Майлыкент ауылдық округіне қарасты шағынаудандарды қайта атау туралы

Жаңа

Түркістан облысы Түлкібас ауданы Майлыкент ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 27 наурыздағы № 26 шешімі. Түркістан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 28 наурызда № 4951 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес және 2018 жылғы 10 қазандағы Оңтүстік Қазақстан облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде Майлыкент ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Майлыкент ауылдық округіне қарасты Т. Рысқұлов елді мекенінің "Телевышка" шағынауданын Көкжайлау шағынауданы деп қайта аталсын.

      2. Майлыкент ауылдық округіне қарасты Т. Рысқұлов елді мекенінің "ДСУ-1" шағынауданын Күншуақ шағынауданы деп қайта аталсын.

      3. "Түлкібас ауданы әкімдігінің Майлыкент ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы әкім шешімі мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жолданылуын;

      3) осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Түлкібас ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;

      4) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Түлкібас ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылау Майлыкент ауылдық округі әкімінің орынбасары А. Инкарбековке жүктелсін.

      5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Әкім З. Мырзабаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады