Қызылорда қаласында салық салу объектісінің елді мекендерінде орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттерін бекіту туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Қызылорда қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 28 қарашадағы № 14652 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 28 қарашада № 6996 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қызылорда қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 1 шілдедегі № 15661 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қызылорда қаласы әкімдігінің 01.07.2020 № 15661 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Кодексінің 529-бабының 6-тармағына сәйкес Қызылорда қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қызылорда қаласында салық салу объектісінің елді мекендерінде орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттерi осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қызылорда қаласы әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімінің міндетін атқарушы Б. Нуридинов

  Қызылорда қаласы әкімдігінің
  2019 жылғы "28" қарашадағы
  № 14652 қаулысына қосымша

Қызылорда қаласында салық салу объектісінің елді мекендерінде орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттерi

Салық салу объектісінің орналасқан жері

Аймаққа бөлу коэффициенті

1

Тәуелсіздік даңғылы және Әбілхайыр Хан көшесі қиылысынан басталады, одан әрі Тәуелсіздік даңғылы бойымен Су торабына дейін, әрі қарай Қызылжарма каналының бойымен Сұлтан Бейбарыс көшесіне дейін, одан әрі темір жол бойынан Қожа Ахмет Яссауи көшесіне дейін, Қожа Ахмет Яссауи көшесінен Қорқыт ата көшесіне дейін, темір жол бойымен Қуантқан Махамбетов көшесіне дейін.

1,75

2

Марал Ишан көшесінен басталып, темір жол бойына дейін, әрі қарай темір жол бойымен Сұлтан Бейбарыс көшесі қиылысына дейін, Саяхат шағын ауданы Қызылжарма каналы бойымен, одан әрі Самал көшесі бойынан Қызылжарма ауылдық округі шекарсымен Хон Бен До көшесіне дейін, Сырдария өзенінің сол жақ жағалауы.

1,74

3

Су торабынан басталып, Тәуелсіздік даңғылының бойымен Ягодка бағбандық серіктестігіне дейін, одан әрі Марал Ишан көшесі бойынан Су торабына дейін, Көшеней Рүстембеков көшесінен Ягодка бағбандық серіктестігіне дейін, Хон Бен До көшесінен темір жол бойына дейін, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы мен Сұлтан Бейбарыс көшесі қиылысынан басталып, темір жолға дейін, одан әрі темір жолдан Саяхат-35 көшесі мен Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы қиылысына дейін, Сабалақ бағбандық серіктестігі.

1,58

4

Самал көшесінен басталып, Бәйтерек шағын ауданына дейін және Жезқазған трассасынан Рақым Алшынбаев көшесіне дейін, Әбу Насыр Әл-Фараби көшесінен Самал көшесіне дейін, Ягодка бағбандық серіктестігі, Бәйтерек шағын ауданы.

1,50

5

Тасбөгет кенті, Белкөл кенті, Ақжарма ауылдық округі, Ақсуат ауылдық округі, Талсуат ауылдық округі, Қарауылтөбе ауылдық округі, Қосшыңырау ауылдық округі, Қызылжарма ауылдық округі, Қызылөзек ауылдық округі.

1,25


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады