Мұнайлы аудандық мәслихатының 2015 жылғы 21 тамыздағы № 36/383 "Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес Мұнайлы ауданында пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Маңғыстау облысы Мұнайлы аудандық мәслихатының 2019 жылғы 7 маусымдағы № 42/410 шешімі. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2019 жылғы 18 маусымда № 3931 болып тіркелді. Күші жойылды-Маңғыстау облысы Мұнайлы аудандық мәслихатының 2021 жылғы 16 сәуірдегі № 3/20 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Мұнайлы аудандық мәслихатының 16.04.2021 № 3/20 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексіне және Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңына сәйкес, Мұнайлы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫҚ:

      1. "Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес Мұнайлы ауданында пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" Мұнайлы аудандық мәслихатының 2015 жылғы 21 тамыздағы №36/383 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №2834 болып тіркелген, 2015 жылғы 5 қазанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) келесідей өзгеріс енгізілсін:

      кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексінің 509 бабының 5 тармағына, 704 бабының 3 тармағына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына сәйкес, Мұнайлы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫҚ:".

      2. "Мұнайлы аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі (аппарат басшысы А. Жанбуршина) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкі мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Мұнайлы аудандық мәслихатының әлеуметтік мәселелер жөніндегі, заңдылық, құқық тәртібі, депутаттар өкілеттілігі және әдеп жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін (комиссия төрағасы Г. Конысбаева).

      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрайымы Г. Конысбаева
      Мұнайлы аудандық мәслихатының хатшысы Б. Назар

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады