Мал қорымдарының (биотермиялық шұңқырлардың) тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 3 ақпандағы № 35 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 6 ақпанда № 19987 болып тіркелді

      "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 46-29) тармақшасына және "Мемлекеттік статистика туралы" 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңының 16-бабының 3 тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Мал қорымдарының (биотермиялық шұңқырлардың) тізілімін жүргізу қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық, фитосанитариялық және тамақ қауіпсіздігі департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
С. Омаров

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

      Статистика комитеті

  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2020 жылғы 3 ақпандағы
№ 35 бұйрығымен бекітілген

Мал қорымдарының (биотермиялық шұңқырлардың) тізілімін жүргізу қағидалары

1–тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Мал қорымдарының (биотермиялық шұңқырлардың) тізілімін жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 46-29) тармақшасына, "Мемлекеттік статистика туралы" 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3 тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді және мал қорымдарының (биотермиялық шұңқырлардың) тізілімін жүргізу тәртібін айқындайды.

      2. Мал қорымдарының (биотермиялық шұңқырлардың) тізілімін (бұдан әрі – Тізілім) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары ұсынатын деректердің (мәліметтердің) негізінде осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша ветеринария саласындағы уәкілетті органның ведомствосы (бұдан әрі – Ведомство) жүргізеді.

      Тізілімде объектінің орналасқан жерінің (тұрған жерінің) әкімшілік-аумақтық бірлігі (облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан, облыстық маңызы бар қала, ауылдық округ, елді мекен және басқалар), ағымдағы жай-күйі (жұмыс істейді немесе жұмыс істемейді), координаттары, түрі, мөлшері, объектінің баланс ұстаушысы (меншік иесі) көрсетіле отырып, мал қорымдары (биотермиялық шұңқырлар), сібір жарасы көмінділері туралы деректер (мәліметтер) көрсетіледі.

2-тарау. Мал қорымдарының (биотермиялық шұңқырлардың) тізілімін жүргізу тәртібі

      3. Аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары облыстардың жергілікті атқарушы органдарына осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша Тізілімге енгізу үшін мал қорымдары (биотермиялық шұңқырлар) туралы деректерді (мәліметтерді) ұсынады.

      4. Облыстардың жергілікті атқарушы органдары мал қорымдары (биотермиялық шұңқырлар) туралы деректерді (мәліметтерді) талдайды және жинақтайды.

      5. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары 10 жұмыс күні ішінде Ведомствоға Тізілімде қамтылған объектілер туралы деректердің (мәліметтердің) қалыптастырылуына, енгізілуіне, түзетілуіне, жаңа объектілердің салынуына, табылуына қарай тиісті деректер (мәліметтер) жібереді.

      6. Ведомство мал қорымдарына әріптерден және цифрлық символдардан (символдар бір-бірімен қиғаш сызықпен бөлінеді) тұратын нөмір бере отырып әкімшілік-аумақтық бірліктер бөлінісінде мал қорымдары (биотермиялық шұңқырлар) туралы деректерді (мәліметтерді) Тізілімге енгізеді:

      бірінші символ – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың литерлік коды;

      екінші және үшінші символдар – ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) реттік нөмірі;

      төртінші-сегізінші символдар – Тізілімдегі реттік нөмір (облыс, республикалық маңызы бар қала, астана бойынша).

      Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың литерлік коды, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) реттік нөмірі Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 23 қаңтардағы № 7-1/37 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10466 болып тіркелген) бекітілген Жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға есептік нөмірлер беру қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес енгізіледі.

      Республикалық маңызы бар қалаларда, астанада мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды) нөмірлеу кезінде екінші және үшінші символдарда нөлдер көрсетіледі.

      7. Ведомство Тізілімді облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарына және Ведомствоның тиісті аумақтық бөлімшелеріне жібереді.

  Мал қорымдарының
(биотермиялық
шұңқырлардың)
тізілімін жүргізу
қағидаларына
қосымша

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан

      Мал қорымдарының (биотермиялық шұңқырлардың) тізілімі

      Әкімшілік деректер нысанының индексі: 1-см

      Кезеңділігі: тоқсан сайын

      Есепті кезең: 20___жылғы "_____"_________ жағдай бойынша

      Ақпарат ұсынатын тұлғалар тобы:

      Ауылдық округтың әкімдігі аудан әкімдігіне ақпаратты есепті тоқсаннан кейінгі айдың бесінші жұмыс күнінен кешіктірмей ұсынады;

      Аудан әкімдігі облыс әкімдігіне ақпаратты есепті тоқсаннан кейінгі айдың бесінші жұмыс күнінен кешіктірмей ұсынады;

      Облыс әкімдігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетіне ақпаратты есепті тоқсаннан кейінгі айдың он бесінші жұмыс күнінен кешіктірмей ұсынады.

Мал қорымдарының (биотермиялық шұңқырлардың) тізілімі

      1. __________________ бойынша мал қорымдары (биотермиялық шұңқырлар) туралы деректер (мәліметтер).

Облыстың, ауданның, ауылдық округтің атауы

Мал қорымының (биотермиялық шұңқырдың) нөмірі

Мал қорымының (биотермиялық шұңқырдың) типі (примитивті немесе үлгілік)

Мал қорымының (биотермиялық шұңқырлардың) мөлшері (алаңы)

Ағымдағы жай-күйі (жұмыс істейді немесе жұмыс істемейді)

Баланс
ұстаушы (меншік иесі)

1

2

3

4

5

6

7

1







2







Жалпы:






      2. __________________ бойынша сібір жарасы көмінділері туралы деректер (мәліметтер).

Облыстың, ауданның, ауылдық округтің атауы

Сібір жарасы көмінділерінің нөмірі

Топырақтың және
өсімдіктің сипаты

Сібір жарасы көмінділерінің өлшемі (алаңы)

Координаттары

объектінің сипаттамасы

Баланс ұстаушы (меншік иесі)

солтүстік
ендік

шығыс
бойлық

қоршау

айырым белгілері

мемлекеттік жер кадастрының ақпараттық жүйесіне енгізілді

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11























Жиыны:










      3. Деректерді ұсынушының байланыс деректері

Атауы ______________________ ___________________________________

Мекенжайы______________________________ ___________________________________

      Телефоны ______________________________________________________

      Электрондық почтасының мекенжайы _______________________________________

      Орындаушы

      _________________________________________________________________________

      аты және әкесінің аты (бар болса), тегі, қолы, телефоны

      Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам

      ___________________________________ _______________

      аты және әкесінің аты (бар болса), тегі            қолы

      Мөрдің орны

  Мал қорымдары
(биотермиялық
шұңқырлар)
тізілімінің нысанына
қосымша

Әкімшілік деректер нысанын толтыру бойынша түсіндірме Мал қорымдарының (биотермиялық шұңқырлардың) тізілімі (индексі: 1-см, кезеңділігі тоқсан сайын)

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы түсіндірме әкімшілік деректерді жинауға арналған "Мал қорымдарының (биотермиялық шұңқырлардың) тізілімі" нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.

      2. Нысан "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 46-29) тармақшасына сәйкес әзірленді.

      3. Нысанды кредиттік бюро тоқсан сайын жасайды және есепті кезеңнің соңындағы жағдай бойынша толтырылады.

      4. Нысанға бірінші басшы немесе ол есепке қол қоюға уәкілеттік берген адам және орындаушы қол қояды.

2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме

      Мал қорымдары (биотермиялық шұңқырлар) туралы деректер (мәліметтер)

      5. 2-бағанда облыстың, ауданның, ауылдық округтің атауы көрсетіледі.

      6. 3-бағанда есепті кезеңдегі мал қорымының (биотермиялық шұңқырлардың) нөмірі көрсетіледі.

      7. 4-бағанда мал қорымының (биотермиялық шұңқырлардың) типі өсу қорытындысымен көрсетіледі.

      8. 5-бағанда мал қорымының (биотермиялық шұңқырлардың) мөлшері көрсетіледі.

      9. 6-бағанда мал қорымының (биотермиялық шұңқырлардың) ағымдағы жай-күйі көрсетіледі.

      10. 7-бағанда мал қорымының (биотермиялық шұңқырлардың) баланс ұстаушысы көрсетіледі.

      Сібір жарасы көмінділері туралы деректер (мәліметтер)

      11. 2-бағанда облыстың, ауданның, ауылдық округтің атауы көрсетіледі.

      12. 3-бағанда есепті кезеңдегі сібір жарасы көмінділерінің нөмірі көрсетіледі.

      13. 4-бағанда топырақ пен өсімдіктердің сипаты көрсетіледі.

      14. 5-бағанда сібір жарасы көмінділерінің мөлшері көрсетіледі.

      15. 6 және 7-бағанда координаттар (ендік, бойлық) көрсетіледі.

      16. 8, 9 және 10-бағандарда сібір жарасы көмінділерінің сипаттамасы (қоршау, айырым белгілері, мемлекеттік жер кадастрының ақпараттық жүйесіне енгізу) көрсетіледі.

      17. 11-бағанда сібір жарасы көмінділерінің баланс ұстаушысы көрсетіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады