Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімінің 2018 жылғы 20 желтоқсандағы № 8 "Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы аумағында сайлау учаскелерін құру туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімінің 2019 жылғы 2 қазандағы № 241 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 4 қазанда № 5596 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімінің 2021 жылғы 21 шілдедегі № 9

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімінің 21.07.2021 № 9 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Заңының 23-бабы 1, 2-тармақтарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37-бабы 3-тармақшасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімінің "Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы аумағында сайлау учаскелерін құру туралы" 2018 жылғы 20 желтоқсандағы № 8 шешіміне (2019 жылғы 3 қаңтарда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5089 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      9 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "сайлау учаскесінің орналасқан жері: Трудовое ауылы, "У.М. Ахмедсафин атындағы Совет орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты;

      сайлау учаскесінің шекаралары: Трудовое ауылы, Григорьевка ауылы, Көктерек ауылы" .

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімі аппаратының басшысы М.Т. Дүйсембаеваға жүктелсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысы
Аққайың ауданының әкімі
Р. Елубаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады