Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің 2019 жылғы 30 қаңтардағы № 21 "Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің 2019 жылғы 3 сәуірдегі № 84 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 10 сәуірде № 5335 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің 2020 жылғы 13 ақпандағы № 22 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан əкімдігінің 13.02.2020 № 22 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37-бабы 7- тармақшасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің 2019 жылғы 30 қаңтардағы № 21 "Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5215 болып тіркелген, 2018 жылғы 07 ақпанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау осы саланы жетекшілік етуші Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Б. Жұмабеков

  Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің 20____ жылғы "___" _________ № ____ қаулысына қосымша

Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгіленген ұйымдардың тізімі

Ұйымдар атауы

Жұмыс орындарының саны

Квота мөлшері

Белгіленген квотаға (адам) сәйкес жұмыс орындарының саны

"Али-Са" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

50

2%

1

"Агро-Есіл" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

113

1%

1

"Акселеу" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

110

1%

1


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады