларға қызмет көрсетуге шарт жасасу және оның талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асыру тәртібін қамтиды.

      6. Жергілікті атқарушы органдар зират қорымы орналасқан және оларға арналған ортақ пайдаланудағы жерден елді мекеннің қайтыс болған әрбір тұрғынын немесе осы елді мекенде қайтыс болған тұрғылықты жері белгісіз адамды жерлеу үшін кемінде алты шаршы метр жер учаскесін тегін бөледі.

      Зират қорымының аумағы қабірлерге арналған қатарларға бөлінетін және автомобиль көлігіне арналған өтпе жолдармен және зират учаскелеріне өтетін жолдармен жайластырылатын учаскелерден тұрады.

      Республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандық (облыстық) маңызы бар қаланың әкімдігі зиратқа арналған жер учаскелерін есепке алу деректерін (мәліметтерін) жинақтауды және тіркеуді ұйымдастырады, сондай-ақ жерлеу жөніндегі істі ұйымдастыру туралы шарт талаптарының сақталуына бақылауды жүзеге асырады.

      Облыстық маңызы бар қаланың, қаладағы ауданның, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімі зиратқа арналған жер учаскелерін есепке алу журналдарының негізінде есепке алуды және тіркеуді жүргізеді.

      Республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімдігі жергілікті атқарушы органның ресми интернет-ресурсында зират қорымының бос емес және бос учаскелері бойынша өзекті ақпаратты орналастырады.

      7. Жерлеу Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы№ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) № 045/е нысаны бойынша қайтыс болуды тіркеуді жүзеге асыратын тіркеуші орган берген қайтыс болу туралы куәлікті және (немесе) қайтыс болу туралы медициналық куәлікті зират қорымының әкімшілігіне ұсынғаннан кейін зират қорымының аумағында жүргізіледі.

      8. Жерлеу зират қорымы әкімшілігі жүргізетін есепке алу журналында тіркеледі.

      9. Есепке алу журналында мынадай мәліметтер:

      жерлеу жылы, айы, күні;

      қабірдің нөмірі;

      қайтыс болған адамның аты, әкесінің аты (болған жағдайда), тегі;

      туған және қайтыс болған күні;

      қайтыс болуының себебі;

      қайтыс болуы туралы куәліктің нөмірі, күні және оны кімнің бергені;

      марқұмның аты, әкесінің аты (болған жағдайда), тегі,жеке сәйкестендіру нөмірі (болған жағдайда), жеке басын куәландыратын құжаттың берілген күні және нөмірі, жақын туыстарының мекенжайы, туыстары болмаған жағдайда, жерлеуді жүргізген адамның мекенжайы не жерлеуді жүргізген ұйымның атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, мекенжайы қамтылады.

      10. Жақын туыстарының, сондай-ақ жұбайының (зайыбының) жазбаша өтініші бойынша жергілікті атқарушы органға, қаладағы аудан әкімінің аппаратына қайтыс болған адаммен жақын туыстығын растайтын құжаттарды ұсынған кезде қайтыс болған адамды немесе оның сүйегін бұрын қайтыс болған жақын туысының жанында жерлеу көрсетілген жерлеу орнында бос жер учаскесі немесе бұрын қайтыс болған жақын туысының зираты болған кезде қамтамасыз етіледі.

      11. Сот-медициналық зерттеуден кейін мәйітханада жүрген қайтыс болған адамдардың табылған мәйіттерін немесе олардың сүйектерін, суға кеткендерді, үйден тыс жерде кенеттен қайтыс болғандарды жерлеу жерлеу рәсімін ұйымдастыруды өзіне алуы мүмкін туыстары немесе адамдар мен мекемелер болмаған кезде қайтыс болу фактісі тіркелгеннен кейін жергілікті атқарушы органдарға жүктеледі.

      12. Туыссыз адамдарды жерлеу бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.

      13. Мына жағдайлардан басқа жағдайда, жұмыс істеп тұрған және жабық зират қорымдарында сүйектерді қайта жерлеуге жол берілмейді:

      зират қорымын немесе оның учаскесін мерзімінен бұрын жою;

      сүйектерді (мүрделерді) Қазақстан Республикасының басқа жерлеріне немесе одан тыс жерлерге қайта жерлеу үшін жекелеген зираттардан тасымалдау кезіндегі жағдайларды қоспағанда, сүйектерді (мүрделерді) жұмыс істеп тұрған және жабық зират қорымдарында қайта жерлеуге рұқсат етілмейді.

      14. Қабірлерді жобалау және салу:

      қабірлердің учаскелері арасындағы қашықтық ұзын жақтары бойынша кемінде 1 метрді, ал қысқа жақтары бойынша кемінде 0,5 метрді құрайды;

      қабірдің тереңдігі топырақтың сипатына және топырақ асты суларының деңгейіне байланысты белгіленеді және жер бетінен табыттың қақпағына (бар болған жағдайда) дейін кемінде 1,5 метрді құрайды. Барлық жағдайларда қабірге арналған белгі жер асты суларының деңгейінен 0,5 метрге жоғары болады;

      аса қауіпті инфекциялардан қайтыс болғандар үшін қабірдің тереңдігі 2 метр деңгейінде белгіленеді, бұл ретте түбіне кемінде 10 сантиметр қабатпен хлорлы әк салынады;

      әрбір қабірдің жер бетінен 0,5 метрге биік үймесі (бұдан әрі – қабір үсті төмпешігі) болады. Қабір үсті төмпешігі қабірді атмосфера суларынан қорғау үшін оның шеттерін жауып тұруы тиіс.

      15. Жерлеу орындарын абаттандыру және оларды күтіп-ұстау:

      Жерлеуге бөлінген учаскенің шекарасында:

      табиғи тастан немесе бетоннан жасалған қабір үсті ескерткіштер мен құрылыстар, гүлзарлар мен орындықтар орнатуға;

      қабір басында гүл, кейіннен қырқылып отырылатын сәндік бұтадан қоршау отырғызуғажол беріледі.

      Зираттарды одан әрі күтіп-ұстауды жақын туысы тиісті тәртіппен қамтамасыз етеді.

      Ескерткіштер мен құрылыстарды орналастыруға, үстелдерді, орындықтарды және құрылыстарды жерлеу учаскесінен тыс жерлерде орналастыруға жол берілмейді.

      Зират қорымдарын (өтпе жолдар, соқпақтар, гүлбақтар, көгалдар, кәріздік, электрлік және су құбыры желілері және құрылыстар) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті тәртіппен жергілікті атқарушы органдар күтіп ұстайды.

      16. Республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы мен зират қорымының әкімшілігі арасында зират қоырмдарын күтіп-ұстауға және оларға қызмет көрсетуге шарт жасасу мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкес өткізілетін конкурстың қорытындысы бойынша уақтылы жүзеге асырылады.

      17. Зират қорымының әкімшілігі мыналарды:

      1) азаматтарға жерлеу қызметтерін көрсету тәртібі туралы, оның ішінде зират қорымы аумағындағы стендтерде ақпарат орналастыра отырып, толық ақпарат беруді;

      2) қайтыс болған адамдарды немесе олардың сүйектерін жерлеу үшін зираттарды уақтылы дайындауды;

      3) жерлеу үшін әрбір жер учаскесін бөліп берудің белгіленген нормасын және зираттарды дайындау қағидаларын сақтауды;

      4) ғимараттарды, инженерлік жабдықтарды, зират қорымының аумағын, қоршауды, жарықтандыруды жарамды күйде ұстауды;

      5) жалпыға ортақ пайдаланылатын жолдарды және шаруашылық мақсаттағы басқа да учаскелерді жүйелі түрде жинауды, сумен жабдықтау желілеріне қызмет көрсетуді, зираттың бүкіл аумағындағы жасыл екпелерді күтіп-ұстауды, жолдарды ағымдағы жөндеуді және қоқысты уақтылы шығаруды қоса алғанда, зираттарды күтіп-ұстау жөніндегі жұмыстардың ұйымдастырылуын бақылауды;

      6) азаматтарға жерлеу орнын күтіп-бағу үшін мүкәммалды жалға беруді;

      7) жерлеу қызметтерінің өзге де субъектілеріне тең қолжетімділікті ұсынуды қамтамасыз етеді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады