Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің кейбір мәселелері туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2012 жылғы 10 шілдедегі N 189 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 31 шілдеде N 1808 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2019 жылғы 24 желтоқсандағы № 334 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы əкімдігінің 24.12.2019 № 334 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 27-бабының 2-тармағына, "Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі № 590 Заңының 3-бабының 3-тармағы 3) тармақшасына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қосымшаға сәйкес қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен мөлшерлері айқындалсын.

      2. Қоса беріліп отырған Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу қағидасы бекітілсін.

      3. "Солтүстік Қазақстан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" облыстық бюджетті әзірлеу кезінде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеуге ақшалай қаражат көздесін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

      5. Осы қаулы оны алғаш ресми жариялаған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі С. Біләлов
      "КЕЛІСІЛДІ"
      Солтүстік Қазақстан облысы
      ішкі істер департаментінің бастығы М. Ұрұмханов

  Облыс әкімдігінің 2012 жылғы
10 шілде № 189 қаулысына
қосымша

Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен мөлшерлері

      1. Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің Құрмет грамотасы.

      2. Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің Алғысхаты.

      3. 10 еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшердегі ақшалай сыйақы.

      4. Бағасы 10 еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын құнды сыйлық.

  Облыс әкімдігінің 2012 жылғы
10 шілде № 189 қаулысымен
бекітілді

Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу қағидасы

      Ескетру. Қағида - Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2013.04.17 № 129 Қаулысымен

      Осы Қағида қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу мәселелерін айқындайды.

      1. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу мәселелерін Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу жөніндегі облыстық комиссия (бұдан әрі – Комиссия) қарайды.

      2. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге белсенді қатысатын азаматтарды көтермелеу туралы ұсынымды Комиссияға қарауға "Солтүстік Қазақстан облысының ішкі істер департаменті" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – СҚО ІІД) енгізеді.

      3. Комиссия қабылдайтын шешім көтермелеу үшін негіз болып табылады.

      4. Көтермелеу түрлерін, соның ішінде ақшалай сыйақы мөлшерін, көтермеленушінің қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қосқан үлесін ескере отыра, Комиссия белгілейді.

      5. Ақшалай сыйақыны төлеу және құнды сыйлықты алу үшін Комиссия қабылдайтын шешімге сәйкес, қосымша СҚО ІІД бастығының бұйрығы шығарылады.

      6. СҚО ІІД ақшалай сыйақыны төлеуді және бағалы сыйлықты алуды облыстық бюджет қаражаты есебінен жүргізеді.

      7. Көтермелеулерді төлеуге қаражат облыстық бюджетте, СҚО ІІД 252 003 "Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу" бюджеттік бағдарламасымен көзделеді.

      8. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін азаматтарға Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің Құрмет грамотасын, Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің Алғыс хатын, ақшалай сыйақы, бағалы сыйлықтар беруді СҚО ІІД салтанатты жағдайда жүзеге асырады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады