Қазақстан Республикасы азаматының паспортын, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхатты, азаматтығы жоқ адамның куәлігін, босқын куәлігін және жол жүру құжатын ресімдеу, беру, ауыстыру, тапсыру, алып қою және жою қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 26 тамыздағы № 852 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 1 қыркүйектегі № 758 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 01.09.2023 № 758 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 25.11.2020 № 789 ("Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының Кодексіне тиісті өзгерістер мен толықтырулар қолданысқа енгізілген күннен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы" 2013 жылғы 29 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 25-бабының 1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы азаматының паспортын, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхатты, азаматтығы жоқ адамның куәлігін, босқын куәлігін және жол жүру құжатын ресімдеу, беру, ауыстыру, тапсыру, алып қою және жою қағидалары бекiтiлсiн.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 25.11.2020 № 789 ("Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының Кодексіне тиісті өзгерістер мен толықтырулар қолданысқа енгізілген күннен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдары, Қазақстан Республикасының Президентіне бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар (келісім бойынша) осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

С. Ахметов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 26 тамыздағы
№ 852 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы азаматының паспортын, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхатты, азаматтығы жоқ адамның куәлігін, босқын куәлігін және жол жүру құжатын ресімдеу, беру, ауыстыру, тапсыру, алып қою және жою қағидалары

      Ескерту. Қағидалардың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 25.11.2020 № 789 ("Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының Кодексіне тиісті өзгерістер мен толықтырулар қолданысқа енгізілген күннен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.


1-тарау. Жалпы ережелер

      Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 12.03.2020 № 109 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

      1. Осы Қазақстан Республикасы азаматының паспортын, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхатты, азаматтығы жоқ адамның куәлігін, босқын куәлігін және жол жүру құжатын ресімдеу, беру, ауыстыру, тапсыру, алып қою және жою қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы" 2013 жылғы 29 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 25-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасы азаматының паспортын, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхатты, азаматтығы жоқ адамның куәлігін, босқын куәлігін және жол жүру құжатын (бұдан әрі – жеке басты куәландыратын құжат) ресімдеу, беру, ауыстыру, тапсыру, алып қою және жою тәртібін айқындайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 25.11.2020 № 789 ("Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының Кодексіне тиісті өзгерістер мен толықтырулар қолданысқа енгізілген күннен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:

      1) азаматтығы жоқ адамның куәлігі – өзінің қандай да бір мемлекеттің азаматтығына тиесілігіне дәлелдемесі жоқ жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат;

      2) босқын куәлігі – босқынның жеке басын куәландыратын және мәртебесін растайтын құжат;

      3) жеке басты куәландыратын құжат – жеке басты сәйкестендіру мақсатында оның иесінің жеке басын және құқықтық мәртебесін анықтауға мүмкіндік беретін, жеке тұлғаның дербес деректері туралы тіркелген ақпараты бар, материалдық жеткізгіште не осы Заңда айқындалған жағдайларда электрондық нысанда берілетін белгіленген үлгідегі құжат;

      4) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі – азаматтың жеке басын куәландыратын және Қазақстан Республикасының азаматтығын растайтын құжат;

      5) Қазақстан Республикасы азаматының паспорты – Қазақстан Республикасының аумағында және одан тыс жерлерде азаматтың жеке басын куәландыратын және Қазақстан Республикасының азаматтығын растайтын құжат;

      6) қайтып оралуға арналған куәлік – иесінің жеке басын куәландыратын және Қазақстан Республикасына бір реттік келу құқығын растайтын құжат;

      7) туу туралы куәлік – жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын, оның туу фактісінің мемлекеттік тіркелгені туралы айғақтайтын құжат;

      8) Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 12.03.2020 № 109 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

      9) уәкілетті мемлекеттік орган – өз құзыреті шегінде жеке басты куәландыратын құжаттарды ресімдеуді, беруді, ауыстыруды, алып қоюды және жоюды жүзеге асыратын ішкі істер органдары;

      10) шетелдік паспорт – Қазақстан Республикасы шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның жеке басын куәландыратын және олардың құқықтық мәртебесін растайтын құжат ретінде танитын құжат;

      11) шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат – Қазақстан Республикасының аумағында шетелдіктің жеке басын куәландыратын және оның Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алғандығын растайтын құжат;

      12) формуляр – нөмірі және штрих коды бар қатаң есептіліктегі типографиялық бланк болып табылады, ол Қазақстан Республикасының құжаттандырылған халқының ақпараттық деректер базасына (бұдан әрі – деректер базасы) енгізіледі және кейіннен жеке тұлғаны берілген құжаттармен сәйкестендіру мақсатында пайдаланылады;

      13) жол жүру құжаты – Қазақстан Республикасынан тыс жерге шығу үшін шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға берілетін құжат.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 12.03.2020 № 109 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 25.11.2020 № 789 ("Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының Кодексіне тиісті өзгерістер мен толықтырулар қолданысқа енгізілген күннен кейін қолданысқа енгізіледі); 10.10.2022 № 806 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      3. Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органы беретін жеке басты куәландыратын құжаттар мемлекеттің меншігі болып табылады және мынадай деректерді:

      1) тегін, атын, әкесінің атын (ол болған жағдайда);

      2) туған күнін, айын, жылын және жерін;

      3) жынысын;

      4) қай ұлтқа жататынын – осы Қағидалардың 2-тармағының 4), 5) тармақшаларында көрсетілген жеке басты куәландыратын құжаттарда иесінің қалауы бойынша;

      5) азаматтығын;

      6) фотосуретін;

      7) құжатты берген органның атауын;

      8) құжаттың берілген күнін, айын, жылын, нөмірін, қолданылу мерзімін;

      9) құжаттар иесінің қолын;

      10) жеке сәйкестендіру нөмірін (босқынның куәлігін қоспағанда);

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      11) тармақшаның қолданысы 01.01.2024 дейін тоқтатыла тұрады - ҚР Үкіметінің 20.02.2023 № 141 қаулысымен (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі).

      11) он алты жасқа толған және одан асқан, сондай-ақ "Дактилоскопиялық және геномдық тіркеу туралы" 2016 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңымен белгіленген жағдайларда он екі жастан бастап он алты жасқа дейінгі құжат иесінің қол саусақтарының іздерін қамтиды.

      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 12.01.2018 № 8 (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      4. Қазақстан Республикасы азаматының паспортын, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін уәкілетті мемлекеттік орган құжаттандырылатын адамның тұрақты тіркелген жері, сондай-ақ нақты болатын жері бойынша паспорт және (немесе) жеке куәлік жоғалған, мерзімінің өтуіне, неке қию (бұзу) бойынша тегін өзгертуіне, одан әрі пайдалануға жарамсыздығына, құжаттарды әзірлеудің жаңа технологиясына сәйкес олардың түр өзгерісіне байланысты ауыстырылған, Қазақстан Республикасының азаматы жеке куәлігі негізінде алғаш рет Қазақстан Республикасының азаматы паспортын алған, кәмелеттік жасқа толмаған балалар туу туралы куәлігі негізінде алғаш рет Қазақстан Республикасы азаматының паспортын және (немесе) жеке куәлігін алған жағдайларда береді.

      Жеке басты куәландыратын құжаттарды ресімдеу себебіне қарамастан, құжатталатын (он төрт жасқа толған) адамдардың тұрақты тіркелгенін растауды уәкілетті орган ақпараттық жүйелер арқылы алады.

      Шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхатты, азаматтығы жоқ адамның куәлігін құжаттандырылатын адам тұрақты тіркелген жердегі уәкілетті мемлекеттік орган береді.

      Қазақстан Республикасы азаматының паспортын, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін уәкілетті мемлекеттік орган жеке басты куәландыратын құжаттарды (Қазақстан Республикасының шетелдік мекемелерінде ресімделген Қазақстан Республикасы азаматының паспорттарын қоспағанда) алуға өтінім берілген күннен бастап он бес жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде береді және иесінің өзіне немесе оның заңды өкіліне табыс етеді. Шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхатты, азаматтығы жоқ адамның куәлігін уәкілетті мемлекеттік орган жеке басты куәландыратын құжаттарды алуға өтінім берілген күннен бастап он жеті жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде береді және иесінің өзіне немесе оның заңды өкіліне табыс етеді.

      Жол жүру құжатын құжаттандырылатын адам есепке алынған жердегі уәкілетті мемлекеттік орган құжатты алуға өтінім берілген күннен бастап он жеті жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде береді және ол иесінің өзіне немесе оның заңды өкіліне табыс етіледі.

      Цифрлық құжаттар сервисі арқылы пайдаланылатын және уәкілетті органға ұсынылатын жеке басты куәландыратын құжаттар қағаз жеткізгіштегі құжаттарға тең.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 10.10.2022 № 806 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      5. Жеке тұлғаның қалауы бойынша шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат, азаматтығы жоқ адамның куәлігі ресімделген күнінен бастап жеті жұмыс күніне дейін жеделдетілген тәртіппен беріледі.

      Қазақстан Республикасы азаматының паспорты, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі ресімделген күннен бастап жеделдетілген тәртіппен Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтөбе, Шымкент қалаларында – бір жұмыс күніне дейін, облыс орталықтарында – үш жұмыс күніне дейін, облыстардың аудандары мен қалаларында – жеті жұмыс күніне дейін беріледі.

      Қазақстан Республикасы азаматтарының қалауы бойынша жеке басты куәландыратын құжаттар да жеделдетілген тәртіппен ресімделген күнінен бастап үш жұмыс күніне дейін (Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтөбе, Шымкент қалаларында) және бес жұмыс күніне дейін (облыс орталықтарында) беріледі..

      Жеке басты куәландыратын құжатты жеделдетілген түрде бергені үшін төлем банк мекемелері және кассалық операцияларды жүзеге асыратын өзге де ұйымдар арқылы жүргізіледі.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      5-тармақтың бесінші бөлігінің қолданысы 01.01.2024 дейін тоқтатыла тұрады - ҚР Үкіметінің 20.02.2023 № 141 қаулысымен (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі).

      ХҚТ ТП арқылы немесе формуляр бланкінде жеке басты куәландыратын құжатты ресімдеген кезде уәкілетті органның қызметкері Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының азаматтарын, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды дактилоскопиялық тіркеуден өткізеді.

      Жеке басты куәландыратын құжатты "Халықты құжаттандыру және тіркеу" тіркеу пункті" (бұдан әрі – ХҚТ ТП) ақпараттық жүйесі арқылы ресімдеген кезде жеке басты куәландыратын құжаттарды жеделдетілген түрде дайындағаны үшін төлем туралы ақпарат банк мекемелерінен уәкілетті мемлекеттік органның шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына автоматтандырылған режимде келіп түседі. Формуляр бланкісінде ресімдеу кезінде жеке басты куәландыратын құжатты жеделдетілген түрде бергені үшін төлем төлеу туралы құжатты жеке тұлға уәкілетті мемлекеттік органға ұсынады.

      Жеке басты куәландыратын құжатты (босқын куәлігінен басқа) дайындау үшін уәкілетті органның қызметкері формуляр толтырады. Формулярдың нысанын және оны ресімдеу, толтыру, есепке алу, сақтау, тапсыру, жұмсау, жою тәртібін Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі айқындайды.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 23.07.2018 № 451 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен; өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 12.01.2018 № 8 (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі); 12.03.2020 № 109 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) қаулыларымен.

2-тарау. Қазақстан Республикасы азаматының паспортын, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхатты, азаматтығы жоқ адамның куәлігін, босқын куәлігін және жол жүру құжатын ресімдеу және беру тәртібі

      Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 25.11.2020 № 789 ("Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының Кодексіне тиісті өзгерістер мен толықтырулар қолданысқа енгізілген күннен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

1-параграф. Қазақстан Республикасы азаматының паспортын ресімдеу және беру тәртібі

      Ескерту. 1-параграфтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 12.03.2020 № 109 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

      6. Қазақстан Республикасы азаматының паспортын ресімдеу үшін өтініш иесі уәкілетті органға:

      1) мемлекеттік баж төленгені туралы құжатты (мемлекеттік баж төлеуден босатылған адамдар растайтын құжаттарды ұсынады);

      2) көлемі 3,5 х 4,5 сантиметр (қағаз бланкідегі формулярды ресімдеген кезде) екі фотосуретті;

      3) мынадай құжаттардың біреуін:

      туу туралы куәлікті (16 жасқа дейін паспорт алған кезде);

      Қазақстан Республикасы азаматының паспортын (паспортты ауыстырған кезде);

      Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін (16 жасқа толуына байланысты паспортты алғаш алған кезде);

      ішкі істер органдары беретін белгіленген нысандағы Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылданғаны туралы анықтаманы (Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдануына байланысты паспорт алған кезде);

      Қазақстан Республикасының шетелдік мекемелері беретін қайта оралуға арналған куәлікті (шетелде уақытша болатындар Қазақстан Республикасы азаматының паспортын жоғалтқан кезде) жеке ұсынады.

      Ескерту. 6-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 18.06.2015 № 456 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      аумағында орналасқан оқу орындарында білім алушы;

      3) кемінде бір жыл мерзімге жасалған еңбек шарты бойынша шет мемлекеттерде жұмыс істейтін Қазақстан Республикасының азаматтарына;

      4) көрсетілген адамдармен бірг

      7. Қазақстан Республикасы азаматының паспортын уәкілетті мемлекеттік орган ХҚТ ТП пайдалана отырып, сондай-ақ бланкілердің формулярларында ресімдейді.

      8. Қазақстан Республикасының мына азаматтарына:

      1) Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұрақты тұратындарға;

      2) шет мемлекеттердің аумағында орналасқан оқу орындарында білім алатындарға;

      3) шет мемлекеттерде еңбек шарты бойынша жұмыс істейтіндерге;

      4) Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде туған жағдайда кәмелетке толмағандарға;

      5) көрсетілген адамдармен бірге тұратын отбасы мүшелеріне;

      6) Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұратын шетелдіктің отбасы мүшелері болып табылатындарға;

      7) шетелдегі дипломатиялық қызмет персоналымен бірге тұратын дипломатиялық қызмет персоналының туыстарына;

      8) жасының егде тартуына байланысты өзіне-өзі күтім жасауға қабілетсіз адамдарға (қарттар) және организм функциялары бұзылып, тұрмыс-тіршілігін шектейтіндей тұрақты денсаулығы нашарлаған адамдарға, сондай-ақ өзіне-өзі қызмет көрсете алмайтын жақын туыстарын күтуді жүзеге асыратын адамдарға;

      9) шет мемлекеттің аумағында ұсталғандарға немесе күзетпен ұсталатындарға, қамауға алынатындарға, сондай-ақ пенитенциарлық мекемелерде жазасын өтеушілерге Қазақстан Республикасы азаматының паспорты Қазақстан Республикасының шетелдік мекемелері арқылы ресімделеді.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 10.10.2022 № 806 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      9. Қазақстан Республикасы азаматының паспортын толтырған кезде тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) және басқа да деректер Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, оларды беру үшін негіз болған құжатқа сәйкес жазылады.

      10. Қазақстан Республикасы азаматының паспорты қазақ тілінде немесе иесінің қалауы бойынша орыс тілінде, сондай-ақ ағылшын тілінде толтырылады.

      11. Қазақстан Республикасы азаматының паспорты Қазақстан Республикасының азаматтарына жасына қарамастан, олардың қалауы бойынша беріледі және Қазақстан Республикасының аумағында және одан тыс жерлерде Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландырады.

      12. Қазақстан Республикасы азаматының паспорты қолданылу мерзімі он жылға беріледі.

2-параграф. Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін ресімдеу және беру тәртібі

      Ескерту. 2-параграфтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 12.03.2020 № 109 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

      13. Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін ресімдеу үшін өтініш иесі уәкілетті органға:

      1) мемлекеттік баж төленгені туралы құжатты (мемлекеттік баж төлеуден босатылған адамдар растайтын құжаттарды);

      2) көлемі 3,5 х 4,5 сантиметр (қағаз бланкідегі формулярды ресімдеген кезде) екі фотосуретті;

      3) мынадай құжаттардың біреуін:

      туу туралы куәлікті (16 жасқа толуына байланысты жеке куәлік алған кезде);

      Қазақстан Республикасы азаматының паспортын (жеке куәлікті алғаш алған кезде, жеке куәлікті жоғалтқан кезде, Қазақстан Республикасына тұрақты тұруға қайта оралған кезде);

      Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін (жеке куәлікті ауыстырған кезде);

      1974 жылғы үлгідегі паспортты (бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы) (Қазақстан Республикасының азаматтығын растаған кезде жеке куәлікті алғаш алу үшін);

      азаматтығы жоқ адамның куәлігін (Қазақстан Республикасының азаматтығын мойындаған кезде);

      Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі белгілеген нысандағы Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылданғаны туралы анықтаманы (Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдануына байланысты жеке куәлік алған кезде) жеке ұсынады.

      Ескерту. 13-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 18.06.2015 № 456 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      14. Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәліктерін уәкілетті мемлекеттік орган ХҚТ ТП пайдалана отырып, сондай-ақ бланкілердің формулярларында ресімдейді.

      15. Қазақстан Республикасының азаматтарына жеке куәлік он алты жастан бастап ресімделеді.

      16. Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін толтырған кезде тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) және басқа да деректер Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, оларды беру үшін негіз болған құжатқа сәйкес жазылады.

      17. Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі қолданылу мерзімі он жылға беріледі.

3-параграф. Шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхатты ресімдеу және беру тәртібі

      Ескерту. 3-параграфтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 12.03.2020 № 109 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

      18. Шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхатты ресімдеу үшін шетелдіктер уәкілетті мемлекеттік органға мынадай құжаттарды:

      1) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 18.06.2015 № 456 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2) мемлекеттік баж төленгені туралы құжатты;

      3) көлемі 3,5х4,5 сантиметр екі фотосуретті;

      4) жарамды ұлттық паспортты жеке ұсынуы қажет.

      Ескерту. 18-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 18.06.2015 № 456 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      19. Шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхатты толтырған кезде тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) және басқа да деректер Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, оларды беру үшін негіз болған құжатқа сәйкес жазылады.

      20. Шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктерге он алты жастан бастап қолданылу мерзімі он жылға, бірақ олар азаматы болып табылатын ел паспортының қолданылу мерзімінен аспайтын мерзімге беріледі.

4-параграф. Азаматтығы жоқ адамның куәлігін ресімдеу және беру тәртібі

      Ескерту. 4-параграфтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 12.03.2020 № 109 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

      21. Азаматтығы жоқ адамның куәлігін ресімдеу үшін уәкілетті мемлекеттік органға мынадай құжаттар:

      1) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 18.06.2015 № 456 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2) мемлекеттік баж төленгені туралы құжат;

      3) көлемі 3,5х4,5 сантиметр үш фотосурет;

      4) мынадай құжаттардың біреуі:

      қолданылу мерзімі өтіп кеткен шетелдік паспорт;

      азаматтығы жоқ адамның куәлігі;

      1974 жылғы үлгідегі паспорт (бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы);

      әскери билет;

      бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғаны туралы анықтама;

      Қазақстан Республикасының азаматтығынан шыққаны және Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы бойынша азаматтығын өзгерткені, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес азаматтығын өзгерткені туралы анықтама;

      туу туралы куәлік (он алты жасқа дейінгі адамдарға ресімдеген кезде);

      Қазақстан Республикасының шетелдік мекемелері беретін қайта оралуға арналған куәлік (шетелде уақытша болатындар Қазақстан Республикасы азаматының паспортын жоғалтқан кезде) ұсынылады.

      Ескерту. 21-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 18.06.2015 № 456 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      22. Азаматтығы жоқ адамның куәлігін толтырған кезде тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) және басқа да деректер Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, оны беру үшін негіз болған құжатқа сәйкес жазылады.

      23. Азаматтығы жоқ адамның куәлігі Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын, он алты жасқа толған азаматтығы жоқ адамдарға беріледі.

      24. Азаматтығы жоқ адамның куәлігі Қазақстан Республикасының аумағында және одан тыс жерлерде иесінің жеке басын растау үшін қолданылу мерзімі бес жылға беріледі. Шетелге ата-аналарынсыз, қамқоршыларынсыз, қорғаншыларынсыз шыққан кезде азаматтығы жоқ адамның куәлігі он алты жасқа дейінгі адамдарға беріледі.

5-параграф. Босқын куәлігін ресімдеу және беру тәртібі

      Ескерту. 5-параграфтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 12.03.2020 № 109 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

      25. Босқын куәлігі қолданылу мерзімі бір жылға беріледі және босқынның шыққан елінде оған босқын мәртебесін беруге негіз болған (нәсілдік, ұлттық, діни наным, азаматтық, белгілі бір әлеуметтік топқа қатыстылығы немесе саяси сенім белгісі бойынша) мән-жайлар сақталған кезеңге дейін әрбір келесі жылға ұзартылып отырады.

      26. Босқын мәртебесін алған адамның босқын куәлігін алуы үшін мемлекеттік уәкілетті органға мынадай құжаттар:

      1) уәкілетті мемлекеттік орган оң тұрғыда қараған босқын мәртебесін беру (ұзарту) туралы қолдаухат;

      2) болған жағдайда құжаттардың (паспорт, кәмелетке толмаған балалардың туу туралы куәліктері) көшірмелері;

      3) пана іздеген адамның куәлігі;

      4) көлемі 3х4 сантиметр екі фотосурет;

      5) отбасы қатынастарын растайтын құжаттар (отбасы мүшелерімен келгендер үшін);

      6) отбасы мүшелерін қабылдауға келісім бергені туралы (отбасымен қосылу мақсатында) Қазақстан Республикасында жүрген пана іздеуші адамның өтініші ұсынылады.

      Өтінішке өтінішті қабылдайтын уәкілетті орган қызметкерінің қатысуымен өтініш иесі қол қояды.

      27. Босқын куәлігін толтырған кезде тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) және басқа да деректер Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, оны беру үшін негіз болған құжатқа сәйкес жазылады.

      28. Босқын мәртебесі берілген адамға уәкілетті мемлекеттік орган бес жұмыс күні ішінде босқын куәлігін береді.

6-параграф. Жол жүру құжатын ресімдеу және беру тәртібі

      Ескерту. 2-тарау 6-параграфпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 25.11.2020 № 789 ("Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының Кодексіне тиісті өзгерістер мен толықтырулар қолданысқа енгізілген күннен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      28-1. Жол жүру құжатын ресімдеу үшін шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар (балалары және сот әрекетке қабілетсіз деп таныған азаматтар үшін олардың заңды өкілдері (ата-аналары, қамқоршылары, қорғаншылары) өкілдікке өкілеттіктерін растайтын құжаттарды ұсына отырып) өздері уәкілетті мемлекеттік органға мынадай құжаттардың бірін:

      туу туралы актілік жазбаны (реадмиссияланатын адамдарды құжаттандыру кезінде);

      туу туралы куәлікті (16 жасқа толмаған босқындар немесе реадмиссияланатын адамдар жол жүру құжатын алған кезде);

      азаматтығы жоқ адамның куәлігін;

      шетелдік паспортты;

      босқын куәлігін ұсынады.

      28-2. Жол жұру құжатын уәкілетті мемлекеттік орган ШҚТ ТП-ны пайдалана отырып ресімдейді.

      28-3. Жол жүру құжаты:

      1) Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде жүріп-тұруы үшін босқын мәртебесі берілген адамға;

      2) Қазақстан Республикасында болу кезеңінде шетелдік паспортын жоғалтқан немесе Қазақстан Республикасынан шығу үшін шетелдік паспортының жарамдылық мерзімі өткен жағдайда Қазақстан Республикасының аумағынан реадмиссиялауға немесе шығарып жіберуге жататын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға беріледі.

      28-4. Жол жүру құжаты қазақ және ағылшын тілдерінде толтырылады.

      28-5. Жол жүру құжаты бір жылға жарамдылық мерзімімен беріледі, бұл ретте босқындар үшін жол жүру құжатының жарамдылық мерзімі босқын куәлігінің қолданылу мерзімінен аспауы тиіс.

3-тарау. Қазақстан Республикасы азаматының паспортын, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхатты, азаматтығы жоқ адамның куәлігін, босқын куәлігін және жол жүру құжатын ауыстыру, тапсыру, алып қою және жою тәртібі

      Ескерту. 6-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 25.11.2020 № 789 ("Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының Кодексіне тиісті өзгерістер мен толықтырулар қолданысқа енгізілген күннен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      29. Жеке басты куәландыратын құжаттар:

      1) онда осы Қағидалардың 3-тармағының 1), 2), 5), 6), 7), 8) және 10) тармақшаларында көрсетілген деректер болмаған;

      2) олардың қолданылу мерзімі өткен;

      3) осы Қағидалардың 3-тармағының 1), 2), 5), 6), 7), 8) және 10) тармақшаларында көрсетілген деректерді не қорғау дәрежесін сәйкестендіру мүмкін болмаған;

      4) құжат жоғалғанда, өтініш иесі уәкілетті мемлекеттік органға өтініш берген күннен бастап;

      5) иесінің құқықтық мәртебесі сәйкес келмеген;

      6) жынысын өзгерткен жағдайларда жарамсыз болып табылады және ауыстыруға жатады.

      30. Қазақстан Республикасының азаматтары жеке басты куәландыратын құжаттарды жоғалтқан, олар одан әрі пайдалануға жарамсыз болған, жеке тұлғаны сәйкестендірумен байланысты өзгерістер енгізу қажеттілігі туындаған, осы Қағидалардың 29-тармағының 1), 2), 3), 4), 5) және 6) тармақшаларында көрсетілген деректерді сәйкестендіру мүмкін болмаған жағдайларда, сондай-ақ анықтамалық деректерінің ауысуына, өзгеруіне, құжаттарды әзірлеудің жаңа технологиясына сәйкес олардың түр өзгерісіне байланысты жаңа құжаттар алу үшін – тұрақты тіркелген жері бойынша, сондай-ақ жеке басты куәландыратын құжаттары жоғалған, олар одан әрі пайдалануға жарамсыз болған, неке қию (бұзуы) бойынша тегін өзгерткен, құжаттарды әзірлеудің жаңа технологиясына сәйкес олардың түр өзгерісіне байланысты, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі негізінде алғаш рет Қазақстан Республикасы азаматының паспортын алумен, кәмелеттік жасқа толмаған балалардың туу туралы куәлігі негізінде Қазақстан Республикасы азаматының паспорты мен (немесе) жеке куәлігін алуына байланысты жағдайларда нақты болатын жері бойынша уәкілетті мемлекеттік органға өтініш білдіреді.

      Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар, сондай-ақ босқындар жеке басты куәландыратын құжаттарды жоғалтқан, олар одан әрі пайдалануға жарамсыз болған, жеке тұлғаны сәйкестендірумен байланысты өзгерістер енгізу қажеттілігі туындаған, осы Қағидалардың 29-тармағының 1), 2), 3), 4) 5), 6) тармақшаларында көрсетілген деректерді сәйкестендіру мүмкін болмаған жағдайларда, сондай-ақ анықтамалық деректерін ауыстыруына, өзгертуіне байланысты жаңа құжаттар алу үшін тұрақты тіркелген жері бойынша (босқындар үшін – уақытша тіркелген жері бойынша) уәкілетті мемлекеттік органға өтініш білдіреді.

      Бүлінуіне, жеке басты сәйкестендірудің мүмкін болмауына байланысты одан әрі пайдалануға жарамсыз құжаттарды қоспағанда, жеке басты куәландыратын жаңа құжаттар алынғанға дейін бұрынғы құжаттар алып қойылмайды.

      Ескерту. 30-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 25.11.2020 № 789 ("Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының Кодексіне тиісті өзгерістер мен толықтырулар қолданысқа енгізілген күннен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      31. Қолданылу мерзімінің өтуіне, одан әрі пайдалануға жарамсыз болуына, құжаттарды әзірлеудің жаңа технологиясына сәйкес олардың түр өзгерісіне байланысты Қазақстан Республикасы азаматының паспортын, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін ауыстыру үшін өтініш иесі мынадай құжаттарды:

      1) мемлекеттік баж төленгені туралы құжатты (мемлекеттік баж төлеуден босатылған адамдар растайтын құжаттарды);

      2) көлемі 3,5 х 4,5 сантиметр (қағаз бланкідегі формулярды ресімдеген кезде) екі фотосуретті;

      3) ауыстыруға жататын жеке басты куәландыратын құжатты ұсынады.

      Жаңа Қазақстан Республикасы азаматының паспортын, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін жеке басты куәландыратын құжаттардың қолданылу мерзімі өткенге дейін бір ай бұрын ресімдеуге жол беріледі.

      Уәкілетті органға тапсыруға жататын паспортта шет мемлекеттің қолданыстағы визасы болған кезде азаматтың өтініші бойынша паспорт алынбайды. Бұл ретте жарамсыз паспорт өтеуге (паспорттың бір жақ шетін тескішпен тесу арқылы) жатады және иесіне қажеттілігі өткенге дейін қайтарылады.

      Ескерту. 31-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 18.06.2015 № 456 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      32. Қолданылу мерзімінің өтіп кетуіне, одан әрі пайдалануға жарамсыз болуына байланысты шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхатты, азаматтығы жоқ адамның куәлігін ауыстыру үшін өтініш иесі мынадай құжаттарды:

      1) Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 12.03.2020 № 109 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

      2) мемлекеттік баж төленгені туралы құжатты;

      3) көлемі 3,5х4,5 сантиметр үш фотосуретті;

      4) ауыстыруға жататын жеке басты куәландыратын құжатты;

      5) жарамды ұлттық паспортты (шетелдіктер үшін) ұсынады.

      Ескерту. 32-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 12.03.2020 № 109 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

      33. Қазақстан Республикасы азаматының паспортына, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігіне, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхатқа, азаматтығы жоқ адамның куәлігіне жеке тұлғаны сәйкестендірумен байланысты, осы Қағидалардың 29-тармағының 1), 2), 3), 4) 5), 6) тармақшаларында көрсетілген деректерді сәйкестендіру мүмкін болмаған жағдайда, сондай-ақ анықтамалық деректерін ауыстыруына, өзгертуіне байланысты өзгерістер енгізу үшін өтініш иесі:

      1) еркін нысандағы жазбаша өтінішті (неке қию (бұзу) бойынша тегін өзгертуге байланысты жүгінгендерден басқа);

      2) мемлекеттік баж төленгені туралы құжатты (мемлекеттік баж төлеуден босатылған адамдар растайтын құжаттарын ұсынады);

      3) көлемі 3,5 х 4,5 сантиметр (қағаз бланкідегі формулярды ресімдеген кезде) екі фотосуретті;

      4) ауыстыруға жататын Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін;

      5) Қазақстан Республикасы азаматының паспортын (бар болса);

      6) шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхатты (шетелдіктер үшін);

      7) жарамды ұлттық паспортты (шетелдіктер үшін);

      8) азаматтығы жоқ адамның куәлігін (азаматтығы жоқ адамдар үшін);

      9) өтініш білдірудің негізділігін растайтын құжатты ұсынады.

      "Ұлты қазақ азаматтардың тегі мен әкесінің атын жазуға байланысты мәселелерді шешу тәртібі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 2 сәуірдегі № 2923 Жарлығына сәйкес ұлты қазақ адамдар тегі мен әкесінің атының жазылуын өзгерту туралы өтінішхатпен уәкілетті мемлекеттік органға жүгінген кезде қалаған тегін, әкесінің атын мемлекеттік немесе орыс тілінде көрсете отырып, еркін нысанда өтініш береді.

      Тектерде тегі мен әкесінің атының түбір негіздерін сақтай отырып, қазақ тіліне тән емес аффикстер алынып тасталады, онымен бір мезгілде әкесінің атын жазу кезінде қазақ тіліне тән емес аффикстердің орнына әкесінің есіміне адамның жынысына қарай "ұлы" немесе "қызы" деген жалғау жалғанады.

      Өтінішке мына құжаттардың бірі қосымша беріледі:

      1) туу туралы куәлік (жеке басты куәландыратын құжаттарды алғаш рет алған кезде);

      2) ауыстыруға жататын жеке куәлік, паспорт;

      3) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі белгілеген нысандағы Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылданғаны туралы анықтаманы (Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдануына байланысты жеке куәлік алған кезде).

      Тектері мен әкесінің атының жазылуы қазақ халқының қалыптасқан дәстүрлеріне сәйкес өзгертілген ұлты қазақ адамдар өтініш білдірген жағдайда, паспорттар мен жеке куәліктерді олардың бұрынғы тектері мен әкелерінің аттарын ұсынылған туу туралы куәліктерге сәйкес бұрынғыдай жаза отырып ресімдеуге болады.

      Ескерту. 33-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 18.06.2015 № 456 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      34. Жоғалтуына байланысты Қазақстан Республикасы азаматының паспортын, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін ауыстыру үшін иесі уәкілетті мемлекеттік органға осы Қағидалардың 31-тармағының 1), 2) тармақшаларында көзделген құжаттардан басқа жоғалтудың мән-жайларын көрсете отырып, жеке басты куәландыратын құжатты қалпына келтіру туралы жазбаша өтініш ұсынады.

      35. Жоғалтуына байланысты шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхатты, азаматтығы жоқ адамның куәлігін ауыстыру үшін иесі уәкілетті мемлекеттік органға осы Қағидалардың 32-тармағының 1), 2), 3) және 5) тармақшаларында (шетелдіктер үшін) көзделген құжаттардан басқа, жоғалтудың мән-жайларын көрсете отырып, жеке басты куәландыратын құжатты қалпына келтіру туралы жазбаша өтініш ұсынады.

      36. Қазақстан Республикасы азаматының паспортын немесе азаматтығы жоқ адамның куәлігін жоғалтқан кезде шетелде жүрген адамдар Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелеріне өтініш білдіреді.

      37. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 12.03.2020 № 109 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.
      38. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 12.03.2020 № 109 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

      39. Шетелге тұрақты тұруға шығатын Қазақстан Республикасының азаматтары, Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхаты бар шетелдіктер жеке куәліктерін, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхаттарды уәкілетті мемлекеттік органға тапсырады.

      40. Табылған жеке басты куәландыратын құжаттар уәкілетті мемлекеттік органға тапсырылады. Жоғалған жеке басты куәландыратын құжатты иесі қалпына келтірген, уәкілетті мемлекеттік органға келіп түскен күннен бастап бір жыл ішінде иесі оны талап етпеген жағдайда, табылған құжат Қағидалардың 47 және 48-тармақтарында көзделген тәртіппен жойылады.

      41. Қайтыс болған, сот қайтыс болды деп жариялаған адамдардың уәкілетті мемлекеттік органға тапсырылған жеке басын куәландыратын құжаттары Қағидалардың 47 және 48-тармақтарында көзделген тәртіппен жойылады.

      Уәкілетті мемлекеттік органның лауазымды адамдары формулярларда иелерінің қайтыс болғаны туралы белгі қояды және ақпарат деректер базасына түзетулер енгізу үшін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне жібереді.

      Ескерту. 41-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 10.10.2022 № 806 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      42. Босқын куәлігін ауыстыру және жаңасын алу үшін босқын мәртебесін алған адам уәкілетті мемлекеттік органға мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) жаңа босқын куәлігін беру туралы өтініш;

      2) босқын мәртебесін беру туралы уәкілетті мемлекеттік орган шешімінің көшірмесі;

      3) көлемі 3х4 сантиметр екі фотосурет;

      4) ауыстыруға жататын босқын куәлігі;

      5) жоғалтудың мән-жайлары көрсетілген босқын куәлігін қалпына келтіру туралы жазбаша өтініш (босқын куәлігін жоғалтқан кезде).

      Босқын куәлігінің жоғалғаны туралы өтініш келіп түскен кезде өтінішті қабылдаған уәкілетті мемлекеттік орган жоғалған босқын куәлігінің жарамсыздығы туралы ақпаратты бір мезгілде уәкілетті мемлекеттік органның облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың аумақтық бөлімшелеріне жолдайды.

      Ескерту. 42-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 12.03.2020 № 109 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

      43. Қазақстан Республикасында босқын мәртбесінен айырылған немесе мәртебесін ұзартудан бас тартқан (босқын мәртебесін тоқтату) босқын уәкілетті мемлекеттік органның босқын мәртебесінен айыру туралы шешімінің көшірмесін алғаннан кейін босқын куәлігін тіркелген жері бойынша уәкілетті мемлекеттік органға тапсырады.

      43-1. Жоғалтып алуына байланысты жол жүру құжатын ауыстыру үшін босқын уәкілетті мемлекеттік органға жоғалту мән-жайларын көрсете отырып, жол жүру құжатын қалпына келтіру туралы қосымша жазбаша өтініш береді.

      Анықтамалық деректерінің, жынысының өзгеруіне байланысты жол жүру құжатына өзгерістер енгізу үшін босқын жүгінудің негізділігін растайтын құжатты қосымша ұсынады.

      Ескерту. 3-тарау 43-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 25.11.2020 № 789 қаулысымен ("Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының Кодексіне тиісті өзгерістер мен толықтырулар қолданысқа енгізілген күннен кейін қолданысқа енгізіледі).

      44. Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шарттарда және тәртіппен жеке басты куәландыратын құжаттарды алдын ала тергеу, анықтау органдарының лауазымды адамдары, сондай-ақ әкімшілік іс жүргізу және азаматтықты жоғалтуды және одан айыруды ресімдеу барысында лауазымды адамдар алып қояды.

      Өзге органдар мен лауазымды адамдардың жеке басты куәландыратын құжаттарды алып қоюына тыйым салынады.

      Ескерту. 44-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 12.03.2020 № 109 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

      45. Қазақстан Республикасы аумағында бас бостандығынан айыруға сотталған адамдардың жеке басын куәландыратын құжаттары алып қойылады және үкімдерді орындайтын мекемелерде сақталады. Жазаны өтеуден босатылған кезде жеке басты куәландыратын құжаттар иелеріне қайтарылады.

      46. Қағидалардың 29-тармағының 1), 2), 3), 4), 5), 6) тармақшаларына сәйкес жарамсыз құжаттарды уәкілетті мемлекеттік органның, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын жеке басты куәландыратын жарамсыз құжаттар бойынша кесіп өткен кезде Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметінің алып қоюына жатады. Жарамсыз және ауыстырған кезде тапсырылған жеке басты куәландыратын құжаттар жойылуға жатады.

      47. Жарамсыз жеке басты куәландыратын құжаттарды жоятын уәкілетті мемлекеттік орган басшысының бұйрығымен комиссия құрылады, оның саны мен құрамын уәкілетті мемлекеттік органның басшысы айқындайды.

      Комиссияның жұмыс тәртібін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі айқындайды.

      48. Жеке басты куәландыратын құжаттарды жоюды комиссия жойылатын құжаттың нөмірі мен түрін, оның иесі туралы мәліметтерді, құжаттың жарамсыз болу себептерін қамтитын, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі бекіткен нысан бойынша жою туралы акті жасай отырып, он күн сайын жүргізеді. Егер тапсыруға жататын құжатты иесі тапсырмаған жағдайда, актіде құжаттың нөмірі, түрі, оның иесі туралы мәліметтер, жарамсыз болу себебі, ескертпеде құжат тапсырылмағандығы көрсетіледі.

      Актіге комиссия мүшелері қол қояды және оны жеке басты куәландыратын құжаттарды жоятын уәкілетті мемлекеттік органның басшысы бекітеді.

      Ескерту. 48-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Үкіметінің 12.01.2018 № 8 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      49. Уәкілетті мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелері он күн сайын жарамсыздық туралы мәліметтерді деректер базасына енгізу үшін жарамсыз құжаттарды жою туралы актілерді Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне жолдайды.

      Ескерту. 49-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 12.01.2018 № 8 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 26 тамыздағы
№ 852 қаулысына
қосымша

Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған
кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. "Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 12 шілдедегі № 1063 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 29, 359-құжат).

      2. "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 3 наурыздағы № 260 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 11, 138-құжат) бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 3-тармағы.

      3. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 12 шілдедегі № 1063 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 5 маусымдағы № 626 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 24, 302-құжат).

      4. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 12 қаңтардағы № 31 қаулысының күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 14 ақпандағы № 140 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 7, 73-құжат) бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 5-тармағы.

      5. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 12 шілдедегі № 1063 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 8 желтоқсандағы № 1184 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 46, 497-құжат).

      6. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 сәуірдегі № 352 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 13, 157-құжат) бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 4-тармағы.

      7. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 12 шілдедегі № 1063 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 17 тамыздағы № 696 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 30, 331-құжат).

      8. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 28 қаңтардағы № 136 және 2000 жылғы 12 шілдедегі № 1063 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 3 наурыздағы № 166 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 22-23, 169-құжат).

      9. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің "Ақпараттық-өндірістік орталық" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 14 желтоқсандағы № 1317 қаулысының күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 маусымдағы № 736 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 44, 586-құжат) бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 4-тармағы.

      10. "Ішкі көшіп қонушыларды тіркеу қағидаларын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 желтоқсандағы № 1427 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 5, 93-құжат) бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 2-тармағы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады