"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 576-бабына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 5-тармағына сәйкес Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қостанай облыстық мәслихатының "Қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы мөлшерлемелері туралы" 2018 жылғы 2 наурыздағы № 245 шешіміне (2018 жылғы 5 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7622 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақ алынып тасталсын;
2-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"2. Салық кодексінің 576-бабымен белгіленген Қостанай облысы бойынша қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы мөлшерлемелері көрсетілген баптың 3-тармағында белгіленген мөлшерлемелерді қоспағанда, екі есеге көтерілсін.".
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессияның төрағасы | О. Даниленко |
Қостанай облыстық мәслихатының хатшысы | С. Ещанов |