"Азаматтығы жоқ адамдарға куәліктер және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктердің тұруына ықтиярхат беру" мемлекеттік қызметті көрсету тәртібін айқындайтын Ережелер бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 266 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 30 наурызда № 20195 болып тіркелді

      "Мемлекттік қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 10 бабынна сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған "Азаматтығы жоқ адамдарға куәліктер және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктердің тұруына ықтиярхат беру" мемлекеттік қызметті көрсету тәртібін айқындайтын қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон қызметі комитеті:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігініңКөші-қон қызметі комитетіне (М.Т. Қабденов) жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғаш ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткенсоңқолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты
Е. Тұрғымбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      сандық даму, инновация және

      аэроғарыштық өнеркәсіп министрілігі

  Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрінің
2020 жылғы 30 наурыздағы
№ 266 бұйрығына
1-қосымша

"Азаматтығы жоқ адамдарға куәліктер және ҚазақстанРеспубликасында тұрақты тұратын шетелдіктердің тұруына ықтиярхат беру" мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы "Азаматтығы жоқ адамдарға куәліктер және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратыншетелдіктердің тұруына ықтиярхат беру" мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленген және "Қазақстан Республикасында тұрақты тұратыншетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға азаматтығы жоқ адамның куәліктерін және шетелдіктің тұруға ықтиярхатын беру" мемлекеттік қызметті көрсету тәртібін (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызмет) айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) тұрақты тұруға арналған рұқсат - көшіп келушілерге Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген талаптарды сақтау кезінде ішкі істер органдары беретін және оларға Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұру құқығын беретін құжат;

      2) азаматтығы жоқ адамның куәлігі – өзінің қандай да бір мемлекеттің азаматтығына тиесілігіне дәлелдемесі жоқ жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат;

      3) шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат – Қазақстан Республикасының аумағында шетелдіктің жеке басын куәландыратын және оның Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алғандығын растайтын құжат;

      4) азаматтығы жоқ адам – Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын және өзге мемлекеттiң азаматтығына тиесілігінің дәлелдемелерi жоқ адам;

      5) шетелдік – Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын және өзінің басқа мемлекеттің азаматы болып табылатындығы туралы дәлелі бар адам;

      6) формуляр – нөмірі мен штрихты коды бар қатаң есептегі баспаханалық бланк, ол Қазақстан Республикасының құжаттандырылған халқының орталықтандырылған ақпараттық деректер базасына (бұдан әрі – деректер базасы) енгізілетін ақпаратты тасымалдағыш болып табылады және одан әрі берілген құжаттармен жеке тұлғаны сәйкестендіру мақсатында пайдаланылады;

      7) электрондық формуляр –жеке басын куәландыратын құжаттардыдайындау үшін нөмірі мен штрихты коды бар бланк (босқын куәлігінен басқа), "Халықты құжаттандыру және тіркеу" тіркеу пункті" (бұдан әрі – ХҚТ ТП) ақпараттық жүйелері арқылы ресімделеді және толтырылады.

2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      3. Мемлекеттік қызметті алу үшін Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алған жеке тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тұрғылықты жері бойынша "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ арқылы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) аумақттық полиция (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) органдарына жүгінеді.

      4. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасынан, нысанынан, мазмұнынан және нәтижесінен құралатын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі және мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескерген өзге де мәліметтер Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында осы Қағидаларға 1-қосымша нысанында баяндалған.

      5. Құжаттарды Мемлекеттік корпорация арқылы қабылдаған кезде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттарды қабылдағандығы туралы осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қолхат беріледі.

      Көрсетілетін қызметті алушының Мемлекеттік корпорацияға жүгінген күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді.

      6. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толықемес пакетін және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда құжаттарды қабылдаудан бас тартылады және осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес беру күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызмет көрсетуде бас тарту туралы қолхат беріледі.

      7. Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде:

      мыналарды:

      1) ІІМ-нің ақпараттық жүйесі арқылы көрсетілетін қызметті алушыда бұрын берілген құжаттардың болуын тексеруді;

      2) Жеке басын сәйкестендіруді және көрсетілетін қызметті алушының жеке қатысуымен көрсетілетін қызметті алушының жеке қолтаңбасын ұсынуды;

      3) ХҚТ ТП арқылы электрондық формулярды ресімдеуді немесе қағаз тасымалдағышта формулярды толтыруды (бұдан әрі – формуляр жүзеге асырады.

      2 (екі) жұмыс күні ішінде (жеделдетіп жасағанда бір жұмыс күні ішінде) электрондық формуляр ХҚТ ТП "жұмыс орнының" коды, не қағаз тасымалдағышта құжаттандыру кезінде формуляр тізілім бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың Полиция департаментінің Көші-қон қызметі басқармасына (бұдан әрі – ПД КҚҚБ) жіберіледі.

      8. ПД КҚҚБ жауапты қызметкері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 26 тамыздағы № 852 қаулысымен (бұдан әрі – Қаулы) бекітілген Қазақстан Республикасы азаматының паспортын, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхатты, азаматтығы жоқ адамның куәлігі мен босқын куәлігін ресімдеу, беру, ауыстыру, тапсыру, алып қою және жою қағидаларына сәйкес формулярды ресімдеу дұрыстығына тексеруді жүзеге асырады.

      Бұзушылықтар анықталған жағдайда формуляр қайтару себептерін көрсете отырып, пысықтауға қайтарылады.

      Бұзушылықтар болмаған жағдайда формулярды 3 (үш) жұмыс күні ішінде (жеделдетіп дайындаған кезде 1 жұмыс күні) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон қызмет комитетіне (бұдан әрі – КҚҚК) жолдайды.

      9. ІІМ КҚҚК жауапты қызметкері Қаулыға сәйкес формулярды ресімдеу дұрыстығына тексеруді жүзеге асырады.

      Бұзушылықтар анықталған жағдайда формуляр қайтару себептерін көрсете отырып, пысықтауға қайтарылады.

      Бұзушылықтар болмаған жағдайда формулярды 3 (үш) жұмыс күні ішінде (жеделдетіп дайындаған кезде 1 жұмыс күні) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің "Ақпараттық-өндірістік орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына (бұдан әрі – "АӨО" РМК) жолдайды.

      10. "АӨО" РМК 3 (үш) жұмыс күні ішінде (жеделдетіп дайындаған кезде 1 жұмыс күні) азаматтығы жоқ адамның куәлігін немесе шетелдіктің тұруға ықтиярхатын жасайды және дайын құжаттарды ІІМ КҚҚК-ға қайтарады.

      11. Дайын құжаттар 2 (екі) жұмыс күні ішінде аумақтық бөліністерге (жеделдетіп дайындаған кезде электрондық формуларды ресімдеу орны бойынша Мемлекеттік корпорацияға) жіберіледі.

      12. КҚҚБ жауапты қызметкері бір күн ішінде дайын құжаттарды құжаттандыру орны бойынша Мемлекеттік корпорацияға жібереді.

      13. Дайын құжаттарды Мемлекеттік корпорацияның қызметкерлері жеке басын куәландыратын құжатты (не нотариалдық расталған сенімхат бойынша оның өкілінің) ұсынған кезде береді.

      14. Пысықтауға қайтарылған формулярлар көрсетілетін қызметті берушіге келіп түскен күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде пысықталады.

      15. Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту негіздері "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 19-1 бабы 2 тармағы 1,2 тармақшасында көзделген.

      16. Егер көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алмаса, Мемлекеттік корпорация дайындаған күнінен бір жыл ішінде сақтауды қамтамасыз етеді, одан кейін оны көрсетілетін қызметті берушіге жоюға береді.

      17. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік көрсетілетін қызметті ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіпте мемлекеттік қызметті көрсету кезеңі туралы мемлекеттік қызметті көрсетуді мониторингілеудің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.

3-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымдыадамдарының,мемлекеттік корпорацияның және (немесе) олардыңқызметкерлерінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      18. Көші-қон саласындағы уәкілетті органның құрылымдық бөліністері қызметкерлерінің шешіміне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, уәкілетті орган басшысына және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға берілуі мүмкін.

      19. Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен, көрсетілетін қызметті алушының шағымы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабы 2) тармақшасына сәйкес оны тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қарастыруға жатады.

      20. Мемлекеттік қызметті көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен, көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарастыруға жатады.

      21. Мемлекеттік корпорация арқылы қызметті көрсету кезінде "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының қызметкерлерінің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым Мемлекеттік корпорацияның басшысы атына немесе ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органға беріледі.

      22. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте сотқа жүгінеді.

  Азаматтығы жоқ адамдарға
куәліктер және
Қазақстан Республикасында
тұрақты тұратын
шетелдіктердің тұруына
ықтиярхат беру
қағидаларына
1-қосымша

"АзаматтығыжоқадамдарғакуәліктержәнеҚазақстанРеспубликасындатұрақтытұратыншетелдіктердіңтұруынаыхтиярхат беру" мемлекеттіккөрсетілетін қызмет стандарты

1

Көрсетілетін қызметті берушінің
Атауы

Аумақтықполиция органдары.

2

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері (қол жеткізу арналары)
 

"Азаматтарға арналғанүкімет"мемлекеттіккорпорациясы" (бұданәрі – Мемлекеттік корпорация)


3

Мемлекеттікқызметтікөрсетумерзімі

Мемлекеттік қызметті көрсетумерзімі 17 (он жеті) жұмыс күні.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 26 тамыздағы № 852 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы азаматының паспортын, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхатты, азаматтығы жоқ адамның куәлігі мен босқын куәлігін ресімдеу, беру, ауыстыру, тапсыру, алып қою және жою қағидаларына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының қалауы бойынша 7 (жеті) жұмыс күні.
1)Құжаттар пакетін тапсыру үшін барынша рұқсат етілген күту уақыты – 15 (он бес) минут;
2)Көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің барынша рұқсат етілген уақыты – 30 (отыз) минут.
 

4

Мемлекеттікқызметтікөрсету
Нысаны

Қағазтүрінде

5

Мемлекеттiкқызметтікөрсетунәтижесі

АзаматтығыжоқадамныңкуәлiгіннемесешетелдіктіңҚазақстан Республикасындатұруғаықтиярхатын беру не мемлекеттікқызметкөрсетуден бас тартутуралыдәлелдіжауап

6

Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасындакөзделген жағдайдаларда оны алу тәсілдері

"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы кодексінің (Салық кодексі) 615-бабына сәйкес мемлекеттік баж салығы алынады, ол:
-азаматтығы жоқ адамның куәлігін ресімдеу кезінде-мемлекеттік бажды төлеу күніне белгіленген -8 АЕК-ты:
-шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхатын ресімдеу кезінде-мемлекеттік бажды төлеу күніне белгіленген-0,2 АЕК-ты құрайды.
Мемлекеттік корпорацияда төлем "электрондық үкімет" төлем шлюзі (бұдан әрі-ЭҮТШ) арқылы немесе екінші деңгейдегі банктер арқылы немесе жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол немесе қолма-қол емес нысанда жүзеге асырылады, олар төлем мөлшері мен күнін растайтын құжат (түбіртек) береді.
Жеделдетілген тәртіпте құжаттарды дайындау үшін сомасы "Шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын көрсететін жеке басты куәландыратын құжаттарды жеделдетілген тәртіппен беру бойынша көрсетілетін қызмет бағаларының прейскурантын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 22 ақпандағы № 143 бұйрығына (нормативтiк құқықтық актiлерiн тіркеу мемлекеттiк реестрiнде № 16576 тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2018 жылы 20 наурызда жарияланған) сәйкес 1 116 теңгені құрайды .
 

7

Жұмыскестесі

Жұмыскестесі
Мемлекеттік корпорацияға -Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіденбастапсенбініқосаалғандабелгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін, түскі асқа үзіліссіз.
Қабылдау "электрондық" кезек тәртібінде, жеделдетілген қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады, портал арқылы электрондық кезекті брондауға болады.
Мемлекеттікқызметкөрсетуорындарыныңмекен-жайлары:
1) көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында;
2) www.gov4с.kz мемлекеттіккорпорациясында;
3) www.egov.kz порталында орналастырылған.
 

8

Мемлекеттiкқызметкөрсетуүшiнқажеттіқұжаттардыңтізбесі

Азаматтығыжоқадамныңкуәлігінресімдеуүшін:
1) мемлекеттiкбаждытөлегенiтуралықұжат;
2) өлшемi 3,5 х 4,5 см. үшфотосурет (формулярды қағаз тасымалдағышта толтырған кезде);
3) мынақұжаттардыңбірі:
жарамдылықмерзiмiөткеншетелдік паспорт;
азаматтығыжоқадамныңкуәлiгi;
1974 жылғыүлгідегі паспорт (бұрынғыКеңестікСоциалистікРеспубликаларОдағы);
әскери билет;
бас бостандығынанайыруорындарынанбосатылғанытуралыанықтама;
ҚазақстанРеспубликасыПрезидентініңЖарлығыбойыншаҚазақстанРеспубликасыныңазаматтығынаншығу, сондай-ақҚазақстанРеспубликасыратификациялағанхалықаралықшарттарғасәйкесазаматтықтыөзгертутуралыанықтама;
Туутуралыкуәлік (он алтыжасқадейінгіадамдарғаресімдеукезінде);
ҚазақстанРеспубликасыныңшетелдердегімекемелеріберетін оралу куәлігі (шетелдеуақытшажүргеназаматтығыжоқадамныңкуәлігіжоғалғанкезде).
ҚазақстанРеспубликасындатұруғаыхтиярхаттыресімдеуүшін:
1) мемлекеттiкбаждытөлегенiтуралы құжат;
2) өлшемi 3,5 х 4,5 см. екіфотосурет (формулярды қағаз тасымалдағышта толтырған кезде);
3) жарамды ұлттық паспорт.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) көрсетілетінқызметтіалушыныңмемлекеттік
көрсетілетін қызметтіалуүшінұсынғанқұжаттардыңжәне (немесе) олардағыдеректердің (мәліметтердің) дұрысеместігінанықтау;
2) осы мемлекеттік көрсетілетін мемлекеттікқызметтікөрсетуүшінқажеттіұсынылғанматериалдардыңмемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкескелмеуі.
 

10

Мемлекеттік қызметті көрсету
ерекшеліктерін, оның ішінде электронды нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызметті ескере отырып, өзге талаптар

Ағза функцияларының тұрақты бұзылуы, өзіне-өзі қызмет көрсету, өздігінен жүріп-тұру, құжаттарды қабылдауға бағдарлану қабілетінен немесе мүмкіндігінен толық немесе ішінара айырылған көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызметті көрсетуді Мемлекеттік корпорацияның қызметкері көрсетілетін қызметті алушының тұрғылықты жеріне барумен 1414, 8 800 080 7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы жүргізеді.
1) Министрліктің интернет-ресурсы – www.mvd.gov.kz "Министрлік туралы" бөлімінде, "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің құрылымдық бөліністерінің веб-ресурстары" кіші бөлімінде;
2) Мемлекеттік корпорация интернет-ресурсында – www.gov. 4c.kz. орналастырылған.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсетудің тәртібі және мәртебесі туралы ақпаратты "1414" Бірыңғай байланыс орталығы арқылы мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша қашықтықтан қолжетімділік режимінде алуға мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша анықтамалық қызметтің байланыс телефондары mvd.gov.kzинтернет-ресурсында көрсетілген.

  "АҚазақстанРеспубликасындатұ
рақтытұратын
Азаматтығы жоқ адамдарға
куәліктер және
Қазақстан Республикасында
тұрақты тұратын
шетелдіктердің тұруына
ықтиярхат беру қағидаларына
2-қосымша
  дартына

      нысан

Құжаттарды қабылдау туралы қолхат

      1.__________________________________ _____________________________________

                  (пунктінің коды және аумақтық бөліністің орналасқан жері)

      2.________________________________________________________________________

                  (анықтамалар үшін телефон нөмірі)

      3.________________________________________________________________________

                  (өтінімді тіркеу талонының нөмірі)

      4. ________________________________________________________________________

                  (көрсетілетін мемлекеттік қызметтің түрі және тіркеу күні)

      5.________________________________________________________________________

                  (көрсетілетін қызметті алушының Т.А.Ә. және туған күні)

      6.________________________________________________________________________

                  (беру үшін құжат-негіздеме: түрі, нөмірі, берген күні, берген орган)

      7.________________________________________________________________________

                  (көрсетілетін қызметті алушы өтінім берген мемлекеттік көрсетілетін қызмет)

      8.________________________________________________________________________

                  (көрсетілетін қызметті алушы тапсыруы тиіс құжаттар)

      9.________________________________________________________________________

                  (мемлекеттік көрсетілетін қызметті алған күні)

  Азаматтығы жоқ адамдарға
куәліктер және
Қазақстан Республикасында
тұрақты тұратын
шетелдіктердің тұруына
ықтиярхат беру қағидаларына
3-қосымша

Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, сіздің мемлекеттік қызмет көрсету стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбауыңызға байланысты "Азаматтығы жоқ адамдарға куәліктер және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктердің тұруына ықтиярхат беру" мемлекеттік қызметін көрсетуге құжаттарды қабылдаудан бас тартады, атап айтқанда:

      Жоқ құжаттардың атаулары:

      1) ________________________________________;

      2) ________________________________________;

      3) ________________________________________

      Осы қолхат әрбір тарапқа бір-біреуден2 данада жасалды.

      Көрсетілетін қызметті берушінің Т.А.Ә. (болған жағдайда) _____________(қолы)

      Орындаушы: Т.А.Ә.(болған жағдайда) _____________

      Телефоны______________________

      Алдым: Т.А.Ә.(болған жағдайда) /көрсетілетін қызметті алушының қолы

      20__ жылғы "___" _________

  Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрінің
2020 жылғы 30 наурыздағы
№ 266 бұйрығына
2-қосымша

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар тізбесі

      1. "Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру", "Азаматтығы жоқ адамдарға куәліктер және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктердің тұруына ықтиярхат беру", "Қазақстан Республикасының азаматтығын алуды, қалпына келтіруді және одан шығуды тіркеу" және "Қазақстан Республикасында босқын мәртебесін беру және ұзарту" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарына Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 7 сәуірдегі № 315 бұйрығының (Нормативтiк құқықтық актiлерiн тіркеу мемлекеттiк реестрiнде № 11203 тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылы 22 маусымда жарияланған.) :

      1 тармағының 2) тармақшасы алып тасталсын.

      2. "Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру", "Азаматтығы жоқ адамдарға куәліктер және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктердің тұруына ықтиярхат беру", "Қазақстан Республикасының азаматтығын алуды, қалпына келтіруді және одан шығуды тіркеу" және "Қазақстан Республикасында босқын мәртебесін беру және ұзарту" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарына Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 30 мамырдағы № 495 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы(Нормативтiк құқықтық актiлерiн тіркеу мемлекеттiк реестрiнде № 11632 тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылы 28 маусымда жарияланған.) :

      1 тармақтын 2) тармақшасы алып тасталсын;

      3. "Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру", "Азаматтығы жоқ адамдарға куәліктер және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктердің тұруына ықтиярхат беру", "Қазақстан Республикасының азаматтығын алуды, қалпына келтіруді және одан шығуды тіркеу" және "Қазақстан Республикасында босқын мәртебесін беру және ұзарту" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 7 сәуірдегі № 315 бұйрығына Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 84 бұйрығының (Нормативтiк құқықтық актiлерiн тіркеу мемлекеттiк реестрiнде № 13382 тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылы 17наурызда жарияланған.) :

      1-тармағының екінші абзацы алып тасталсын;

      4. "Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру", "Азаматтығы жоқ адамдарға куәліктер және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктердің тұруына ықтиярхат беру", "Қазақстан Республикасының азаматтығын алуды, қалпына келтіруді және одан шығуды тіркеу" және "Қазақстан Республикасында босқын мәртебесін беру және ұзарту" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 30 мамырдағы № 495 бұйрығына Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің м.а. 2016 жылғы 26 ақпандағы № 182 бұйрығының (Нормативтiк құқықтық актiлерiн тіркеу мемлекеттiк реестрiнде № 13578 тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылы 17наурызда жарияланған.) :

      1-тармағының екінші абзацы алып тасталсын;

      5. "Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру", "Азаматтығы жоқ адамдарға куәліктер және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктердің тұруына ықтиярхат беру", "Қазақстан Республикасының азаматтығын алуды, қалпына келтіруді және одан шығуды тіркеу" және "Қазақстан Республикасында босқын мәртебесін беру және ұзарту"Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 7 сәуірдегі № 315 бұйрығына Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің м.а. 2016 жылғы 26 ақпандағы № 724 бұйрығының (Нормативтiк құқықтық актiлерiн тіркеу мемлекеттiк реестрiнде № 16068 тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2017 жылы 14желтоқсанда жарияланған.) :

      1-тармағының:

      жиырма сегіз, жиырма тоғыз, отыз, отыз бір, отыз екі, отыз үш, отыз төрт, отыз бес, отыз алты, отыз жеті, отыз сегіз, отыз тоғыз, қырық, қырық бір,қырық екі, қырық үш, қырық төрт, қырық бес, қырық алты, қырық жеті, қырық сегіз, қырық тоғыз, елу, елу бір, елу екі, елу үш, елу төрт, елу бес, елу алты,елу жеті, елу сегіз, елу тоғыз, алпыс, алпыс бір, алпыс екі, алпыс үш, алпыс төрт, алпыс бес, алпыс алты, алпыс жеті, алпыс сегіз, алпыс тоғыз, жетпіс бір, жетпіс екі, жетпіс үш, жетпес төрт абзацтар алып тасталсын;

      6. "Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру", "Азаматтығы жоқ адамдарға куәліктер және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктердің тұруына ықтиярхат беру", "Қазақстан Республикасының азаматтығын алуды, қалпына келтіруді және одан шығуды тіркеу" және "Қазақстан Республикасында босқын мәртебесін беру және ұзарту" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 30 мамырдағы № 495 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 24 қаңтардағы № 45 бұйрығының (Нормативтiк құқықтық актiлерiн тіркеу мемлекеттiк реестрiнде № 16357 тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2018 жылы 7 наурыздағы жарияланған.) :

      1-тармағының:

      жиырма алты, жиырма жеті, жиырма сегіз, жиырма тоғыз, отыз, отыз бір, отыз екі, отыз үш, отыз төрт, отыз бес, отыз алты, отыз жеті, отыз сегіз, отыз тоғыз, қырық, қырық бір,қырық екі, қырық үш, қырық төрт, қырық бес, қырық алты, қырық жеті, қырық сегіз, қырық тоғыз, елу, елу бір, елу екі, елу үш, елу төрт, елу бес, елу алты,елу жеті, елу сегіз, елу тоғыз, алпыс, алпыс бір,абзацтар алып тасталсын;

      7. "Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру", "Азаматтығы жоқ адамдарға куәліктер және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктердің тұруына ықтиярхат беру", "Қазақстан Республикасының азаматтығын алуды, қалпына келтіруді және одан шығуды тіркеу" және "Қазақстан Республикасында босқын мәртебесін беру және ұзарту" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 7 сәуірдегі № 315 бұйрығына Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 27 желтоқсандағы № 940 бұйрығының (Нормативтiк құқықтық актiлерiн тіркеу мемлекеттiк реестрiнде № 18084 тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2019 жылы 15қаңтарда жарияланған.) :

      1-тармағының:

      жиырма екі, жиырма үш, жиырма төрт, жиырма бес, жиырма алты, жиырма жеті, жиырма сегіз, жиырма тоғыз, отыз, отыз бір, отыз екі, отыз үш, отыз төрт, отыз бес, отыз алтыабзацтар алып тасталсын;

      8. "Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру", "Азаматтығы жоқ адамдарға куәліктер және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктердің тұруына ықтиярхат беру", "Қазақстан Республикасының азаматтығын алуды, қалпына келтіруді және одан шығуды тіркеу" және "Қазақстан Республикасында босқын мәртебесін беру және ұзарту" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 30 мамырдағы № 495 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2019 жылғы 19 ақпандағы № 136 бұйрығының (Нормативтiк құқықтық актiлерiн тіркеу мемлекеттiк реестрiнде № 18344 тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2019 жылы 12наурызда жарияланған.):

      1-тармағының:

      қырық екі, қырық үш, қырық төрт, қырық бес, қырық алты, қырық жеті, қырық сегіз, қырық тоғыз, елу, елу бір, елу екі, елу үш, елу төрт, елу бес, елу алты,елу жеті, елу сегіз, елу тоғызабзацтар алып тасталсын.

      9. "Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру", "Азаматтығы жоқ адамдарға куәліктер және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктердің тұруына ықтиярхат беру", "Қазақстан Республикасының азаматтығын алуды, қалпына келтіруді және одан шығуды тіркеу" және "Қазақстан Республикасында босқын мәртебесін беру және ұзарту" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 7 сәуірдегі № 315 бұйрығына Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2019 жылғы 1 тамыздағы № 668 бұйрығының (Нормативтiк құқықтық актiлерiн тіркеу мемлекеттiк реестрiнде № 19227 тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2019 жылы 15тамызда жарияланған.):

      1-тармағының:

      отыз сегіз, отыз тоғыз, қырық, қырық бір,қырық екі, қырық үш, қырық төрт, қырық бес, қырық алты, қырық жеті, қырық сегіз, қырық тоғыз, елу, елу бір, елу екі, елу үш, елу төрт, елу бес, елу алты,елу жеті, елу сегіз, елу тоғыз, алпыс, алпыс бір,алпыс екі, алпыс үш, алпыс төрт, алпыс бес, алпыс алты, алпыс жеті, алпыс сегіз, алпыс тоғыз, жетпіс бірабзацтар алып тасталсын.

      10. "Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру", "Азаматтығы жоқ адамдарға куәліктер және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктердің тұруына ықтиярхат беру", "Қазақстан Республикасының азаматтығын алуды, қалпына келтіруді және одан шығуды тіркеу" және "Қазақстан Республикасында босқын мәртебесін беру және ұзарту" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 30 мамырдағы № 495 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

      1-тармағының:

      жиырма жеті, жиырма сегіз, жиырма тоғыз, отыз, отыз бір, отыз екі, отыз үш, отыз төрт, отыз бес, отыз алты, отыз жеті, отыз сегізабзацтар алып тасталсын;

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады