Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің кейбір мәселелері туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2019 жылғы 24 желтоқсандағы № 334 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 25 желтоқсанда № 5753 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37-бабы 7, 8-тармақтарына, "Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 3-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібі, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшері айқындалсын.

      2. Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің мынадай қаулыларының күші жойылды деп таналсын:

      "Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің кейбір мәселелері туралы" 2012 жылғы 10 шілдедегі № 189 (2012 жылғы 07 тамыз "Солтүстік Қазақстан", "Северный Казахстан" газеттерінде жарияланды, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1808 болып тіркелді);

      "Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің кейбір мәселелері туралы" Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2012 жылғы 10 шілдедегі № 189 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" 2013 жылғы 17 сәуірдегі № 129 (2013 жылғы 28 мамыр "Солтүстік Қазақстан", "Северный Казахстан" газеттерінде жарияланды, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2290 болып тіркелді).

      3. "Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі мыналарды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін:

      1) осы қаулыны "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны ресми жариялағаннан кейін Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан
облысының әкімі
К. Аксакалов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Қазақстан Республикасының

      Ішкі істер министрлігі

      Солтүстік Қазақстан облысының

      полиция департаменті"

      мемлекеттік мекемесінің бастығы

      _______________ М. Төлебаев

      2019 жылғы "___" ___________

  2019 жылғы 24 желтоқсаны № 334 Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысына қосымша

Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібі, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшері

      1. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу мәселелерін Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу жөніндегі облыстық комиссия (бұдан әрі – Комиссия) қарайды.

      2. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге белсенді қатысатын азаматтарды көтермелеу туралы ұсынымды Комиссияға қарауға "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Солтүстік Қазақстан облысының Полиция департаменті" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – СҚО ПД) енгізеді.

      3. Комиссия қабылдайтын шешім көтермелеу үшін негіз болып табылады.

      4. Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу шаралары мыналар:

      1) алғыс жариялау;

      2) грамотамен марапаттау;

      3) ақшалай сыйлықақы беру.

      5. Көтермелеу түрлерін, соның ішінде ақшалай сыйақы мөлшерін көтермеленушінің қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қосқан үлесін ескере отыра, Комиссия белгілейді.

      6. Ақшалай сыйақыны төлеу үшін Комиссия қабылдаған шешімге сәйкес қосымша СҚО ПД бастығының бұйрығы шығарылады.

      7. Ақшалай сыйақы мөлшерін Комиссия белгілейді және ол 10 еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайды.

      8. СҚО ПД ақшалай сыйақыны төлеуді облыстық бюджет қаражаты есебінен жүргізеді.

      9. Көтермелеулерді төлеуге қаражат облыстық бюджетте көзделеді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады