"Қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арыздарды, хабарларды және өзге де ақпараттарды қарау туралы" есеп нысанын, оны қалыптастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының м.а. 2020 жылғы 15 қаңтардағы № 11 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 16 қаңтарда № 19886 болып тіркелді

      Қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арыздар, хабарлар және өзге де ақпараттар жөнінде статистикалық есепті қалыптастыру мақсатында, "Прокуратура туралы" 2017 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабының 6) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мыналар:

      1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес "Қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арыздарды, хабарламаларды және өзге де ақпараттарды қарау туралы" есеп нысаны;

      2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес "Қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арыздарды, хабарламаларды және өзге де ақпараттарды қарау туралы" есеп нысанын қалыптастыру жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі – Комитет):

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы бұйрықтың көшірмесін мүдделі құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектілеріне мәлімет үшін, сондай-ақ Комитеттің аумақтық органдарына орындау үшін жіберуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитет Төрағасына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының міндетін атқарушы
Б. Асылов

  Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының
міндетін атқарушысының
2020 жылғы 15 қаңтардағы
№ 11 бұйрығына
1-қосымша
  нысан

"Қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арыздарды, хабарларды және өзге де ақпараттарды қарау туралы" есеп


код

Есептік кезеңнің басында қаралмаған қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арыздар, хабарламалар және өзге де ақпараттар қалдығы

Есепті кезеңде тіркелген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы өтініштердің, хабарламалардың және өзге де ақпараттардың саны

Тергеуде болуы бойынша берілгендер қатарынан қабылданды

Шешім қабылданған

олардың ішінде:

Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде (бұдан әрі-СДТБТ) өтініштерді және хабарламаларды тіркеу туралы

қараусыз қалдырылған және номенклатуралық істе сақталған

Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің (бұдан әрі-ҚР ҚПК) 181-бабының 5-бөлігіне сәйкес, уәкілетті мемлекеттік органға немесе лауазымды тұлғаға жіберілген

кінәлі адамды әкімшілік немесе тәртіптік жауаптылыққа тарту туралы мәселелерді қарау құзыретіне кіретін уәкілетті органға (лауазымды тұлғаға) жолданған

Ақпаратты есепке алу кітабына қоса біріктірілген

СДТБТ-ға қоса тіркелген



1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

Барлығы келіп түскен өтініштер мен хабарлар және өзге де ақпараттарды қарау туралы

1












жеке және заңды тұлғаның жазбаша арызы

2











жеке және заңды тұлғаның ауызша арызы

3











органның немесе ұйымның лауазымды тұлғасының хабарламасы

4











кінәсін мойындап келу

5











бұқаралық ақпарат құралдарындағы хабар

6











лауазымды тұлғаның баянаты

7











Жедел басқарма орталығының хабары

8











анықталмаған тұлғаның арызы

9











лауазымды тұлғаның бастамашылық баянаты (жедел іздестіру іс-шарасы барысында қызметкерлер анықтаған)

10











Бұдан бұрын ҚР ҚПК 181-бабының 5-бөлігінің тәртібінде, уәкілетті мемлекеттік органнан келіп түскен

11











Отбасы-тұрмыстық саладағы қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы өтініштер және хабарлардың саны

12











Салықтық тексеру шеңберінде қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арыздардың, хабарлардың және өзге де ақпараттардың саны

13











Жеке адамға қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арыздардың, хабарлардың және өзге де ақпараттардың саны

14











Отбасына және кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арыздардың, хабарлардың және өзге де ақпараттардың саны

15











Адамның және азаматтың конституциялық және өзге де құқықтары мен бостандықтарына қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арыздардың, хабарлардың және өзге де ақпараттардың саны

16











Бейбітшілікке және адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арыздардың, хабарлардың және өзге де ақпараттардың саны

17











Мемлекеттің конституциялық құрылысының негіздеріне және қауіпсіздігіне қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арыздардың, хабарлардың және өзге де ақпараттардың саны

18











Меншікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арыздардың, хабарлардың және өзге де ақпараттардың саны

19











Ақпараттандыру және байланыс саласындағы қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арыздардың, хабарлардың және өзге де ақпараттардың саны

20











Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арыздардың, хабарлардың және өзге де ақпараттардың саны

21











Коммерциялық және өзге де ұйымдардағы қызмет мүдделеріне қайшы қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арыздардың, хабарлардың және өзге де ақпараттардың саны

22











Қоғамдық қауіпсіздікке және қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арыздардың, хабарлардың және өзге де ақпараттардың саны

23











Халық денсаулығына және имандылыққа қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арыздардың, хабарлардың және өзге де ақпараттардың саны

24











Медициналық қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арыздардың, хабарлардың және өзге де ақпараттардың саны

25











Экологиялық қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арыздардың, хабарлардың және өзге де ақпараттардың саны

26











Көліктегі қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арыздардың, хабарлардың және өзге де ақпараттардың саны

27











Мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы сыбайлас жемқорлық және өзге де қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арыздардың, хабарлардың және өзге де ақпараттардың саны

28











Баскару тәртібіне қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арыздардың, хабарлардың және өзге де ақпараттардың саны

29











Сот төрелігіне және жазалардың орындалу тәртібіне қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арыздардың, хабарлардың және өзге де ақпараттардың саны

30











Әскери қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арыздар, хабарлар және өзге де ақпараттар саны

31











      Кестенің жалғасы

олардың ішінде:

қарау мерзімдері

аумақтылығы бойынша берілген, бірақ өтініштер, хабарламалар бойынша шешімдер қабылданбаған

Есептен жасырынған қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арыздарды, хабарламаларды және өзге ақпараттардың анықталған барлық саны

Жеке тәртіпте қарау үшін сотқа жолданған

ҚР ҚПК 181-бабының 3-бөлігінің талаптарына сәйкес келтіру үшін қайтарылды

аумақтылық, ведомствалық бойынша берілген

Шешім 24 сағат ішінде қабылданған

Шешім тәуліктік мерзімді бұзып қабылданған

Шешімдер қабылданбаған

оның ішінде

мерзімдері өткен

11

12

13

14

15

16

17

18

19
























































































































































































































































































  Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының
міндетін атқарушысының
2020 жылғы 15 қаңтардағы
№ 11 бұйрығына
2-қосымша

"Қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арыздарды, хабарларды және өзге де ақпараттарды қарау туралы" есеп нысанын қалыптастыру жөніндегі нұсқаулық

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы "Қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арыздарды, хабарламаларды және өзге де ақпаратты қарау туралы" есеп нысанын қалыптастыру жөніндегі нұсқаулық қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арыздар, хабарлар және өзге де ақпарат туралы ақпаратты қалыптастырудың негізгі ережелерін айқындайды (бұдан әрі – есеп).

      2. Есептің нысаналы мақсаты қылмыстық қудалау органдарына келіп түсетін қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы Ақпараттарды есепке алу кітабында (бұдан әрі – АЕК) тіркелген арыздардың, хабарлардың және өзге де ақпараттың мазмұнын сипаттайтын статистикалық ақпаратты және оларды қарау нәтижелерін, олар бойынша қабылданған шешімдердің мерзімдері мен негізділігін есепке алудан, жинақтаудан және жүйелеуден тұрады.

      3. Осы статистиканың субъектілері қылмыстық қудалау органдары болып саналады.

      4. Есепті қалыптастыру үшін "Қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арызды, хабарларды немесе баянатты қабылдау және тіркеу, сондай-ақ Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы" (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 89 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9744 болып тіркелген) Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінің К-1 "АЕК-ке есепке алу" және К-2 "АЕК бойынша шешім" электрондық ақпараттық есепке алу құжаттары (бұдан әрі – ЭАЕҚ) негіз болып табылады.

      5. Қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арызды, хабарды немесе баянатты қабылдау және тіркеу тәртібі қағидалармен регламенттелген.

      6. Есеп өңір бойынша жиынтық есептен және осы өңірдің әрбір қылмыстық қудалау және прокуратура органдары жөніндегі есептерден тұрады. Жиынтық есептің 1 және 2-бағандарындағы көрсеткіштер қылмыстық қудалау органы бойынша есептің көрсеткіштеріне тең болуы керек.

      Жиынтық есептің басқа көрсеткіштері қылмыстық қудалау органдары бойынша есептердің тиісті көрсеткіштерімен бірдей болуы қажет.

      Республика бойынша, сондай-ақ өңір бойынша және әрбір құқықтық статистика субъектісі бойынша жиынтық есеп ЭАЕҚ мәліметтері негізінде Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің (бұдан әрі – Комитет) орталық аппаратында автоматтандырылған режимде жасалады.

      Комитеттің аумақтық органдарының бастықтары жергілікті жерлердегі ЭАЕҚ мәліметтерінің дұрыстығын қамтамасыз етеді.

2-тарау. Есепті ұсыну мерзімдері

      7. Комитет есепті ай сайын ұлғаю қорытындысымен қалыптастырады. Комитеттің аумақтық басқармаларының бастықтары ЭАЕҚ мәліметтерін өңдеуді есептік айдың соңғы күні сағат 24.00-ге дейін қамтамасыз етеді.

      8. Комитеттің аумақтық басқармалары орталық аппаратқа түсірген ЭАЕҚ мәліметтері негізінде, Комитет жалпы республика бойынша жиынтық есепті, сондай-ақ қылмыстық қудалау органдарының өңірлер бойынша және жалпы республика бойынша есептерін құрастырады.

      Комитет жиынтық есепті және құқықтық статистика субъектілеріне мүдделі әрбір қылмыстық қудалау органы бойынша есептерді, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының бөлімшелеріне есептік кезеңнен кейінгі айдың 4-күніне олардың ресми электрондық мекенжайларына электрондық форматта ұсынады.

      Егер мерзімнің аяқталуы жұмыс күніне сәйкес келмесе (демалыс, мереке күні), мерзімнің соңғы күні одан кейінгі бірінші жұмыс күні болып есептеледі.

      Белгілі бір уақыт кезеңінде қалыптастырылған, бекітілген есепке қандай да бір түзетулер енгізуге жол берілмейді.

3-тарау. Есепті қалыптастырудың құрылымы мен тәртібі

      9. Есеп қылмыстық құқық бұзушылық туралы қылмыстық қудалау органдары тіркеген арыздар, хабарлар және өзге де ақпараттар, сондай-ақ, есептік кезеңнің басы мен соңында шешімдер қабылданбаған, оларды қарау мерзімдері туралы мәліметтерді бейнелейді.

      10. 1-бағанда есептік жылдың басындағы шешімдері қабылданбаған қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы қаралмаған арыздардың, хабарлардың және өзге де ақпараттың қалдығы ұлғаю қорытындысымен көрсетіледі.

      11. 2-бағанда Ақпараттарды есепке алу кітабында есептік кезеңде тіркелген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арыздардың, хабарлардың және өзге де ақпараттың саны бейнеленеді.

      12. Есептік жылдың басындағы қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы қаралмаған арыздар, хабарлар және өзге де ақпараттар көрсеткіштерінің мөлшері (1-баған) және есептік кезеңде тіркелген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арыздар, хабарлар және өзге де ақпараттар саны (2-баған) қабылданған шешімдер жөніндегі көрсеткіштер сомасына тең болуы тиіс.

      13. 3-бағанда қылмыстық қудалау органы шешім қабылдаған қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арыздар, хабарлар және өзге де ақпараттар есепке алынады.

      14. 5-бағанда қабылданған шешімдердің жалпы санынан СДТБТ-да тіркелген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арыздар мен хабарлардың және өзге де ақпараттардың саны көрсетіледі.

      15. 6-бағанда номенклатуралық іске шығару туралы қабылданған шешімдермен расталмаған ақпарат есепке алынады, ол кейіннен номенклатуралық істе (нарядта) сақталады (4-бағанның көрсеткішінен).

      16. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің (бұдан әрі-ҚПК) 181-бабының 5-бөлігіне сәйкес уәкілетті мемлекеттік органдарға немесе лауазымды тұлғаларға жолданған қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арыздар мен хабарлар және өзге де ақпарат есептің 7-бағанында бейнеленеді.

      17. Қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арыздар мен хабарламалардың және өзге де ақпараттың басқа негіздері болған кезде, құзыретіне әкімшілік және тәртіптік жауаптылыққа тарту туралы мәселелерді қарау жататын уәкілетті органға (лауазымды адамға) жіберіледі, олар 8-бағанда көрсетіледі.

      18. 9-бағанда бір факт бойынша АЕК-ге бұдан бұрын қоса біріктірілген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арыздар, хабарлар және өзге де ақпараттар есепке алынады.

      Бұл ретте, олар бойынша қабылданған процестік шешімдер есепке алынбайды.

      19. Сотқа жеке тәртіппен жолданған қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы өтініштердің, хабарлардың және өзге де ақпараттың саны туралы деректер 10-бағанда көрсетіледі.

      20. 12-бағанда, егер ақпаратты қарау басқа қылмыстық қудалау органының құзыретіне жататын болса, аумақтылығы немесе ведомстволық бағыныстылығы бойынша қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арыздар мен хабарларды және өзге де ақпаратты жолдау туралы мәліметтер қамтылады.

      21. Қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арыздарды, хабарларды және өзге де ақпаратты қарау мерзімдері туралы мәліметтер 14-17-бағандарда, оның ішінде 14-бағанда - жиырма төрт (24) сағат мерзім ішінде, 15-бағанда бір тәулікке мерзімі бұзылған, 16-бағанда – қабылданбаған шешімдер бойынша, 17-бағанда соның ішінде олар бойынша мерзімдері өткендер (14-бағаннан) бейнеленеді.

      22. 18-бағандарда аумақтылығы бойынша жолданған, бірақ олар бойынша шешім қабылданбаған қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арыздар мен хабарлар жөніндегі мәліметтер бейнеленеді.

      Аумақтылығы бойынша басқа да облысқа, сондай-ақ қылмыстық қудалаудың басқа органдарынан тергеуде болуы бойынша берілген қылмыстық құқық бұзушылық туралы арыз, хабар және өзге де ақпарат қайта тіркеуге жатпайды және тексеру іс-шаралары АЕК-нің бұдан бұрын берген тіркеу нөмірімен, ЭАЕҚ-ның тиісті нысаны толтырылып жүзеге асырылады.

      23. 19-бағанында тіркеуден жасырынған, бірақ нәтижесінде анықталған және тиісті түрде тіркелген құқық бұзушылықтар туралы өзге ақпараттар, хабарлар мен өтініштердің саны бейнеленеді.

      Құқық бұзушылықтар туралы жасырын қалған басқа ақпараттар, хабарлар мен өтініштер туралы ақпараттар есепке алынады және есепке алу-тіркеу тәртіп бұзушылығы анықталған қылмыстық қудалау органының бөлімшелерінің есебіне тіркеуге жатады.

      24. 1-жолда есептік кезеңде келіп түскен қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арыздардың, хабарлардың және өзге де ақпараттың жалпы саны бейнеленеді.

      25. 2 - 11 жолдарда ҚР ҚПК 180-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастауға себеп болған қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арыздар, хабарлар және өзге де ақпараттар есепке алынады.

      26. 12-жолда отбасылық-тұрмыстық саладағы құқық бұзушылықтар туралы арыздар мен хабарлардың саны туралы мәліметтер бейнеленеді.

      13-жолда салықтық тексеру шеңберінде жасалған құқық бұзушылықтар туралы мәліметтер болады.

      27. 14-тен 31-ге дейінгі жолдарда Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің Ерекше бөлігінің тарауларында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арыздар мен хабарлардың саны туралы мәліметтер көрсетіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады