Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 27 мамырдағы № 202 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 29 мамырда № 5979 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 23 шілдедегі № 523 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы әкімдігінің 23.07.2020 № 523 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 14) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 9-бабы 9) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы "Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 13898 нөмірімен тіркелген) бұйрығына сәйкес, Тарбағатай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота ұйым жұмыскерлерінің тізімдік санынан екі пайыз мөлшерде қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е. Сабырбаевқа жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі С. Садуақасов

  Тарбағатай ауданы әкімдігінің
2019 жылғы 27 мамырдағы
№ 202 қаулысына қосымша

Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орыналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгіленетін ұйымдардың тізімі

    Р/с №

Кәсіпорын атауы

Жұмыскерлердің тізімдік саны

Квота мөлшері (%)

Жұмыс орындар саны (адам)

1

"К.Нұрбаев атындағы орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

139

2

3

2

"№2 Ақсуат орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

162

2

3

3

"М.Әуезов атындағы орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

117

2

2

4

"Абай атындағы орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

90

2

2

5

"Ш.Уалиханов атындағы орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

97

2

2

6

"Т.Рысқұлов атындағы орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

83

2

2

7

Тарбағатай аудандық ауруханасы шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын

203

2

4

8

Тарбағатай аудандық ауданаралық ауруханасы шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын

223

2

4


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады