Тереңкөл ауданы Байқоныс ауылдық округі Қызылтаң ауылының аумағында қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Павлодар облысы Тереңкөл ауданы Байқоңыс ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 19 тамыздағы № 6 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 23 тамызда № 6513 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 19-бабы 1-1) тармақшасына, 69-бабының 4-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 1-тармағы 6) тармақшасына сәйкес Байқоныс ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Тереңкөл ауданы Байқоныс ауылдық округі Қызылтаң ауылының аумағында жер пайдаланушылардан жер учаскелері алынбай қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ауылдык округінің әкімі Д. Молдагельдинов

  Байқоныс ауылдық округі
әкімінің 2019 жылғы "19"
тамыздағы № 6 шешіміне
қосымша

Р/с №

Пайдаланушы

Ауданы, шақырым

Нысаналы мақсаты

Пайдалану мерзімі (жыл)

Жер телімінің орналасқан жері

1

"Байқоныс ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

10335,7

Су құбырын және су құрылғыларының құрылысын салу үшін

2

Байқоныс ауылдық округі, Қызылтаң ауылы


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады