Ақсай қаласында жер салығының мөлшерлемелерін арттыру туралы

Жаңартылған

Батыс Қазақстан облысы Бөрлі аудандық мәслихатының 2019 жылғы 27 қарашадағы № 44-4 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 6 желтоқсанда № 5877 болып тіркелді.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы шешім 01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес Бөрлі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қазақстан Республикасы жер заңнамасына сәйкес жүргізілетін жерді аймаққа бөлу жобалары (схемалары) негізінде осы шешімнің қосымшасына сәйкес Ақсай қаласында жер салығының мөлшерлемелері арттырылсын.

      2. Аудандық мәслихат аппаратының басшысы (Б.Б.Мукашева) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

  Бөрлі аудандық мәслихатының
2019 жылғы 27 қарашадағы
№ 44-4 шешіміне қосымша

      1. Алып тасталды - Батыс Қазақстан облысы Бөрлі аудандық мәслихатының 25.02.2022 № 14-7 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Кодексі 510-бабының 1-тармағы негізінде елді мекендердің жеріне (үй жанындағы учаскелерді қоспағанда) Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 505-бабымен белгіленген базалық салықтық мөлшерлемелері 30%-ға арттырылсын.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады