Шектеулі пайдалану (қауымдық сервитут) құқығын белгілеу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Федоров ауданы Пешков ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 25 ақпандағы № 12 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 28 ақпанда № 8279 болып тіркелді

      2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің 19-бабының 1-тармағының 1-1) тармақшасына, 69-бабының 4-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына сәйкес, Федоров ауданының Пешков ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Қостанай облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесіне Қостанай облысы, Федоров ауданы, Пешков ауылдық округі, Пешков ауылы, Чкалов көшесі мекенжайында орналасқан жалпы алаңы 0,5257 гектар жер учаскесіне "Пешков ауылында газ тарату желілерін салу" жобасы бойынша газ тарату желілерін жүргізу мен пайдалану үшін шектеулі пайдалану (қауымдық сервитут) құқығы белгіленсін.

      2. "Федоров ауданының Пешков ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімді аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы шешім мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қазақ және орыс тілдерінде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді;

      3) осы шешімді оны ресми жариялағаннан кейін Федоров ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Пешков ауылдық округінің әкімі Ә. Ержанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады