Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының аумағында барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы

Жаңартылған

Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 24 сәуірдегі № 93 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 2 мамырда № 5387 болып тіркелді

      Ескерту. Қаулының атау жаңа редакцияда – Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің 20.09.2022 № 128 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 28 - бабы 6 - тармағына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің 20.09.2022 № 128 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының аумағында барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар осы қаулының 1 - қосымшасына сәйкес белгіленсін.

      2. Алып тасталды – Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің 20.09.2022 № 128 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен..

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Солтүстік Қазақстан облысы

      Есіл аудандық сайлау

      комиссиясының төрағасы

      Қуанышпай Баяхметұлы Рахиев

      ____________________

      2019 жылғы "24" сәуір

  Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің 2019 жылғы "24" сәуірдегі № 93 қаулысына 1 қосымша

Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының аумағында барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыруға арналған орындар

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің 20.09.2022 № 128 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Елді мекеннің атауы

Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар

1

Амангелді ауылы

Школьная көшесі, "Жанна" дүкеніне қарама-қарсы

2

Өрнек ауылы

Жастар көшесі, "Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің су қысымды мұнарасы ғимаратының сол жағында

3

Бесқұдық ауылы

Абай көшесі, "Аsil Grain Комарова" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ғимаратының оң жағында

4

Бұлақ ауылы

М.Жұмабаев көшесі, "Жанна" дүкенінің сол жағында

5

Волошинка ауылы

Московская көшесі, "Юлия" дүкенінің оң жағында

6

Заградовка ауылы

Новоселов көшесі, "Заградовское" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ғимаратының оң жағында

7

Чириковка ауылы

Коваленко көшесі, "Агрофирма Есильское" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ғимаратының оң жағында

8

Ильинка ауылы

Ленин көшесі, "Артемка" дүкенінің сол жағында

9

Корнеевка ауылы

Ленин көшесі, "Райгүл" дүкенінің сол жағында

10

Николаевка ауылы

Ленин көшесі, "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Есіл ауданының білім бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Асқар Игібаев атындағы орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының сол жағында

11

Спасовка ауылы

Интернациональная көшесі, "Радуга" дүкенінің сол жағында

12

Петровка ауылы

Ленин көшесі, "Шолпан" дүкенінің оң жағында

13

Покровка ауылы

Октябрьская көшесі, Қазпошта бөлімшесінің сол жағында

14

Таранғұл ауылы

Новая көшесі, "Азия-Тарангул" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ғимаратының оң жағында

15

Ясновка ауылы

Молодежная көшесі, "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Есіл ауданының білім бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Ясновка орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының оң жағында

16

Явленка ауылы

Ыбыраев көшесі, "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Есіл ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесі ғимаратының сол жағында

  Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің 2019 жылғы"24" сәуірдегі № 93 қаулысына 2 қосымша

Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының аумағында сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жай

      Алып тасталды – Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің 20.09.2022 № 128 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады