Глубокое ауданының аумағында автотұрақтар (паркингтер) санаттарын белгілеу және автотұрақтарға (паркингтерге) бөлінген жерлерге салықтардың базалық мөлшерлемелерін ұлғайту туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Глубокое аудандық мәслихатының 2019 жылғы 24 мамырдағы № 32/8-VI шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 31 мамырда № 5985 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Кодексінің 505-бабына, 509-бабының 3-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 – бабы 1-тармағының 15) - тармақшасына сәйкес, Глубокое аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Глубокое ауданының аумағында орналасқан автотұрақтардың (паркингтердің) келесі санаттары белгіленсін:

      жабық түрлі жер бетіндегі автотұрақтар (паркингтер), ашық түрлі жер бетіндегі автотұрақтар (паркингтер) – 1 санат;

      басқа мақсаттағы ғимараттарға қатар салынған немесе басқа мақсаттағы ғимараттарға жалғаса салынған автотұрақтар (паркингтер) – 2 санат;

      ғимараттардың астында жер астындағы, жертөледегі, төменгі қабатта немесе төменгі жер үстіндегі қабаттарда орналасқан автотұрақтар (паркингтер) – 3 санат.

      2. Автотұрақтардың (паркингтердің) санаттарына байланысты, тұрғын үй қоры, оның ішінде іргесіндегі құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жерлерді қоспағанда, Глубокое ауданының аумағындағы елді мекендердің жерлеріне базалық салық мөлшерлемелері бойынша салық салуға жататын автотұрақтарға (паркингтерге) бөлінген жерлерге базалық салық мөлшерлемелері келесі мөлшерлерде ұлғайтылсын:

      1 санатты автотұрақтарға (паркингтер) 10 есе;

      2 санатты автотұрақтарға (паркингтер) 9 есе;

      3 санатты автотұрақтарға (паркингтер) 8 есе.

      3. Автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген басқа санаттағы жерлерге салықты есептеу кезінде базалық салық мөлшерлемелер қолданылатын жақын елді мекен болып Глубокое кенті анықталсын.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы,
      Глубокое аудандық
      мәслихатының хатшысы А. Баймульдинов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады