Глубокое ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 20 қарашадағы "Глубокое ауданының елді мекендерінде салық салу объектісінің орналасқан жерін ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттерін бекіту туралы" № 571 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Глубокое аудандық әкімдігінің 2019 жылғы 12 сәуірдегі № 128 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 22 сәуірде № 5873 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Глубокое аудандық әкімдігінің 2020 жылғы 30 қарашадағы № 430 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Глубокое аудандық әкімдігінің 30.11.2020 № 430 қаулысымен (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 2-тармағына сәйкес, Глубокое ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Глубокое ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 20 қарашадағы "Глубокое ауданының елді мекендерінде салық салу объектісінің орналасқан жерін ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттерін бекіту туралы" №571 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5-9-185 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:

      қаулының кіріспе бөлімі келесі үлгіде жазылсын:

      Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексінің 529-бабының 6-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасы ақпарат және коммуникациялар министрінің 2018 жылғы 12 қарашадағы "Аймаққа бөлу коэффициентін есептеу әдістемесін бекіту туралы" № 475 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17847 болып тіркелген) сәйкес, Глубокое ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:"

      2. "Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы Глубокое ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін:

      1) осы қаулының Шығыс Қазақстан облысы әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жолданылуын;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Глубокое ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;

      4) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Глубокое ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Глубокое ауданы әкімінің орынбасары Р.К. Сейтқановқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Глубокое ауданының әкімі К. Байгонусов
      Келісілді:
      "Қазақстан Республикасы қаржы
      министрлігінің мемлекеттік кірістер
      комитеті Шығыс Қазақстан облысы
      бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің
      Глубокое ауданы бойынша мемлекеттік
      кірістер басқармасы" республикалық
      мемлекеттік мекемесінің басшысы С. Абдрахманов

      "_12_" _сәуірдегі__ 2019 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады