Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 13 ақпандағы № 22 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 21 ақпанда № 6020 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің 2021 жылғы 18 ақпандағы № 42 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің 18.02.2021 № 42 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 14-3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 9-бабы 7) тармақшасына, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 "Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" бұйрығымен бекітілген пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13898 тіркелген) сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      2. Күші жойылды деп танылсын:

      1) Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің "Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" 2019 жылғы 30 қаңтардағы № 21 қаулысы (2019 жылғы 7 ақпанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5215 болып тіркелген);

      2) Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің "Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің 2019 жылғы 30 қантардағы №21 "Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" 2019 жылғы 3 сәуірдегі № 84 қаулысы (2019 жылғы 19 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5335 болып тіркелген).

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау осы саланы жетекшілік етуші Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі А. Тастемиров

  Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің 2020 жылғы 13 ақпаны № 22 қаулысына қосымша

Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота

Ұйымдар атауы

Жұмыс орындарының саны

Квота мөлшері

Белгіленген квотаға (адам)сәйкес жұмыс орындарының саны

"Nordagra" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

50

2%

1

"Ишим-Гарант" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

50

2%

1


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады