Тарбағатай ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 27 мамырдағы № 201 "Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған, адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 1 тамыздағы № 333 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 19 тамызда № 6121 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37-бабы 1, 2-тармақтарына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабының 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Тарбағатай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Тарбағатай ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 27 мамырдағы № 201 "Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5977 нөмірімен тіркелген, 2019 жылғы 11 маусымда Қазақстан Республикасы нормативтік құқытық актілерінің Эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е. Сабырбаевқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі С. Садуақасов

  Тарбағатай ауданы әкімдігінің
2019 жылғы № қаулысына
қосымша

Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгіленетін ұйымдардың тізімі

    №

Ұйымның атауы

Жұмысшылар саны

Жұмыскерлердің тізімділік санынан пайыздық көлемінде квотаның мөлшері

Жұмыс орындар саны, адамдар

1

Тарбағатай ауданы әкімдігінің шаруашылық есебіндегі "Ақсуат" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны

100

3

3

2

Жеке кәсіпкерлік субъектілері "Шыңғыс"

30

3

1

3

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі "Бота"

100

3

3

4

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі "Нұр Ақсуат"

50

3

1


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады