"Қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арыздарды, хабарларды және өзге де ақпаратты қарау туралы" есеп нысанын, оны қалыптастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2023 жылғы 9 қаңтардағы № 13 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 13 қаңтарда № 31686 болып тіркелді

      "Прокуратура туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 9-бабының 22) тармақшасына, "Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабының 12) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мынадай:

      1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес "Қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арыздарды, хабарларды және өзге де ақпаратты қарау туралы" есеп нысаны;

      2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес "Қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арыздарды, хабарларды және өзге де ақпараттарды қарау туралы" есепті қалыптастыру жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.

      2. "Қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арыздарды, хабарларды және өзге де ақпаратты қарау туралы" есеп нысанын, оны қалыптастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының міндетін атқарушының 2020 жылғы 15 қаңтардағы № 11 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19886 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі – Комитет):

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы бұйрықтың көшірмесін құқықтық статистика және арнайы есепке алудың мүдделі субъектілеріне мәлімет үшін, сондай-ақ Комитеттің аумақтық органдарына орындау үшін жіберуді қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитет төрағасына жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Бас Прокуроры
Б. Асылов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ішкі істер министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық қауіпсіздік комитеті


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржылық мониторинг агенттігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Сыбайлас жемқорлыққа қарсы

      іс-қимыл агенттігі

      (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет)


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Мемлекеттік күзет қызметі

  Қазақстан Республикасы
Бас Прокуроры
2023 жылғы 9 қаңтардағы
№ 13 бұйрығына
1 қосымша
нысан

"Қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арыздарды, хабарларды және өзге де ақпаратты қарау туралы" есеп

Атауы

Жол коды

Есептік кезеңнің басында қаралмаған қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арыздар, хабарламалар және өзге де ақпараттар қалдығы

Есепті кезеңде тіркелген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы жолданымдардың, хабарламалардың және өзге де ақпараттардың саны

Тергеуде болуы бойынша берілгендер қатарынан қабылданды

Шешім қабылданған

олардың ішінде:

Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде (бұдан әрі – СДТБТ) жолданымдарды және хабарламаларды тіркеу туралы

қараусыз қалдырылған және номенклатуралық істе сақталған

Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің (бұдан әрі - ҚР ҚПК) 181-бабының 5-бөлігіне сәйкес, уәкілетті мемлекеттік органға немесе лауазымды адамға жіберілген

кінәлі адамды әкімшілік немесе тәртіптік жауаптылыққа тарту туралы мәселелерді қарау құзыретіне кіретін уәкілетті органға (лауазымды адамға) жолданған

Ақпаратты есепке алу кітабына қоса біріктірілген

СДТБТ-ға қоса тіркелген

 А

Б 

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

Барлығы келіп түскен жолданымдар мен хабарлар және өзге де ақпараттарды қарау туралы

1












жеке және заңды адамның жазбаша арызы

2











жеке және заңды адамның ауызша арызы

3











органның немесе ұйымның лауазымды адамының хабарламасы

4











кінәсін мойындап келу

5











бұқаралық ақпарат құралдарындағы хабар

6











лауазымды адамның баянаты

7











Жедел басқарма орталығының хабары

8











анықталмаған адамның арызы

9











лауазымды адамның бастамашылық баянаты (жедел іздестіру іс-шарасы барысында қызметкерлер анықтаған)

10











Бұдан бұрын ҚР ҚПК 181-бабының 5-бөлігінің тәртібінде, уәкілетті мемлекеттік органнан келіп түскен

11











Отбасы-тұрмыстық саладағы қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы жолданымдар және хабарлардың саны

12











 Салықтық тексеріс шеңберінде қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арыздардың, хабарлардың және өзге де ақпараттардың саны

13











 Жеке адамға қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арыздардың, хабарлардың және өзге де ақпараттардың саны

14











 Отбасына және кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арыздардың, хабарлардың және өзге де ақпараттардың саны

15











 Адамның және азаматтың конституциялық және өзге де құқықтары мен бостандықтарына қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арыздардың, хабарлардың және өзге де ақпараттардың саны

16











Бейбітшілікке және адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арыздардың, хабарлардың және өзге де ақпараттардың саны

17











 Мемлекеттің конституциялық құрылысының негіздеріне және қауіпсіздігіне қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арыздардың, хабарлардың және өзге де ақпараттардың саны

18











Меншікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арыздардың, хабарлардың және өзге де ақпараттардың саны

19











 Ақпараттандыру және байланыс саласындағы қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арыздардың, хабарлардың және өзге де ақпараттардың саны

20











 Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арыздардың, хабарлардың және өзге де ақпараттардың саны

21











 Коммерциялық және өзге де ұйымдардағы қызмет мүдделеріне қайшы қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арыздардың, хабарлардың және өзге де ақпараттардың саны

22











 Қоғамдық қауіпсіздікке және қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арыздардың, хабарлардың және өзге де ақпараттардың саны

23











 Халық денсаулығына және имандылыққа қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арыздардың, хабарлардың және өзге де ақпараттардың саны

24











 Медициналық қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арыздардың, хабарлардың және өзге де ақпараттардың саны

25











 Экологиялық қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арыздардың, хабарлардың және өзге де ақпараттардың саны

26











 Көліктегі қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арыздардың, хабарлардың және өзге де ақпараттардың саны

27











 Мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы сыбайлас жемқорлық және өзге де қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арыздардың, хабарлардың және өзге де ақпараттардың саны

28











 Баскару тәртібіне қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арыздардың, хабарлардың және өзге де ақпараттардың саны

29











 Сот төрелігіне және жазалардың орындалу тәртібіне қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арыздардың, хабарлардың және өзге де ақпараттардың саны

30











Әскери қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арыздар, хабарлар және өзге де ақпараттар саны

31











Азаптауларға қатысты қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы жолданымдар және хабарлардың саны

32











Адам саудасы қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы жолданымдар және хабарлардың саны

33











      Кестенің жалғасы

олардың ішінде:

қарау мерзімдері

аумақтылығы бойынша берілген, бірақ жолданымдар, хабарламалар бойынша шешімдер қабылданбаған

Есептен жасырынған қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арыздарды, хабарламаларды және өзге ақпараттардың анықталған барлық саны

Жеке тәртіпте қарау үшін сотқа жолданған

ҚР ҚПК 181-бабының 3-бөлігінің талаптарына сәйкес келтіру үшін қайтарылды

аумақтылық, ведомствалық бойынша берілген

Шешім 24 сағат ішінде қабылданған

Шешім тәуліктік мерзімді бұзып қабылданған

Шешімдер қабылданбаған

оның ішінде

мерзімдері өткен

11

12

13

14

15

16

17

18

19










































































































































































































































































































  Қазақстан Республикасы
Бас Прокуроры
2023 жылғы 9 қаңтардағы
№ 13 бұйрығына
2 қосымша

"Қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арыздарды, хабарларды және өзге де ақпаратты қарау туралы" есепті қалыптастыру жөніндегі нұсқаулық 1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы "Қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арыздарды, хабарларды және өзге де ақпаратты қарау туралы" есепті қалыптастыру жөніндегі нұсқаулық қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арыздар, хабарлар және өзге де ақпарат туралы есепті қалыптастырудың негізгі ережелерін анықтайды (бұдан әрі – есеп).

      2. Есептің мақсаты есептің субъектілеріне келіп түсетін қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы Ақпараттарды есепке алу кітабында (бұдан әрі – АЕК) тіркелген арыздардың, хабарлардың және өзге де ақпараттың мазмұнын сипаттайтын құқықтық статистикалық ақпаратты және оларды қарау нәтижелерін, олар бойынша қабылданған шешімдердің мерзімдері мен негізділігін есепке алудан, жинақтаудан және жүйелеуден тұрады.

      3. Есептің субъектілері "Құқық қорғау қызметі туралы" және "Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы" Қазақстан Республикасының заңдарымен көзделген мемлекеттік органдары (бұдан әрі – құқықтық статистика субъектілері) болып табылады.

      4. Есеп Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 89 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9744 болып тіркелген) Қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арызды, хабарларды немесе баянатты қабылдау және тіркеу, сондай-ақ Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімін жүргізу қағидаларының 1-қосымшасына сәйкес (бұдан әрі – Қағидалар) К-1 "АЕК-ке есепке алу" және Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес К-2 "АЕК бойынша шешім" нысандарының (бұдан әрі – нысандар) негізінде қалыптастырылады.

      5. Қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арызды, хабарды немесе баянатты қабылдау және тіркеу тәртібі Қағидалармен регламенттелген.

      6. Есеп республика бойынша, өңірлер бойынша, әрбір құқықтық статистика субъектісі бойынша жиынтық есептен тұрады.

      Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің (бұдан әрі – Комитет) аумақтық органдарының бастықтары Комитеттің ақпараттық жүйелеріне келіп түсетін мәліметтердің дұрыстығын қамтамасыз етеді.

2-тарау. Есепті қалыптастыру мерзімдері

      7. Есеп тоқсан сайын үдемелі қорытындымен Комитеттің орталық аппаратында автоматтандырылған режимде қалыптастырылады.

      Нысандарды Комитеттің ақпараттық жүйелеріне соңғы рет есепті кезеңнің соңғы күнінде 00:00 сағатқа дейін (Астана қаласының уақыты бойынша) жүктегеннен кейін белгілі бір уақыт аралығында қалыптастырылған (статистикалық кесім) есепті есептеу жүргізіледі.

      Белгілі бір уақыт аралығында қалыптастырылған (статистикалық кесім), бекітілген есепке кез-келген түзетулер енгізуге тыйым салынады.

      8. Комитет есепті электрондық форматта құқықтық статистика субъектілерінің және Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының құрылымдық бөлімшелерінің ресми электрондық мекенжайларына есепті кезеңнен кейінгі айдың 4-күніне орай жібереді.

      Егер мерзімнің аяқталуы жұмыс күніне тура келмесе (демалыс, мереке), онда одан кейінгі бірінші жұмыс күні мерзімнің соңғы күні болып есептеледі

3-тарау. Есепті құрылымы және қалыптастыру тәртібі

      9. Есеп құқықтық статистика субъектілері тіркеген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арыздар, хабарлар және өзге де ақпараттар, сондай-ақ, есептік кезеңнің басы мен соңында шешімдер қабылданбаған, оларды қарау мерзімдері туралы мәліметтерді көрсетеді.

      10. 1-бағанда есептік жылдың басындағы шешімдері қабылданбаған қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы қаралмаған арыздардың, хабарлардың және өзге де ақпараттың қалдығы ұлғаю қорытындысымен көрсетіледі.

      11. 2-бағанда АЕК-да есептік кезеңде тіркелген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арыздардың, хабарлардың және өзге де ақпараттың саны көрсетіледі.

      12. Есептік жылдың басындағы қаралмаған қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арыздар, хабарлар және өзге де ақпараттар көрсеткіштерінің мөлшері (1-баған) және есептік кезеңде тіркелген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арыздар, хабарлар және өзге де ақпараттар саны (2-баған) қабылданған шешімдер жөніндегі көрсеткіштер сомасына тең болуы тиіс.

      3-бағанда берілгендер арасынан АЕК-да қабылданған қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арыздар, хабарлар және өзге де ақпараттардың саны көрсетіледі.

      13. 4-бағанда құқықтық статистика субъектілері шешім қабылдаған қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арыздар, хабарлар және өзге де ақпараттар есепке алынады.

      14. 5-бағанда қабылданған шешімдердің жалпы санынан Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арыздар мен хабарлардың және өзге де ақпараттардың саны көрсетіледі.

      15. 6-бағанда номенклатуралық іске шығару туралы қабылданған шешімдермен расталмаған ақпарат есепке алынады, ол кейіннен номенклатуралық істе (нарядта) сақталады (4-бағанның көрсеткішінен).

      16. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің (бұдан әрі - ҚР ҚПК) 181-бабының 5-бөлігі бойынша шешім қабылданған қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арыздар мен хабарлар және өзге де ақпарат есептің 7-бағанында көрсетіледі.

      17. Қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арыздар мен хабарлардың және өзге де ақпараттың басқа негіздері болған кезде, ҚР ҚПК-нің 179-бабының 4-бөлігі бойынша шешимдер қабылданады, олар 8-бағанда көрсетіледі.

      18. 9, 10-бағандарда бағанда бір факті бойынша АЕК-да бұдан бұрын тіркелгенге қоса біріктірілген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арыздар, хабарлар және өзге де ақпараттар есепке алынады.

      Бұл ретте, олар бойынша қабылданған процестік шешімдер есепке алынбайды.

      19. Сотқа жеке тәртіппен жіберілген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арыздардың, хабарлардың және өзге де ақпараттың саны туралы деректер 11-бағанда көрсетіледі.

      20. 12, 13-бағандарда, егер ақпаратты қарау құқықтық статистика субъектінің құзыретіне жататын болса, аумақтылығы немесе ведомстволық бағыныстылығы бойынша қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арыздар мен хабарларды және өзге де ақпаратты жолдау туралы мәліметтер қамтылады.

      21. Қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арыздарды, хабарларды және өзге де ақпаратты қарау мерзімдері туралы мәліметтер 14-17-бағандарда, оның ішінде 14-бағанда - жиырма төрт (24) сағат мерзімі ішінде, 15-бағанда бір тәулікке мерзімі бұзылған, 16-бағанда – қабылданбаған шешімдер бойынша, 17-бағанда оның ішінде, олар бойынша мерзімдері өткендер (14-бағаннан) көрсетіледі.

      22. 18-бағандарда аумақтылығы бойынша жіберілген, олар бойынша шешім қабылданбаған қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арыздар мен хабарлар жөніндегі мәліметтер көрсетіледі.

      23. 19-бағанында тіркеуден жасырынған, бірақ нәтижесінде анықталған және тиісті түрде тіркелген құқық бұзушылықтар туралы арыздардың, хабарлардың және өзге де ақпараттартың саны көрсетіледі.

      Жасырын қалған құқық бұзушылықтар туралы арыздар мен хабарлар, және өзге де ақпарат есепке алынады және есепке алу-тіркеу тәртіп бұзушылығы анықталған құқықтық статистика субъектісінің бөлімшесінің есебіне тіркеуге жатады.

      24. 1-жолда есептік кезеңде келіп түскен қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арыздардың, хабарлардың және өзге де ақпараттың жалпы саны көрсетіледі.

      25. 2 – 11 жолдарда ҚР ҚПК-нің 180-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастауға себеп болған қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арыздар, хабарлар және өзге де ақпараттар есепке алынады.

      26. 12-жолда отбасылық-тұрмыстық саладағы құқық бұзушылықтар туралы арыздар мен хабарлардың саны туралы мәліметтер көрсетіледі.

      13-жолда салықтық тексеру шеңберінде жасалған құқық бұзушылықтар туралы мәліметтер көрсетіледі.

      27. 14-тен 31-ге дейінгі жолдарда Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің Ерекше бөлігінің тарауларында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арыздар мен хабарлардың саны туралы мәліметтер көрсетіледі.

      28. 32-жолда адам саудасына байланысты, 33-жолда азаптаулар жасау туралы арыздар мен хабарлардың саны туралы мәліметтер көрсетіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады