Көшелерге қайта атау беру туралы

Жаңа

Түркістан облысы Сайрам ауданы Жібек-Жолы ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 28 ақпандағы № 5 шешімі. Түркістан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 11 наурызда № 4927 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес, халық пікірін ескере отырып және Оңтүстік Қазақстан облысы ономастика комиссиясының 2017 жылғы 22 желтоқсандағы қорытындысы негізінде Жібек-жолы ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Жібек-жолы ауылдық округінің Машат елді мекеніндегі көшелерге қайта атаулар берілсін:

      1) Школьная көшесіне – Өркен атауы;

      2) Алмазная көшесіне – Керуен атауы;

      3) Садовая көшесіне – Шатқал атауы.

      2. "Сайрам ауданының Жібек-жолы ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жолданылуын;

      3) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Сайрам ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешiм оның алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Ауыл округінің әкімі А. Тураров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады