Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 11 қыркүйектегі № 183 қаулысы. Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2014 жылғы 29 қыркүйекте № 3642 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 6 мамырдағы № 68 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы әкімдігінің 06.05.2019 № 68 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Шыңғырлау аудандық сайлау комиссиясымен (келісім бойынша) бірлесіп барлық кандидаттар үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.

      2. Ауылдық округтер әкімдері үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін белгіленген орындарды стендтермен, тақталармен, тұғырлықтармен жарақтандырсын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қ. Айтмұхамбетовке жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі А. Халелов

      "КЕЛІСІЛДІ"
Шыңғырлау аудандық
сайлау комиссиясының төрағасы
____________ Е. Р. Тұрмағамбетов
11.09.2014 ж.

  2014 жылғы 11 қыркүйектегі № 183
аудан әкімдігінің қаулысына
қосымша

Үгіттік баспа материалдарын
орналастыру үшін орындар

Елді мекеннің атауы

Үгіттік баспа материалдарын
орналастыру орындары

Алмаз

Ауылдық мәдениет үйі ғимаратының алды

Аққұдық

Ауылдық мәдениет үйі ғимаратының алды

Сегізсай

Ауылдық кітапхана ғимаратының алды

Ащысай

Ауылдық мәдениет үйі ғимаратының алды

Талдысай

Ауылдық кітапхана ғимаратының алды

Жінішке

Ауылдық кітапхана ғимаратының алды

Амангелді

Ауылдық мәдениет үйі ғимаратының алды

Мырзағара

Фельдшерлік пункт ғимаратының алды

Тасмола

Фельдшерлік пункт ғимаратының алды

Қотантал

Фельдшерлік пункт ғимаратының алды

Белогор

Ауылдық мәдениет үйі ғимаратының алды

Полтава

Ауылдық мәдениет үйі ғимаратының алды

Қарағаш

Ауылдық мәдениет үйі ғимаратының алды

Қайынды

Фельдшерлік пункт ғимаратының алды

Ақсуат

Фельдшерлік пункт ғимаратының алды

Қарғалы

Ауылдық кітапхана ғимаратының алды

Қызылкөл

Фельдшерлік пункт ғимаратының алды

Шоқтыбай

Ауылдық мәдениет үйі ғимаратының алды

Ұрысай

Фельдшерлік пункт ғимаратының алды

Лубен

Ауылдық мәдениет үйі ғимаратының алды

Шыңғырлау

Ауылдық мәдениет үйі ғимаратының алды

Л. Қылышев атындағы Шилі орта жалпы
білім беретін мектебі" мемлекеттік
мекемесі ғимаратының алды

"Шыңғырлау орта жалпы білім беретін мектебі" мемлекеттік мекемесі ғимаратының алды


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады