Бейнеу ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 27 ақпандағы № 54 "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы" қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 15 шілдедегі № 135 қаулысы. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2019 жылғы 17 шілдеде № 3951 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы" Заңына сәйкес, Бейнеу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы" Бейнеу ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 27 ақпандағы № 54 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3831 болып тіркелген, 2019 жылғы 7 наурызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) келесідей өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

      келесідей мазмұндағы реттік нөмірі 14 жолмен толықтырылсын:

      "

14.

"Амина" жеке меншік балабақшасы

60

30150

3-тен 7 жасқа дейін - 9464

      ";

      "


Барлығы

2038

х

х

      "

      деген жол жаңа редакцияда жазылсын:

      "


Барлығы

2098

х

х

      ".

      2. "Бейнеу аудандық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Б. Демократұлы) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкі мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын, Бейнеу ауданы әкімдігінің интернет - ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ү. Әмірхановаға жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Бейнеу ауданының әкімі Б. Әбілов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады