Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 30 желтоқсандағы № 297 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 6 қаңтарда № 5782 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 4 ақпандағы № 55 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің 04.02.2021 № 55 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9-бабы 8)-тармақшасына, "Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 бұйрығымен бекітілген, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13898 болып тіркелген) сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.

      2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Есіл ауданының әкімі А. Абдуллаев

  Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 30 желтоқсандағы № 297 қаулысына қосымша

Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарының квотасы

Ұйым атауы

Жұмыс орындарының саны

Квота пайызы

Белгіленген квотаға сәйкес жұмыс орындарының саны (адам)

"Ғасыр-Астық" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

12

9 %

1


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады