Шығыс Қазақстан облысының Үржар ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2019 жылғы 9 желтоқсандағы № 428 бірлескен қаулысы және Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2019 жылғы 13 желтоқсандағы № 35/402-VI шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 27 желтоқсанда № 6460 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 1-тармағының 4) тармақшасына, 27-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 3, 8, және 11-баптарына сәйкес, "Үржар ауданы, Қарақол ауылдық округінің "Сарытерек" және "Ферма 3" елді мекендерді есепті деректерден шығару туралы" бірлескен Үржар аудандық мәслихатының 2019 жылғы 23 қыркүйектегі № 44-493/VІ шешімі мен Үржар ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 23 қыркүйектегі № 301 қаулысының негізінде Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысына келесі өзгерістер енгізілсін:

      1) Қарақол ауылдық округінің "Сарытерек" және "Ферма 3" елді мекендері таратылсын және есепті деректерден шығарылсын және өзге қоныстар санатына жатқызылсын;

      2) таратылатын "Сарытерек" және "Ферма 3" қоныстары шекаралары өзгертіле отырып, Қарақол ауылдық округінің Қарақол ауылының құрамына енгізілсін.

      2. Осы бірлескен қаулы және шешім олардың алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі Д. Ахметов
      Сессия төрағасы Ж. Шаймарданов
      Облыстық мәслихаттың хатшысы В. Головатюк

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады