БҰЙЫРАМЫН:
1. "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 12 тамыздағы № 499 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14235 болып тіркелген, "Әділет" Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 28 қыркүйекте жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасында:
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Бағдарламаның мазмұны балалардың физикалық және психикалық дамуының келесі жас кезеңдерін қамтиды және келесі топтарда іске асырылады:
Бөбек жасы – 1-3 жас:
ерте жас – 1 жастан бастап (ерте жас тобы);
кіші жас – 2 жастан бастап (кіші топ);
Мектепке дейінгі жас – 3 жастан 1-сыныпқа қабылданғанға дейін:
мектепке дейінгі орта жас – 3 жастан бастап (ортаңғы топ);
мектепке дейінгі ересек жас – 4 жастан бастап (ересек топ);
мектепалды жас (мектепалды топ, сынып) - 5 жастан бастап;
"Ерте жастағы топ (1 жастан 2 жасқа дейін)" деген 2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"2-тарау. Ерте жас тобы (1 жастан бастап)";
"Бірінші кіші топ ( 2 жастан 3 жасқа дейін)" деген 3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"3-тарау. Кіші топ ( 2 жастан бастап)";
"Екінші кіші топ (3 жастан 4 жасқа дейін)" деген 4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"4-тарау. Ортаңғы топ (3 жастан бастап)";
"Ортаңғы топ (4 жастан 5 жасқа дейін)" деген 5-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"5-тарау. Ересектер тобы (4 жастан бастап)";
"Ересек топ (5 жастан 6 жасқа дейін)" деген 6-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"6-тарау. Мектепалды топ/сынып (5 жастан бастап)";
7-тарау алынып тасталсын.
2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім беру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Ш.Т. Кариноваға жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі |
А. Аймагамбетов |