Тарбағатай аудандық мәслихатының 2018 жылдың 2 шілдедегі № 27-6 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістермен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай аудандық мәслихатының 2019 жылғы 13 маусымдағы № 41-2 шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 19 маусымда № 6020 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 2-3-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Тарбағатай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде 2018 жылдың 2 тамызында жарияланған нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде 5-16-143 нөмірімен тіркелген) Тарбағатай аудандық мәслихатының 2018 жылдың 2 шілдедегі № 27-6 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы:

      Көрсетілген шешіммен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:

      6 тармақ келесі мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:

      "4) көпбалалық және/немесе отбасында Тарбағатай ауданының мектепке дейінгі ұйымдарына баратын ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың болуы.";

      7 тармақтағы:

      3), 6) және 8) тармақшалар келесі редакцияда жазылсын:

      "3) арнаулы білім беру ұйымдарында, ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарында жүрген кәмелетке толмағандар;

      6) әлеуметтік мәні бар аурулардың және айналадағыларға қауіп төндіретін аурулардың салдарынан тыныс-тіршілігі шектелген адамдар;

      8) әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға алып келген қатыгездікке ұшыраған адамдар;";

      келесі мазмұндағы 14) тармақшамен толықтырылсын:

      "14) мектепке дейінгі ұйымдарға баратын көпбалалы отбасылардағы балалар және ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар.";

      8 тармақ келесі мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:

      "Осы Қағидалардың 7 тармағының 14) тармақшасында көрсетілген алушылар санаты үшін жан басына шаққандағы орташа табыстың шегі ең төмен күнкөріс деңгейінің алты еселік мөлшерінде бекітілсін.";

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы,
      аудандық мәслихаттың хатшысы С. Жақаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады