Жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтiк мөлшерлемелер белгiлеу туралы

Жаңартылған

Қызылорда облысы Қармақшы аудандық мәслихатының 2019 жылғы 3 желтоқсандағы № 272 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 4 желтоқсанда № 7002 болып тіркелді.

      "Қазақстан Республикасының Еңбек кодексi" Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Кодексiнің 139-бабының 9-тармағына, "Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шiлдедегi Заңының 18-бабының 4-тармағына сәйкес Қармақшы аудандық мәслихаты ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қармақшы ауданының азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық елді мекендерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт саласындағы мамандарға, сондай-ақ жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік ұйымдарда жұмыс істейтін аталған мамандарға қызметтiң осы түрлерiмен қалалық жағдайда айналысатын мамандардың мөлшерлемелерімен салыстырғанда жиырма бес пайызға жоғарылатылған айлықақылар мен тарифтiк мөлшерлемелер белгіленсін.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгерістер енгізілді - Қызылорда облысы Қармақшы аудандық мәслихатының 03.09.2020 № 363; 23.02.2022 № 134 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) шешімдерімен.

      2. "Жоғарылатылған лауазымдық айықақылар мен тарифтік ставкалар белгілеу туралы" Қармақшы ауданы мәслихатының 2014 жылғы 28 сәуірдегі № 175 шешiмiнiң (нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу Тiзiлiмiнде 4693 нөмiрiмен тiркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 11 маусымда және аудандық "Қармақшы таңы" газетiнiң 2014 жылғы 25 маусымда жарияланған) күшi жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешiм алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қармақшы аудандық мәслихатының
кезектен тыс 43-сессиясының төрағасы
А.Қаржаубаев
      Қармақшы аудандық
мәслихатының хатшысы
М.Наятұлы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады