Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының аумағында Қазақстан Республикасы Президенттігіне барлық кандидаттардың үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу және сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жайлар ұсыну туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 29 сәуірдегі № 106 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 4 мамырда № 5393 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық Заңы 28-бабының 4, 6-тармақтарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының аумағында Қазақстан Республикасы Президенттігіне барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар 1-қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      2. Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының аумағында Қазақстан Республикасы Президенттігіне барлық кандидаттар үшін сайлаушылармен кездесу өткізу үшін шарттық негізде 2-қосымшаға сәйкес үй-жайлар ұсынылсын.

      3. Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімдігінің "Ақжар ауданы аумағында үгіт-насихат баспа материалдарын орналастыруға арналған орындарды анықтау және сайлаушылармен кездесулер өткізуге арналған үй-жайларды ұсыну туралы" 2015 жылғы 24 ақпандағы № 54 (2015 жылғы 26 наурызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды, Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3144 болып тіркелді) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

      5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Е.Мадияров

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы Солтүстік

      Қазақстан облысы Ақжар

      аудандық сайлау комиссияның

      төрағасы

      ________________ М.Шапенов

      2019 жылғы "__" _______

  Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімдігінің 2019 жылғы № қаулысына 1 қосымша

Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының аумағында Қазақстан Республикасы Президенттігіне барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар

Елді мекеннің атауы

Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін белгіленген орындар

Айсары ауылы

Қазақстан Республикасының білім және ғылым Министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімдігінің "Айсары негізгі мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты маңындағы аумақ

Алқатерек ауылы

Алқатерек ауылдық клубы ғимаратының маңындағы аумақ

Ақжарқын ауылы

Ақжарқын ауылының мәдениет үйі ғимаратының маңындағы аумақ

Восход ауылы

Қазақстан Республикасының білім және ғылым Министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімдігінің "Восход негізі мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің маңындағы аумақ

Кенащы ауылы

Кенащы ауылдық клубы ғимаратының маңындағы аумақ

Бостандық ауылы

Қазақстан Республикасының білім және ғылым Министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімдігінің "Бостандық орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты маңындағы аумақ

Құлы көл ауылы

Қазақстан Республикасының білім және ғылым Министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімдігінің "Қали Хадесұлы атындағы Жаңа ауыл орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты маңындағы аумақ

Ленинградское ауылы

Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы Ленинград ауылдық округінің "Мәдениет жұмысын ұйымдастыруды қамтамасыз ету жөніндегі орталығы" мемлекеттік мекемесі ғимараты маңындағы аумақ

Май ауылы

Май ауылының мәдениет үйі ғимаратының маңындағы аумақ

Горьковский ауылы

Қазақстан Республикасының білім және ғылым Министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімдігінің "Горьковский орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты маңындағы аумақ

Талшық ауылы

Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт Министрлігі Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімдігінің "Ақжар Мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының ғимаратымаңындағы аумақ

Ұялы ауылы

Ұялы медициналық пункті ғимаратының маңындағы аумақ

  Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімдігінің 2019 жылғы № қаулысына 2 қосымша

Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының аумағында Қазақстан Республикасы Президенттігіне барлық кандидаттар үшін сайлаушылармен кездесу өткізу үшін үй-жайлар

Елді мекеннің атауы

Кездесулер өткізу орны

Айсары ауылы

Жастар ойын-сауық орталығының ғимараты

Алқа терек ауылы

Қазақстан Республикасының білім және ғылым Министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімдігінің "Алқатерек орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты

Восход ауылы

Медициналық орталығының ғимараты

Кеңащы ауылы

Кеңащы ауылдық клубының ғимараты

Бостандық ауылы

Бостандық ауылдық кітапханасының ғимараты

Қулы көл ауылы

"Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімдігінің "Қали Хадесұлы атындағы Жанаауыл орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты

Ленинград ауылы

"Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімдігінің "№1 Ленинград орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты

Май ауылы

Май ауылдық мәдениет үйінің ғимараты

Новосел ауылы

Медициналық орталығының ғимараты

Ақжарқын ауылы

Ақжарқын ауылдық мәдениет үйінің ғимараты

Талшық ауылы

"Орталық аудандық кітапхана" мемлекеттік коммуналдық мекемесінің ғимараты

Ұялы ауылы

Медициналық орталығының ғимараты


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады