Солтүстік Қазақстан облысы бойынша 2019 жылға арналған жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2019 жылғы 29 наурыздағы № 32/3 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 8 сәуірде № 5325 болып тіркелді

      2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Су кодексінің 38-бабына және "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы кодексінің 569-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша 2019 жылға арналған жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері осы шешімнің қосымшасына сәйкес белгіленсін.

      2. "Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихат аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі мыналарды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін:

      1) осы мәслихат шешімін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы шешім мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қағаз және электрондық түрдегі қазақ және орыс тіліндегі көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалы – Солтүстік Қазақстан аймақтық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;

      3) осы шешім ресми жарияланғаннан кейін Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруды.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы,
Солтүстік Қазақстан облыстық
мәслихатының хатшысы
В. Бубенко

  Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2019 жылғы 29 наурыздағы № 32/3 шешіміне қосымша

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша 2019 жылға арналған жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері

Р/с

Өзен, көл, теңіз бассейндері

Арнайы су пайдалану түрі

Өлшем бірлігі

Төлемақы мөлшерлемелері, теңге

1

Есіл өзенінің бассейні

Тұрғын үй-пайдалану және коммуналдық қызметтер

теңге/1000 текше метр

125,34

2

Өнеркәсіп, жылу энергетикасын қоса алғанда

теңге/1000 текше метр

347,24

3

Ауыл шаруашылығы

теңге/1000 текше метр

98,63

4

Су көздерінен су алуды жүзеге асыратын тоған шаруашылықтары

теңге/1000 текше метр

98,63

5

Гидроэнергетика

теңге/1000 киловатт/сағат

34,93

6

Су көлігі

тенге/1000 көліктік километр

10,27


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады