Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы кодексінің (Салық кодексі)" 587-бабының 1-тармағына сәйкес Маңғыстау облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫҚ:
1. Осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес Маңғыстау облысы бойынша мемлекеттік орман қорынын учаскелерінде жанама орман пайдалану үшін төлемақы мөлшерлемелері белгіленсін.
2. Осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес Маңғыстау облысы бойынша мемлекеттік орман қоры учаскелерін аңшылық шаруашылығының мұқтаждықтары, ғылыми-зерттеу, сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристік және спорттық мақсаттарда пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері белгіленсін.
3. Маңғыстау облыстық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі (аппарат басшысы Ә.Қ. Дауылбаев) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Маңғыстау облыстық мәслихатының интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Ескерту. 3 тармақ жаңа редакцияда - Маңғыстау облыстық мәслихатының 31.03.2021 № 2/20 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.4. Осы шешімнің орындалуын бақылау Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Р.К. Сәкеевке жүктелсін.
5. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Ш. Құлшықов |
Маңғыстау облыстық мәслихаты | |
хатшысының өкілеттігін | |
уақытша жүзеге асырушы | А. Қуанов |
Маңғыстау облыстық мәслихатының | |
2019 жылғы 30 мамырдағы | |
№ 27/327 шешіміне | |
1-қосымша |
Маңғыстау облысы бойынша мемлекеттiк орман қорының учаскелерiнде жанама орман пайдалану үшін төлемақы мөлшерлемелері
Ескерту. 1-қосымшаға орыс тілінде өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді- Маңғыстау облыстық мәслихатының 31.03.2021 № 2/20 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
№ | Жанама орман пайдалану түрлері | Өлшем бірлігі | Төлемақы мөлшерлемелері (теңге) |
---|---|---|---|
Шабындық жерлер, соның ішінде шабындық жерлердің сапалық жай-күйінің топтары бойынша: | |||
1. | жақсы | гектар | 327,18 |
2. | қанағаттанарлық | гектар | 245,38 |
3. | қанағаттанғысыз | гектар | 190,85 |
Мал жаю, соның ішінде ауыл шаруашылығы жануарларының бір басын жаю топтары бойынша: | |||
1. | түйе | бас | 190,85 |
2. | ірі қара мүйізді, жылқы | бас | 152,68 |
3. | ірі қара төлі, есек | бас | 76,34 |
4. | ешкі | бас | 133,59 |
5. | қой | бас | 38,17 |
Маңғыстау облыстық мәслихатының | |
2019 жылғы 30 мамырдағы | |
№ 27/327 шешіміне | |
2-қосымша |
Маңғыстау облысы бойынша мемлекеттік орман қоры учаскелерін аңшылық шаруашылығының мұқтаждықтары, ғылыми-зерттеу, сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристік және спорттық мақсаттарда пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері
Ескерту. 2-қосымшаға өзгеріс енгізілді - Маңғыстау облысы мәслихатының 24.08.2022 № 13/159 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
№ | Пайдалану түрі, соның ішінде мерзімі бойынша | Өлшем бірлігі | Төлемақы мөлшерлемелері |
---|---|---|---|
Ұзақ мерзімді орман пайдалану (10 жылдан 49 жылға дейін) | |||
1. | Мемлекеттік орман қоры учаскелерін рекреациялық, туристік және тарихи-мәдени, спорттық мақсаттарында пайдалану | гектар | 552,01 (теңге) |
2. | Мемлекеттік орман қоры учаскелерін ғылыми-зерттеу және сауықтыру мақсаттарында пайдалану | гектар | 136,32 (теңге) |
3. | Мемлекеттік орман қоры учаскелерін аңшылық шаруашылығының мұқтаждықтары үшін пайдалану | гектар | Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы кодексінің (Салық кодексі)" 508-бабының 2-тармағына сәйкес |
Қысқа мерзімді орман пайдалану (1 жылдан 10 жылға дейін) | |||
4. | Мемлекеттік орман қоры учаскелерін ғылыми-зерттеу, тарихи-мәдени, сауықтыру, рекреациялық, туристік және спорттық мақсаттарында пайдалану | әрбір күн үшін | 0,1 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) |