"Қазақтелеком" акционерлік қоғамына қауымдық сервитут белгілеу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Арқалық қаласы Аңғар ауылы әкімінің 2019 жылғы 27 маусымдағы № 3 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 28 маусымда № 8559 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Арқалық қаласы Аңғар ауылы әкімінің 2021 жылғы 26 қарашадағы № 4 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Арқалық қаласы Аңғар ауылы әкімінің 26.11.2021 № 4 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 19, 69-баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына сәйкес, Арқалық қаласы Аңғар ауылының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Қазақтелеком" акционерлік қоғамына талшықты-оптикалық байланыс желісін жүргізу мен пайдалану мақсатында Арқалық қаласы Аңғар ауылының аумағында жалпы алаңы 3,3838 гектар жер учаскелерін пайдалану үшін қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. "Арқалық қаласы Аңғар ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімді аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешім мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электронды түрдегі көшірмесін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      3) осы шешімді оны ресми жариялағанынан кейін Арқалық қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Арқалық қаласы
Аңғар ауылының әкімі
М. Жарасбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады