Жылыой аудандық мәслихатының 2013 жылғы 11 желтоқсандағы № 17-17 "Алушылар санатының тізбесін және әлеуметтік көмектің шекті мөлшерлерін бекіту туралы" шешіміне толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Жылыой аудандық мәслихатының 2019 жылғы 25 маусымдағы № 36-2 шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 1 шілдеде № 4436 болып тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы Жылыой аудандық мәслихатының 2021 жылғы 28 қыркүйектегі № 9-6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Жылыой аудандық мәслихатының 28.09.2021 № 9-6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 2-3 тармағына, "Кұқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Жылыой аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Жылыой аудандық мәслихатының 2013 жылғы 11 желтоқсандағы № 17-17 "Алушылар санатының тізбесін және әлеуметтік көмектің шекті мөлшерлерін бекіту туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2819 болып тіркелген, 2014 жылы 9 қаңтарда "Кең Жылой" газетінде жарияланған) келесі толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің 2-қосымшасы келесі 6), 7), 8) тармақшаларымен толықтырылсын:

      "6) 1986-1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың, сондай-ақ азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтар мен жаттығуларға тікелей қатысқан адамдарға;

      7) 1988-1989 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың зардаптарын жоюға қатысушылар ішінен оқшаулау және көшіру жүргізілген аймақтан Қазақстан Республикасына көшірілген (өз еркімен көшкен), көшірілген күні анасының құрсағында болған балаларды қоса, адамдарға;

      8) Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық қаруды сынаудың салдарынан мүгедек болған адамдар, сондай-ақ ата-анасының бірінің радиациялық сәуле алуы себебінен генетикалық жағынан мүгедек болып қалған олардың балаларына."

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Жылыой аудандық мәслихатының халықты әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау, білім, мәдениет, гендерлік саясат және жастар ісі жөніндегі тұрақты комиссиясына (Х. Жамалов) жүктелсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.

      Жылыой аудандық мәслихатының
XXXVI сессиясының төрағасы
С. Балжігітов
      Жылыой аудандық
мәслихатының хатшысы
М. Кенғанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады