Қызылорда қаласы аумағында тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелерін белгілеу туралы

Күшін жойған

Қызылорда қалалық мәслихатының 2019 жылғы 19 маусымдағы № 240-43/5 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 21 маусымда № 6830 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда қалалық мәслихатының 2020 жылғы 4 мамырдағы № 330-59/13 шешімімен

      Ескерту. Қызылорда қалалық мәслихатының 04.05.2020 № 330-59/13 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексінің (Салық кодексі) 546-бабының 3тармағына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағының 15тармақшасына сәйкес, Қызылорда қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қызылорда қаласы аумағында қызметін жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелері қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      2. "Бірыңғай тіркелген салық мөлшерлемелерін белгілеу туралы" Қызылорда қалалық мәслихатының 2015 жылғы 16 сәуірдегі № 42/3 шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №4985 болып тіркелген, 2015 жылғы 27 мамырда "Ақмешім ақшамы", "Кызылорда таймс" газеттерінде, 2015 жылы 4 маусымда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қызылорда қалалық мәслихатының
кезекті ХХХХІІІ сессиясының төрағасы
Ж. ЖАРАСБАЕВ
      Қызылорда қалалық
мәслихатының хатшысы
Р. БУХАНОВА
     
      "КЕЛІСІЛДІ"
"Қызылорда облысы бойынша
Мемлекеттік кірістер департаментінің
Қызылорда қаласы бойынша
Мемлекеттік кірістер басқармасы"
республикалық мемлекеттік
мекемесімен

  Қызылорда қалалық мәслихатының 2019 жылғы 19 маусымдағы №240-43/5 шешіміне қосымша

Қызылорда қаласы аумағында қызметін жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін бірыңғай тіркелген салық мөлшерлемелері

Салық салу объектісінің атауы

Тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелері (айлық есептік көрсеткіштермен)

1

2

3

1

Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы

3

2

Біреуден көп ойыншының қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы

5

3

Ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютер

2

4

Ойын жолы

13

5

Карт

2

6

Бильярд үстелі

10

7

Уәкілетті ұйымның Қызылорда қаласы аумағында орналасқан айырбастау пункті

25


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады