Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы

Жаңартылған

Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 6 мамырдағы № 68 қаулысы. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 8 мамырда № 5652 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Шыңғырлау аудандық сайлау комиссиясымен (келісім бойынша) бірлесіп барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.

      2. Ауылдық округтер әкімдері үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін белгіленген орындарды стендтермен, тақталармен, тұғырлықтармен жарақтандырсын.

      3. Шыңғырлау ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 11 қыркүйектегі №183 "Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3642 тіркелген, 2014 жылғы 4 қазанда "Серпін" газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      4. "Шыңғырлау ауданы әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      "КЕЛІСІЛДІ"
Шыңғырлау аудандық
сайлау комиссиясының төрағасы
______________ А.Т.Таужанов
"6" мамыр 2019 жыл

  Шыңғырлау ауданы әкімдігінің
2019 жылғы 6 мамырдағы
№ 68 қаулысына
қосымша

Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы әкімдігінің 16.02.2024 № 18 қаулысымен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Елді мекеннің атауы

Үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары

Алмаз

Ауылдық клуб ғимаратының алды

Сегізсай

Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Шыңғырлау ауданының білім беру бөлімінің "Сегізсай негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесi ғимаратының алды

Ащысай

Ауылдық мәдениет үйі ғимаратының алды

Амангелді

Ауылдық клуб ғимаратының алды

Ақбұлақ

Фельдшерлік акушерлік пункт ғимаратының алды

Ақтау

Ауылдық мәдениет үйі ғимаратының алды

Ардақ

Ауылдық мәдениет үйі ғимаратының алды

Қарағаш

Ауылдық мәдениет үйі ғимаратының алды

Қайынды

Медициналық пункт ғимаратының алды

Ақсуат

Медициналық пункт ғимаратының алды

Шоқтыбай

Ауылдық клуб ғимаратының алды

Ұрысай

Медициналық пункт ғимаратының алды

Жаңакүш

Ауылдық клуб ғимаратының алды

Қызылкөл

Ауылдық кітапхана ғимаратының алды

Ақшат

Ауылдық мәдениет үйі ғимаратының алды

Шыңғырлау

Аудандық мәдениет үйі ғимаратының алды

Шыңғырлау ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Шыңғырлау" спорт клубы коммуналдық мемлекеттік мекемесінің денешынықтыру-сауықтыру кешенінің ғимаратының алды

Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Шыңғырлау ауданының білім беру бөлімінің "Балалар музыка мектебі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны ғимаратының алды

Батыс Қазақстан облысының әкімдігі білім басқармасының "Шыңғырлау колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны ғимаратының алды

Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Шыңғырлау ауданының білім беру бөлімінің "Шыңғырлау жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алды


Батыс Қазақстан облысы әкімдігі денешынықтыру және спорт басқармасының "Шыңғырлау ауданының балалар-жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратының алды


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады