Шектеу іс-шараларын тоқтату және Ертіс ауданы Голубовка ауылы әкімінің 2019 жылғы 7 қазандағы "Ертіс ауданы Голубовка ауылының аймағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" № 1-19-1 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Павлодар облысы Ертіс ауданы Голубовка ауылы әкімінің 2019 жылғы 3 желтоқсандағы № 1-19-2 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 12 желтоқсанда № 6663 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабы 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Ертіс ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2019 жылғы 1 қарашадағы № 2-19/560 ұсынысы негізінде, Голубовка ауылының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ертіс ауданы Голубовка ауылының аймағында ірі қара малдың инфекциялық ринотрахеит ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық-санитарлық іс-шаралардың жүргізілуіне байланысты, белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. Ертіс ауданы Голубовка ауылы әкімінің 2019 жылғы 7 қазандағы "Ертіс ауданы Голубовка ауылының аймағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" № 1-19-1 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6568 болып тіркелген, 2019 жылғы 15 қазанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Голубовка ауылының әкімі Ж. Каламов
      "КЕЛІСІЛДІ"
      "Қазақстан Республикасы
      Ауыл шаруашылығы министрлігі
      Ветеринариялық бақылау және қадағалау
      комитетінің Ертіс аудандық
      аумақтық инспекциясы"
      мемлекеттік мекемесінің басшысы Е. Каримжанов
      2019 жылғы "29" қараша

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады