"Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәсілін уәкілетті орган анықтайтын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 29 шілдедегі № 798 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің м.а. 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 90 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 31 қаңтарда № 19954 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілуі тәртібін 4-т. қараңыз.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәсілін уәкілетті орган анықтайтын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 29 шілдедегі № 798 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізімінде № 19121 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2019 жылғы 6 тамызда жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәсілін уәкілетті орган анықтайтын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі (бұдан әрі - Тізбе) жаңа редакцияда жазылсын.

      2. 2020 жылдың 1 шілдесінен бастап Тізбе осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес редакцияда қолданылады деп белгіленсін.

      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік сатып алу заңнамасы департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрық ресми жариялануға жатады және 2020 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін осы бұйрықтың 2-тармағын қоспағанда, 2020 жылғы 1 ақпаннан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қаржы Министрдың м.а. Б. Шолпанкулов

  Қазақстан Республикасының
  Қаржы министрінің
  міндетін атқарушының
  2020 жылғы 31 қаңтары
  № 90 бұйрығына
  1-қосымша
  Қазақстан Республикасы
  Премьер-Министрінің
  Бірінші орынбасары –
  Қазақстан Республикасы
  Қаржы министрінің
  2019 жылғы 29 шілдедегі
  № 798 бұйрығымен
  бекітілген

Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәсілін уәкілетті орган анықтайтын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі

Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің атауы

Мемлекеттік сатып алудыжүзеге асыру тәсілі

1.

Құрылыс-монтаждау жұмыстары

Алдын ала біліктілік іріктеумен жүргізілетін конкурс

2.

Құндық мәндегі жылдық көлемі республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің төрт жүз мың еселенген мөлшерінен аспайтын жұмыстар

Алдын ала біліктілік іріктеумен жүргізілетін конкурс

3.

ЖиҺаз өнімі

Алдын ала біліктілік іріктеумен жүргізілетін конкурс

4.

Жеңіл өнеркәсіп тауарлары

Алдын ала біліктілік іріктеумен жүргізілетін конкурс

5.

Сенімді бағдарламалық қамтамасыз ету және электрондық өнеркәсіп өнімі тізіліміне енгізілген (ақпараттандыру объектілерінің сыныптауышына сәйкес)бағдарламалық қамтамасыз ету және электрондық өнеркәсіп өнімдері санаттарына жататын тауарлар

Алдын ала біліктілік іріктеумен жүргізілетін конкурс

6.

Ақпараттандыру объектілерін құру және дамыту жөніндегі қызметтер

Алдын ала біліктілік іріктеумен жүргізілетін конкурс

7.

Жүк-жолаушы автомобильдер-фургондарды және жарыс автомобильдерін қоса алғанда (8702 тауар позициясының моторлы көлік құралдарынан басқа) жеңiл автомобильдер және ең алдымен адамдарды тасымалдауға арналған өзге қозғалтқыш көлік құралдары (қозғалтқыш және электрондық өнеркәсіп өнімдерінен басқа)

Алдын ала біліктілік іріктеумен жүргізілетін конкурс

8.

Электр трансформаторлары, статикалық электр өзгерткіштері, түзеткіштер, индуктивтілік орауыштар және дроссельдер

Алдын ала біліктілік іріктеумен жүргізілетін конкурс

9.

Оқшауланған сымдар (эмальданғандарын немесе анодталғандарын қоса алғанда), кабельдер (коаксиальды кабельдерді қоса алғанда) мен басқа да жалғағыш тетіктері бар немесе жоқ оқшауланған электр өткізгіштер; олардың электр өткізгіштермен немесе жалғағыш тетіктермен бірге болғанына немесе болмағанына қарамастан, жеке қабыршағы бар талшықтардан құралған талшықты-оптикалық кабельдер

Алдын ала біліктілік іріктеумен жүргізілетін конкурс

      Ескертпе:

      1. "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Заңының (бұдан әрі – Заң) 31-бабының 1-тармағына сәйкес олар бойынша мемлекеттік сатып алу алдын ала біліктілікті іріктей отырып конкурс тәсілімен жүзеге асырылатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі бойынша мемлекеттік сатып алуды өткізу Заңның 39-бабының 3-тармағында көзделген жағдайларда жүзеге асырылатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуға қолданылмайды.

      2. Осы тізбенің 3-9–тармақтары бойынша алдын ала біліктілік іріктеуі бар конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу өтпеді деп танылған жағдайда, тапсырыс берушілер мұндай мемлекеттік сатып алуды Заңның 13-бабында айқындалған өзге де тәсілдермен жүзеге асыруға құқылы.

  Қазақстан Республикасының
  Қаржы министрінің
  міндетін атқарушының
  2020 жылғы 31 қаңтары
  № 90 бұйрығына
  2-қосымша
  Қазақстан Республикасы
  Премьер-Министрінің
  Бірінші орынбасары –
  Қазақстан Республикасы
  Қаржы министрінің
  2019 жылғы 29 шілдедегі
  № 798 бұйрығымен
  бекітілген

Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәсілін уәкілетті орган анықтайтын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі

Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің атауы

Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәсілі

1.

ЖиҺаз өнімі

Алдын ала біліктілік іріктеумен жүргізілетін конкурс

2.

Жеңіл өнеркәсіп тауарлары

Алдын ала біліктілік іріктеумен жүргізілетін конкурс

3.

Сенімді бағдарламалық қамтамасыз ету және электрондық өнеркәсіп өнімі тізіліміне енгізілген бағдарламалық қамтамасыз ету және электрондық өнеркәсіп өнімдері санаттарына жататын тауарлар (ақпараттандыру объектілерінің сыныптауышына сәйкес)

Алдын ала біліктілік іріктеумен жүргізілетін конкурс

4.

Ақпараттандыру объектілерін құру және дамыту жөніндегі қызметтер

Алдын ала біліктілік іріктеумен жүргізілетін конкурс

5.

Жеңiл автомобильдер және жүк-жолаушы автомобильдер-фургондарды және жарыс автомобильдерін қоса алғанда, негiзiнен адамдарды тасымалдауға арналған өзге де моторлы көлiк құралдары (8702 тауар позициясының моторлы көлік құралдарынан басқа)

Алдын ала біліктілік іріктеумен жүргізілетін конкурс

6.

Электр трансформаторлары, статикалық электр өзгерткіштері, түзеткіштер, индуктивтілік орауыштар және дроссельдер

Алдын ала біліктілік іріктеумен жүргізілетін конкурс

7.

Оқшауланған сымдар (эмальданғандарын немесе анодталғандарын қоса алғанда), кабельдер (коаксиальды кабельдерді қоса алғанда) мен басқа да жалғағыш тетіктері бар немесе жоқ оқшауланған электр өткізгіштер; олардың электр өткізгіштермен немесе жалғағыш тетіктермен бірге болғанына немесе болмағанына қарамастан, жеке қабыршағы бар талшықтардан құралған талшықты-оптикалық кабельдер

Алдын ала біліктілік іріктеумен жүргізілетін конкурс

      Ескертпе:

      1. "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Заңының (бұдан әрі – Заң) 31-бабының 1-тармағына сәйкес олар бойынша мемлекеттік сатып алу алдын ала біліктілікті іріктей отырып конкурс тәсілімен жүзеге асырылатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі бойынша мемлекеттік сатып алуды өткізу Заңның 39-бабының 3-тармағында көзделген жағдайларда жүзеге асырылатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуға қолданылмайды.

      2. Алдын ала біліктілік іріктеуі бар конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу өтпеді деп танылған жағдайда, тапсырыс берушілер мұндай мемлекеттік сатып алуды Заңның 13-бабында айқындалған өзге де тәсілдермен жүзеге асыруға құқылы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады