Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласы мәслихатының 30.04.2021 № 32 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексі (Салық Кодексі) 546-бабының 3-тармағына сәйкес, Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Алматы қаласы бойынша тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелері осы шешімнің қосымшасына сәйкес белгіленсін.
2. IV сайланған Алматы қаласы мәслихатының XXХXVIII сессиясының "Алматы қаласы бойынша тіркелген салық ставкаларын бекіту туралы" 2011 жылғы 20 қазандағы № 476 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 905 болып тіркелген, 2011 жылғы 3 желтоқсанда "Вечерний Алматы" және 2011 жылғы 10 желтоқсанда "Алматы ақшамы" газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Алматы қаласы Мәслихатының аппараты осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді, кейіннен ресми мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде және ресми интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алматы қаласы мәслихатының экономика және бюджет жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы С.А. Козловқа жүктелсін.
5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
VI сайланған Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс XLV сессиясының төрағасы |
Қ. Сәрсенбай |
VI сайланған Алматы қаласы мәслихатының хатшысы |
Қ. Қазанбаев |
Алматы қаласы мәслихатының 2019 жылғы 8 сәуірдегі № 330 шешіміне қосымша |
Тіркелген салықтың мөлшерлемелері
р/с № | Салық салу объектісінің атауы | Тіркелген салықтың мөлшерлемелері (айлық есептік көрсеткіштермен) |
1 | Бiр ойыншымен ойын өткiзуге арналған ұтыссыз ойын автоматы | 9 |
2 | Бiреуден көп ойыншының қатысуымен ойын өткiзуге арналған ұтыссыз ойын автоматы | 13 |
3 | Ойын өткiзу үшiн пайдаланылатын дербес компьютер | 4 |
4 | Ойын жолы | 20 |
5 | Карт | 12 |
6 | Бильярд үстелі | 15 |