Жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы

Жаңа

Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімінің 2019 жылғы 24 мамырдағы № 5 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 27 мамырда № 6388 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі "Азаматтық қорғау туралы" Заңының 48-бабына және 50-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" № 756 қаулысына сәйкес, Екібастұз қаласының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Кәріздік коллекторда орын алған апатқа байланысты Екібастұз қаласында жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.

      2. Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары Х. А. Хабылбеков төтенше жағдайды жоюдың басшысы болып тағайындалсын және осы шешімнен туындайтын тиісті іс-шараларды жүргізу тапсырылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары Х. А. Хабылбековке жүктелсін.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Екібастұз қаласының әкімі Н. Ашимбетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады