Байланыс формасы

Жәнібек ауданы бойынша 2019 жылға жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 3 маусымдағы № 108 қаулысы. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 4 маусымда № 5699 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық-атқару Кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы", 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңдарына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 "Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13898 тіркелген) сәйкес Жәнібек ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының 1- қосымшасына сәйкес ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін Жәнібек ауданының ұйымдары жұмыскерлердің тізімдік санының үш пайыздық мөлшерінде, жұмыс орындарына квота белгіленсін.

      2. Осы қаулының 2 - қосымшасына сәйкес бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін Жәнібек ауданының ұйымдары жұмыскерлердің тізімдік санының үш пайыздық мөлшерінде, жұмыс орындарына квота белгіленсін.

      3. Осы қаулының 3 - қосымшасына сәйкес пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін Жәнібек ауданының ұйымдары жұмыскерлердің тізімдік санының екі пайыздық мөлшерінде, жұмыс орындарына квота белгіленсін.

      4. Жәнібек ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 27 шілдедегі № 183 "Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4519 болып тіркелген, 2016 жылғы 17 тамыздағы "Шұғыла" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      5. Жәнібек ауданы әкімі аппаратының басшысы (А.Молдағалиев) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      6. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ж.Хайруллинге жүктелсін.

      7. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

  Жәнібек ауданы әкімдігінің
2019 жылғы 3 маусымдағы
№108 қаулысына
1-қосымша

Жәнібек ауданы бойынша ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін квота

Ұйымның атауы

Жыл басы бойынша қызметкерлердің тізімдік саны (адам)

Квотаның көлемі (% қызметкерлердің тізімдік санынан)

Белгіленген квотаға сәйкес жұмыс орындар саны (бірлік)

1

Жәнібек аудандық білім беру бөлімінің "Жалпы білім беретін Т.Жароков атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

164

3

5

2

Жәнібек аудандық білім беру бөлімінің "№1 мектеп-лицейі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

89

3

2

3

Жәнібек аудандық білім беру бөлімінің "Ғ.Абдуллин атындағы орта жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

80

3

2

4

Жәнібек аудандық білім беру бөлімінің "Е.Ниеткалиев атындағы жалпы білім беретін орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

78

3

2

5

Жәнібек аудандық білім беру бөлімінің "Ғ.Қараш атындағы жалпы білім беретін орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

43

3

1

  Жәнібек ауданы әкімдігінің
2019 жылғы 3 маусымдағы
№108 қаулысына
2-қосымша

Жәнібек ауданы бойынша бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін квота

Ұйымның атауы

Жыл басы бойынша қызметкерлердің тізімдік саны (адам)

Квотаның көлемі (% қызметкерлердің тізімдік санынан)

Белгіленген квотаға сәйкес жұмыс орындар саны (бірлік)

1.

Батыс Қазақстан облысы Жәнібек аудандақ мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Балалар-жасөспірімдер спорт мектебі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

30

3

1

  Жәнібек ауданы әкімдігінің
2019 жылғы 3 маусымдағы
№108 қаулысына
3-қосымша

Ұйымның атауы

Жыл басы бойынша қызметкерлердің тізімдік саны (адам)

Квотаның көлемі (% қызметкерлердің тізімдік санынан)

Белгіленген квотаға сәйкес жұмыс орындар саны (бірлік)

1

"Жәнібек аудандық демалыс орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

111

2

2

2

Жәнібек ауданы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Жәнібек аудандық ветеринариялық станциясы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

56

2

1

3

"Жәнібек аудандық білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесі

39

2

1

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады