2019 жылға егіс жұмыстарының басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзімдерін белгілеу туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 14 мамырдағы № 118 қаулысы. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 16 мамырда № 5666 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына, "Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы" 2004 жылғы 10 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1.Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруға жататын өсімдік шаруашылығы өнімінің түрлері бойынша табиғи-климаттық аймақтар бөлігіндегі аудан аумағында 2019 жылғы егіс егу жұмыстарының басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзімдері қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      2. Сырым ауданы әкімі аппаратының басшысы (Е.Сарсенов) осы қаулының әділет органында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е.Ахметовке жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілсін.

  Сырым ауданы әкімдігінің
2019 жылғы 14 мамырдағы № 118
қаулысына қосымша

Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруға жататын өсімдік шаруашылығы өнімінің түрлері бойынша табиғи-климаттық аймақтар бөлігіндегі аудан аумағында 2019 жылғы егіс жұмыстарының басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзімдері

Өсімдік шаруашылығы өнімдерінің түрлері

Оңтайлы егу мерзімдері

басталуы

аяқталуы

Құрғақ далалық аймақ

1

Жаздық бидай

5 мамыр

15 мамыр

2

Арпа, сұлы

25 сәуір

5 мамыр

3

Тары

10 мамыр

20 мамыр

4

Мақсары

5 мамыр

15 мамыр

5

Күнбағыс

5 мамыр

15 мамыр

6

Күздік бидай

15 тамыз

10 қыркүйек

7

Күздік қара бидай

5 тамыз

20 тамыз


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады