Ескерту. Күші жойылды – Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха аудандық мәслихатының 28.12.2021 № 14/7-VII шешімімен (01.01.2022 бастап қолданысқа енгiзiледi).
ЗҚАИ-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Кодексінің 509-бабы 5-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағы 15) тармақшасына сәйкес Шемонаиха аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын Шемонаиха ауданының ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасы Кодексінің 503-бабында белгіленген жер салығының базалық мөлшерлемелері бес есеге арттырылсын.
2. Шемонаиха аудандық мәслихатының 2018 жылғы 20 қарашадағы № 30/4-VI "Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін арттыру туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5-19-198 болып тіркелген, 2018 жылғы 2 желтоқсанда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде электронды түрде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Шемонаиха аудандық мәслихатының хатшысы | А. Боровикова |