"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Кодексінің 546 бабы 3 тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына және "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 44 бабына сәйкес, Атырау қаласының Мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Атырау қалалық мәслихатының 2018 жылғы 20 наурыздағы № 204 "Тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелерін белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4104 санымен тіркелген, 2018 жылғы 25 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) және Атырау қалалық мәслихатының 2018 жылғы 28 тамыздағы № 260 "Атырау қалалық мәслихатының 2018 жылғы 20 наурыздағы № 204 "Тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелерін белгілеу туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4250 санымен тіркелген, 2018 жылғы 24 қазанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімдеріне келесі өзгеріс енгізілсін:
орыс тіліндегі қосымшасының 3 бағанасындағы "базовых" деген сөзі "единых" деген сөзімен ауыстырылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау экономика, бюджет және аграрлық даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін (А. Семгалиев).
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
ХХХІХ сессия төрағасы | Р. Шарипов |
Мәслихат хатшысы | Р. Джанглишов |