Қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Федоров ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 30 мамырдағы № 124 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 3 маусымда № 8498 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 17, 67-баптарына, 69-бабының 4-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес, Федоров ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "SilkNetCom" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгiне талшықты-оптикалық байланыс желісін жүргізу мен пайдалану мақсатында Қостанай облысы Федоров ауданы Пешков ауылдық округінің аумағында орналасқан, жалпы алаңы 3,2140 гектар жер учаскесіне қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. "Федоров ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңңамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      3) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Федоров ауданы әкімдігінің интернет – ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Аудан әкімдігінің осы қаулысы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады