Елді мекендегі салық салу объектісінің орналасқан жерін ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттерін бекіту туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 8 тамыздағы № 114 қаулысы. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 15 тамызда № 5768 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы қаулы 01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексін және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңын басшылыққа ала отырып, Жаңақала ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған елді мекендегі салық салу объектісінің орналасқан жерін ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттері бекітілсін.

      2. Жаңақала ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 28 мамырдағы №120 "Елді мекендегі салық салу объектісінің орналасқан жерін ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттерін бекіту туралы" қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5220 тіркелген, 2018 жылғы 11 маусымда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Жаңақала ауданы әкімі аппаратының басшысы (А.Жумалиев) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Еслямғалиеваға жүктелсін.

      5. Осы қаулы 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

  Жаңақала ауданы әкімдігінің
2019 жылғы 08 тамыздағы №114
қаулысымен бекітілген

Елді мекендегі салық салу объектісінің орналасқан жерін ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттері

Елді мекендегі салық салу объектісінің орналасқан жері

Аймақ коэффициенті

Жаңақала ауданы

Жаңақала а.о

1.

Жаңақала а.

2,45

Бірлік а.о.

2.

Бірлік а.

2,3

3.

Ақбалшық а.

1,85

4.

Үшкемпір а.

1,5

Жаңажол а.о.

5.

Жаңажол а.

2,2

6.

Кіші Айдархан а.

2,0

7.

Сарыкөл а.

2,0

8.

Теңдік а.

1,3

Жаңақазан а.о.

9.

Жаңақазан а.

2,2

10.

Балдырған а.

1,3

11.

Жуалыой а.

2,0

Көпжасар а.о.

12.

Көпжасар а.

2,2

13.

Салтанат а.

1,5

14.

Саралжын а.

1,8

15.

Үштас а.

1,3

Қызылоба а.о.

16.

Қызылоба а.

2,3

17.

Айтпай а.

2,0

18.

Төртқұлақ а.

1,9

Мастексай а.о.

19.

Мастексай а.

2,2

20.

Мұқыр а.

2,0

Меңдешев а.о.

21.

Қырқопа а.

2,2

22.

Балғын а.

1,3

23.

Карташово а.

1,3

Пятимар а.о.

24.

Пятимар а.

2,2

25.

Аққұс а.

1,5

26.

Борық а.

1,8

27.

Плантация а.

1,65

      Аббревиатуралардың толық жазылуы:

      а. – ауыл;

      а.о. – ауылдық округ.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады